Қазақстан Республикасында заң жүзінде бекітілген мешіттер, шіркеулер
және т.б. діни орындар мемлекеттен бөлінуі діннің мемлекетке ешбір етер
ықпалы жоқ дегенді білдірмесе керек. Қандай да болмасын мемлекет
азаматтардан тұрады, ал олардың өзіндік наным-сенімдері, соның ішінде діни
наным-сенімдері бар болатын болса, онда мемлекет те өзін толығымен діннің
ықпалынан тысқарымьш деп сезіне алмайды. Діни факторды ескермей маңызды
әлеуметтік процестерді қарастыру және олардың мәселелі тұстарын шешу
мүмкін емес екендігін бүгінде елдің бәрі мойындайды.
Дін елдің бәріне, көпшілікке түсінікті түрде адамзат тарихының мәні мен
ерекшелігі туралы сұрақ қояды, адамшылық идеясын алға тартады,
адамгершілікті тұлға, ар-ождан, ұят туралы көзқарастарды қалыптастырады. Ол
тек адамның сыртқы қылығы мен іс-әрекетін ғана реттеп бағыттап қоймайды,
сонымен қатар ішкі дүниесін құрады, адамның
Достарыңызбен бөлісу: