Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары.
Мақсаты:
Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиеттегі жаңа
бағыт, үрдістерін қарау. Көркем аудармаға мән беру. Қазақ
әдебиетінің әлем әдебиетіндегі орнын айқындау.
Негізгі ұғымдар:
дипломатиялық қатынас, халықаралық
ұйым, абайтану, мақала, жаңа бағыт, көркем аударма.
Жоспары:
1.
Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиеттегі жаңа бағыт,
үрдістер.
2.
Әдеби байланыстардағы жаңаша сипат.
3.
Көркем аударманың дамуы.
80
4.
Қазақ әдебиетінің әлем әдебиетіндегі орны.
XX ғасырдың соңғы жылдарындағы әлеуметтік-саяси
өзгерістер нәтижесінде әдебиеттің дамуында жаңа бағыт,
үрдістер орныға бастады. Басқа ел әдебиеттерімен арадағы
байланыс өркендеді.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасы әлемнің көптеген
елдерімен тікелей дипломатиялық қатынасқа түсе бастады. Қазақ
әдебиеті шығыс және батыс елдері әдебиетімен рухани
байланысты кеңейтті. 1993 жылы Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан,
Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан және басқа түрік тілдес
елдердің әдебиет және мәдениет аралық қатынастарының
дамуына ықпал жасайтын Халықаралық ұйым құрылды. Бұл
ұйым қазақ әдебиеті классикасын түрік тіліне аударуға және
абайтану бойынша зерттеулер жүргізуге атсалысты. Түркияда
Абайдың өмірі мен шығармашылығы кеңінен таныстырыла
бастады.
М.Әуезовтің 100 жылдығы және Қожа Ахмет Иассауидің
1500 жылдығы мерейтойларына түрік әдебиетшілері белсене
араласты. 1999 жылы Анкарада М.Жармұхамедұлының “Қожа
Ахмет Яссауи және Түркістан” деген монографиясы А.Чинар мен
И.Каламчидің аударуымен басылып шықты. Түркияда құрылған
Яссауи атындағы қор қазақ ақын-жазушыларының бес томдық
жинағының түрік тілінде басылып шығуына жәрдемдесті. Түркия
баспсөзінде М.Әуезов шығармашылығы туралы Али Аббас
Чинар, Ипекоулу Фахрие, Садық Турал және тағы басқа түрік
авторлары жазған әдеби-сын және ғылыми-зерттеушілік
мақалалар жиі жарияланады. Сонымен қатар Мағжан
Жұмабаевтың 100 жылдық мерейтойы Түркияда кең аталып өтті,
таңдамалы шығармалары түрік тілінде жарық көрді.
Қазақстанда да түрік әдебиетін оқып-білуге деген ықылас
артты. Түрік авторларының еңбектері қазақ тіліне аударыла
бастады. Мәселен, 1996 жылы түріктің атақты ақыны Юнус
Эмреннің шығармасын Әубәкір Нілібаев қазақшаға аударды.
2004 жылдың қараша айында ҚР Ұлттық кітапханасында түрік
тарихшысы Әбдуақап Қараның Түркияда басылып шыққан
81
“Мұстафа Шоқай. Өмірі. Шығармашылығы” кітабының
тұсаукесер рәсімі өтті.
Қазақ-монғол әдеби байланыстары да дамыды. 1990 жылы
І.Есенберлиннің “Көшпенділер” роман-трилогиясы Ұлан-Баторда
монғол тілінде жарық көрді. Соңғы жылдары Шыңғысхан
тұлғасына қызығушылық күрт артты. Қазақ әдебиетінде ұлы
императордың өмір тарихына арналған және монғол дерктеріне
негізделген көптеген романдар жарық көрді.
Қытайдан келген ақын-оралман жазушылар арасында қазақ
тілінде жазатын Алтай Халифті (1917-2003), Қауиу
Арысбайұлын (1928-2003) атауға болады. Қытай әдебиетшілері
Абайдың 150 жылдығына арналған әдеби шараларға белсене
қатысты. Қытай ақыны Қабай (Ха Хуань чжан) өткен ғасырдың
50 жылдарынан бастап, Абай Құнанбаевтың шығармаларын
қытай тіліне аударып келеді. 1993 жылы Пекиндегі “Ұлттық
баспадан” Қабайдың тәржімасында “Абай шығармаларының
толық жинағы” қытай тілінде жарық көрді. Сондай-ақ, жазушы,
аудармашы Су Чжоу Сюнь Абай шығармашылығына арналған
20-дан астам мақала жазды. “Шыңғыс тауының үш шоқысы
Абай, Шәкәрім, Мұхтар монографиясын жарыққа шығарды.
