Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет45/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   126
Байланысты:
ktj 20593

Декларация 
маңызды  рөл 
атқарды.  Көлемi  жағынан  шағын,  бiрақ  мазмұны  адами  және  мемлекеттік 
сипаттың  барша  мазмұнын  қамтыған  құжат  Қазақстанның  егемендiгiнiң 
орнығуында темiр қазыққа айналды. 
Бұл  оқиғаның  алдында  бұқаралық  демократиялық  қозғалыстар, 
экологиялық,  жұмысшылар,  әйелдер  және  жастар  қозғалыстары  қоғамдық 
өмiрде  қанат  жайып,  бұқаралық  сипат  ала  бастады.  Осы  процесте  Қазақ  КСР-
iнiң он екiншi сайланған (1990 жылдың сәуiрiнде) Жоғарғы Кеңесi сындарлы да 
белсендi  ұстанымды  қолдады.  1990-1991  жылдары  қабылданған  республика 
заңдарында  өз  күшiне  енiп,  бекiтiлген  құқықтық  және  заңнамалық 
процедуралар  негiзiнде  әрбiр  адамның  бостандығы  мен  ар-намысын  бiлдiруi 
үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге зор көңiл бөлiндi. 
Тәуелсіз  Қазақстан  тарихында  тұңғыш  Республика  Президентiнiң 
сайлауы  1991  жылы  1  желтоқсанда  болды.  Халықтың  демократиялық  жолмен 
өз  еркiн  бiлдiруiнiң  нәтижесiнде  Қазақстан  Республикасының  Президентi 
болып  Н.Ә.Назарбаев  сайланды.  Осы  жылдары  прокуратура,  мемлекеттiк 
қауiпсiздiк  комитеті,  iшкi  iстер,  әділеттік  министрліктері  партиялық 
бақылаудан  арылды.  Қазақстан  мемлекеттiк  Қорғаныс  комитетi  құрылды, 
мемлекеттiк  кәсiпорындары  мен  ұйымдар  одақтық  әміршілдіктен  босатылып, 
Қазақ КСР үкiметiнiң қарауына берiлдi, Республиканың сыртқы экономикалық 


қызметiнiң дербестiгi қамтамасыз етiлдi. Қазақстанның алтын және алмас қоры 
құрылды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет