Ањыз айтады: қырыққыз бiрдей
Қорқытқа жетемiз деп сапарға шыққанымен, жолда ажал
тауып, iштерiнде жалғыз бiр ақсақ қыз ғана жеткен екен
дейдi. Ендi бiр аңыз айтады
-
Қорқыт күйiне өлердей ынтық
болған ақсақ қыз абыз
-
атамыздың жары екен дейдi.
Ал, Иран
-
Ғайып қыздың ақсау себебi
-
жол азабы, есiмi Сарын
-
ару дейдi.
Ақын аңыз әлемiн кезе жүрiп, жаңа бояу, тың желi мен соны
оқиға тудырады.
Екiншi бөлiмдегi оқиға оғыз-қыпшақ елiнiң билеушi-бек
қаhаны қайтыс болып, оны жұрттың азалауы сәтiнен басталады.
Дауыстар бектiң тiрлiктегi бектiгiн, жақсылығын айтып,
жоқтайды. Осы сәтте «күн-тұтылып, жер қозғалғандай» болады.
Алыстан әуелi сарын жетiп, сонан соң Қорқыт келедi. Өлген
бектiң жанын қайта кiргiзбекшi болып, қоңыраулы асасын қолға
алып, бақсылығына басып, жындарын шақырады. Алайда әл-
дәрменi жетпейдi:
Қуат-қайратым –
Тұла бойымды тастап,
Қашқан сыңайлы.
Ақыл-санамның да Айбатын –
Құдiреттi бiр күш жасқап,
Басқан сыңайлы...
76
Билеушi бектерiңнiң
Жанын алған кiм едi?!
Дауыстар:
– Тәңiрiнiң түнегi...
– Сұмырай Ажал
–Қызыл қанат әзiрейiл...
Поэманың алдыңғы бөлiмiнде Сарын-Арумен кездесiп тұрған
сәтiнде күңiренген Ажал-дауыс:
...Бұ дүниеде-үлесiң:
Сен-жер бетiнде
Қырық жыл ғана өмiр сүресiң,
Қорқыт, –
деген болатын. Сол Ажал-дауыс ендi көр түбiнен бұрынғыны
қайталай айтып:
Пәлi?!
Бүгiн – тура қырықтасың
Яки, мендiк ырықтасың
Қорқыт, –
деп мазақтай күледi. Жер астынан шыққан Әзiрейiл-Ажал
аузынан айтылатын поэтикалық толғау-дастанның мазмұнын
тереңдетiп, оқиғаны ширықтыра түсетiн жолдар. Көркемдiк
нақышы мен ырғақ мақамы арқылы да Ажалдың адам атаулыны
үрейлендiретiн сұсты қалпы аңғарылып тұрғандай.
Ажалмен тайталасқан сәттегi Қорқыт тұлғасы тiптен
күрделене түседi. Өз құдiретiн дәлелдемек болған Ажал-Әзiрейiл
Билеушi-Бекке қайтадан жан кiргiзедi. Қайтадан тағына мiнген
бек қобыз кiмдiкi екенiн, көр кiмдiкi екенiн сұрайды. Дауыстар
қобыздың да, көрдiң де Қорқыттiкi екенiн айтады.
Бар пәле – кiмде,
Қорқыт?!
Айтшы,
Қобызда ма,
Сенде ме?! –
деп сұраған билеушi бекке Қорқыт:
–Тек!
Пәле өзiң тақылеттес
Ақыл-есi кемде,
77
Билеушi-Бек –
дейдi. Ызаланған бек қалың топқа:
Қорқытты
Тiрi күйiнде
қобызымен қоса көмiңдер-
қайтып шықпастай қып Көрiне! –
деп бұйырады. «Қайда барсаң – Қорқыттың көрi» деген ел
аузындағы мәтел өзiне қазылған көрден қашып, шартарапты кезiп
кеткен Қорқыт атамызға байланысты туса, ақын бұл желiнi мүлде
басқа арнаға бұрып, тың оқиға тудырған. Яғни Қорқыт өзiне
емес, Билеушi-Бекке арнап қазылған көрге түсуi керек. Ендiгi
оқиға ежелгi жазба мұра – «Қорқыт ата кiтабындағы» «Доқа
қожаұлы ер Домрул» атты жырмен үндеседi. Ақын ондағы
оқиғаны желi етiп алғанымен, өзгеше өрнекпен құрған. Әзiрейiл-
Ажалдан жан берiп, жан алушы- Тәңiрдiң өзi екенiн естiген соң,
Қорқыт оның құдiретiне құлшылық етедi. Пендесiнiң өзiн шәк
келтiрмей танығанына риза болған Тәңiр-дауыс: «Өз жанының
орнына басқа бiреудiң жанын тауып берсiн»,- дейдi. Қорқыт ет
жақындары - әкесi Қарақожаны, анасы Қамқаны, досы Рәпiлдi,
көңiлдесi- Никенi атайды. Бұлардың бәрi ажал алдында
дәрменсiз. Тiптi әкесi Қарақожа:
Қайдан бiлем мен байғұс,
Кiм екенiн әкесi-
Көр иесi Қорқыттың?!
Шешесiнен сұрап көр –
Сол бiледi анығын... –
дегенге дейiн барады. Анасы болса:
Менiң берер
Артық-ауыс жаным жоқ –
деп, бiр-ақ қайырады. Әкесi Қарақожа:
Қаратауымды алсын-
Жайлауы болады.
Ақ отауымды алсын-
Ойнағы болады.
Үйiр-үйiр жылқымды алсын –
Мiнерi болады.
Ақтылы қойларымды алсын –
78
Шiдерi болады.
Алтын, күмiсiмдi алсын
Жинаған
Жанымды өзiме қи,
Балам,-
деп Қорқыттың аяғын құшып жалбарынады. Досы Рәпiл:
Егер сен-
Ғайыптан күсiп,
Ақ мұнарлы қамалға түсiп-
Гәуiрлерге тұтқын болсаң
Ғұмыр бойына терiп,
Тiрнектеп жиған барымды берiп,
Ыстығыңа күйiп,
Суығыңа-тоңар ем...
Құтқарар Мықтың болар ем!
...Жан баруге –Осалмын –
деп ағынан жарылып, шынын айтады. Көңiлдесi – Нике де жанын
беруден бас тартады. Осындай қиын сәтте Қорқытты құтқарған –
жары Сарын-Ару. Ол Әзiрейiлге Қорқыт үшiн өз Жанын алуды
өтiнiш етедi. Ендi Сарын-Арудың алдында Ажал дәрменсiз халге
түседi. Аяғы ауыр арудың жанын алуға батылы бармайды. Әрi
оған шексiз риза болады. Келесi сәтте Қорқыт өз жанын алуға
ризашылық бiлдiредi. Соңғы сәтте қобызбен күй тартып, өмiрмен
бақұлдасуға мұрсат сұрайды. Күй тартылғанда көр iшiндегi
әзiрейiл-Ажал iзiм-қайым жоқ болып кетедi. Қобыз шалса қалың
топ сiлтiдей тынып, күй тоқтаса «Қорқыттың көрi», – деп
шуласып қоя бередi. Қорқыт болса Сарын-Аруды ертiп, топтан
сытылып шығып кетедi.
Төртiншi көрiнiсте Қорқыт-Абыз Желмаясының терiсiнен
жасалған киелi кiлемiн төсеп, Сырдарияның үстiнде күй тартып
отырады. Ақын бұл жерде Қорқыттың сәбиiне арналған «Әуп-
пай» күйiн шалуын тiлге тиек етедi. Бiр сәт қалғып кетiп, ажал
жылан болып келiп, шағып алады. Қорқыттың соңғы аманаты–
өзiн Қазалыға жерлеу және қобызды ұлына тапсыру.
Ақынның оқиғаның ерекше ширыққан тұстарын «күн –
тұтылып, жер қозғалғандай болады» деген жолдармен ажарлауы
дастанның көркемдiк шырайын аша түседi.
79
Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрi» аңыз дастаны – аңызды
өзiнiң көркемдiк-идеялық мақсаттарына сай өңдендiре, өзгерте
драмалық тартысқа құрған, Қорқыт-Абыздың күрделi де тылсым
болмысын танытқан тамаша поэтикалық туынды. Осы
шығармасы үшін 2002 жылы Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік сыйлығын алды.
Достарыңызбен бөлісу: |