Мәтінмен жҧмыс істеудің сараланған тапсырмасының ҥлгісі.
1-деңгей:
Ӛтіліп жатқан тақырып бойынша әңгіме жоспарын құру.
2-деңгей:
Ӛтіліп жатқан тақырып бойынша тезис әзірлеу.
3-деңгей:
Жоспар және тезистерде қамтылған элементтерді қамтитын
конспект құру [23].
№16.
Жаңа материалды түсіндіру үшін үшінші және кейде екінші топтың
оқушыларын тарту.
Олар үйде ӛз бетінше қосымша әдебиетті немесе интернет-
ресурстарды пайдалана отырып, жаңа тақырып бойынша мәлімдеме
дайындайды (бірақ, алдын-ала баяндама жоспарын немесе критерийлерін беру
керек) [23].
№17.
Ӛткен материалды бекіту және қорыту сабақтарында жұмысты
деңгейлес топтарда ұйымдастыруға болады.
Үшінші
топтың балалары шығармашылық тапсырма алып, оларды ӛз
бетінше орындайды.
Екінші
топтың оқушылары да кәртішке, оқулықтың
сұрақтары бойынша тапсырмаларды ӛз бетінше орындайды.
Бірінші
топтың оқушылары мұғалімнің жетекшілігімен жұмыс істейді. Жұмысты
осылайша ұйымдастыру арқылы «күшті» балаларға ӛз қабілеттерін барынша
кӛрсетіп, тиісті бағасын алуға мүмкіндік туады. Ал «әлсіз» оқушылар ӛздерін
сенімдірек сезініп, олар да жақсы баға алады.
Достарыңызбен бөлісу: |