Ақбал ақынмен бірігіп қытай тіліне “Абайдың қара сөздерін”
тәржімалады. 2001 жылы Астанада Қытайдан шыққан қазақ
жазушысы Жақсылық Сәмитұлының “Сергелдең” атты екі
томдық кітабы жарық көрді.
Қазақ-үнді байланысы да өзінің тұрақты дамуымен
ерекшеленеді. Қазақстанда Үнді Елшілігінің ашылуы Үнді
мәдениет орталығының да бой көтеруіне ықпал етті. Орталық
директоры П.Стодбанның 2003 жылы Нью-Делиде “Үнді -
Қазақстан. Өркениетті зерттеулер” кітабы басылды. 2000 жылы
Үндістанның жоғары марапаттарының бірі Жавахарлал Неру
сыйлығының алғашқы лауреаты, қазақ жазушысы Әнуар
Әлімжановтың туғанына 70 жыл толуына байланысты Алматыда
“Әнуар Әлімжанов және Үндістан” атты конференция өтті.
Қазіргі қазақ-үнді байланыстарын нығайтуға үлкен үлес
қосқандардың бірі ақын Аманжол Шәмкенов 1991 жылы
Жавахарлал Неру сыйлығын алды. 2001 жылы Қазақстандағы
Үндістан елшілігінің қолдауымен Аманжол Шәмкеновтың қазақ
82
тіліне аударылған шет ел авторлары Рабиндранат Тагор,
Хариванш Рай Баччан және тағы басқа үнді ақындарының
өлеңдері кірген “Жыр әлемі” жинағы басылып шықты. Қазіргі
заманғы қазақ-үнді әдебиеті байланысында жазушы, аудармашы
Әубәкір Нілібаевтің еңбегі үлкен. 1993 жылы оның Тагор, Тулси
Даса, Субаш Мукерже, Хариванш Рай Баччан, Капила, Али
Сардар Жафридің шығармаларын аударған кітабы жарық көрді.
2004 жылы Үнді Елшілігінің қолдауымен “Махабхарата” эпосы,
одан соң Ә.Нілібаевтің аударуымен “Рамаян” эпосы басылды.
Қазақстан-Пәкістан әдеби байланыстары соңғы жылдары
ерекше күш алды. Абай жырларын ұрду тіліне белгілі аудармашы
Халид Икбал Яссир тәржімалады. Исламабад газеттері мен
журналдары Абайдың өміріне, шығармашылығына арналған
мақалалар жариялады. Пәкістан әдеби Академиясы Абайға
арналған конференция өткізді. Пәкістан әдебиетшілерінің
пікірінше Сир Сайед Ахмед Хан пәкістандықтар үшін қандай
маңызды болса, Абай қазақ халқының тарихында сондай мәнге
ие. Абай шығармашылығы Жамал Алидин және Мұхаммед Икбал
шығармаларымен үндес. Ұрду тіліне Жамбылдың өлеңдері,
М.Әуезовтің шығармалары аударылған.
Қазақ-иран әдебиеті байланысының өзіне тән дәстүрі бар.
Алматыда Иран елшілігі ашылғаннан кейін 1992 жылдың күзіне
ҚР Ұлттық кітапханасында Ислам Республикасы, Иран кітап
көрмесі ашылды. Көрмеге Иран авторларының 1000 кітабы, 1500
жүз сурет, фотосуреттер, көріністер және Иран ұлттық қолөнері
шығармалары қойылды. 1995 жылы Тегеранда “Абайдың ойы
және шығармасы” атты кітап жарық көрді. Еңбектің авторлары -
Иранның көрнекті әдебиетшілері мен ғалымдары.
Қазақ әдебиетінің батыс елдері әдебиетімен байланысының да
өзіндік даму жолы бар. Қазақ-неміс әдеби байланысындағы үлкен
бір табысымыз Ә.Нұрпейісовтің “Соңғы парыз” романының
аударылуы. Неміс тіліндегі аударма 1989 жылы орыс тіліне
аударылғаннан
кейін
бір
жылдан
соң
жүзеге
асты.
Ә.Нұрпейісовтің романы Германияда “Әл үстіндегі теңіз” деген
атпен аударылды.
Қазақ-неміс әдебиеті байланысына дәнекер болушылардың
қатарына
Қазақстандағы
неміс
жазушыларының
83
шығармашылығын атауға болады. Олар Қазақстанда неміс
әдебиетінің насихатталып, өз отандастары арасындағы әдеби-
шығармашылық, әдеби-сын байланыстарының өрістеуіне игі
ықпал жасады.
Қазақ-француз әдебиеті байланысының нығая түсуіне әсіресе,
Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде салтанатты түрде өткен
Абай, Әуезов, Мүсірепов, Махамбет мерейтойларының ерекше
әсері болды. Францияның Елшілігі жыл сайын Қазақстанға
Францияның белгілі жазушылары мен ақындарын шақырып, оқу
Мерекесін өткізеді. Осы шараның аясында 2000 жылы
Қазақстанға атақты француз қаламгерлері Поль Констан мен
Бернар Шамбаз келіп қайтты. Оқу Мерекесінде “Шектеусіз сөз”
атты кітап композициясы, “Миллениум” жобасының аяқталуы
талқыланды. Абай шығармаларының қазақша, немісше оқылуы
салыстырылды.
Ұйғыр
және
қазақ
халық
музыкасы
өнерпаздарының орындауында “Елім-ай” әні шырқалды. 2001
жылы Францияда Орта Азияның төрт тәуелсіз мемлекеті -
Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан әдебиеттеріне
арналған “Миссив” журналының арнайы нөмірі шықты Журнал
француз Телекомы және Француз Поштасы Әдебиет қоғамының
баспа органы болып табылады. 2001 жылдың нөмірі “Қазіргі
Орта Азияның мәдениет бейнесіне” арналды. Ортаазиялық
әдебиеттер туралы мақаладан кейін Қазақстан авторлары
шығармаларынан үзінділер келтірілген. Кіші антология Абай
шығармашылығымен ашылады. Бұл 1995 жылы Лондонда
жазушы Р.Сейсембаев басып шығарған Антуан Гарсидің мәнерлі
аударуындағы “Сөз кітабынан” үзінді. Осы рубрикада Иветт
Ламбердің аудармасында М.Әуезовтің “Қаралы сұлу” шығармасы
көрсетілген. Ғ.Мүсіреповтің “Ана” әңгімесін Поле Лекесн
тәржімалаған. Ғ.Мүсіреповтің есімі француз оқырмандарына
жақсы таныс. 1950 жылы француз тіліне аударылған “Қазақ
солдаты” романы Франция бұқаралық ақпарат құралдарында
жақсы
бағаланды.
Сонымен
қатар
журналда
француз
аудармашысы Лили Дени аударған “Қан мен тер”
(Ә.Нұрпейісов)
романынан
үзінді,
О.Сүлейменов
шығармашылығы
мен
ақын
Б.Қанапиянов
өлеңдерінің
аудармалары берілген.
84
Қазақ-венгер Республикасының бірінші Елшісі атақты
түркітанушы Йожеф Торма болды. 1990 жылдары Қазақстанда
елші қызметін атқара жүріп, ол Қырғызстанда және Тәжікстанда
түркітану бағытында үлкен ғылыми жұмыстармен шұғылданды.
Йожеф Торма Абай мен Әуезовке арналған көптеген
конференцияларды сөз сөйледі. Оның қаламынан “Абай
өлеңдеріндегі бүркітке аңшылықтың дәстүрлері” жайында
қызықты зерттеу туған. 1995 жылы Абайдың 150 жылдығына
арналған Халықаралық конференцияда венгер этномузыка
танушысы Янош Шипош қазақ музыкалық фольклоры туралы
зерттеулерімен таныстырды. Будапештте ағылшын тілінде “Қазақ
фольклорлық өлеңдері. Даланың екі шетінен” атты кітабы жарық
көрді (Будапешт, Киадо Академиясы, 2001). Кітапта саяхатта
жиналған зерттеулер, мәтіндер және көптеген әндердің нотасы
енгізілген. Түркітанушы және жазушы Михай Бенке монғол
қазақтары аймағына саяхатқа 10 жылдан астам уақытын
жұмсаған. Бенке көптеген іссапарлар күнделігінің авторы. Оның
жол сапар очерктерінің ерекшелігі онда әңгіменің мазмұны жеке
фотосуреттермен толықтырылып отырады. 1998 жылы осындай
фотоальбомның бірі “Орта Азия даласының көшпенділері. Біздің
ата-тегімізге сапар” деген (Будапешт, Киадо Академиясы,1998)
атпен жарыққа шықты. Зерттеушінің кітабында қазақтың ауыз
әдебиеті үлгілері кездесіп отырады. Әр тарау қазақ
фольклорынан алынған үзіндімен ашылады. Мысалы, бірінші
тарау бақсының жаңбыр шақырған дұғасынан басталса, екінші
тарау бақсының тауда мекендейтін құдайларға арналған
өлеңдерінен тұрады. Бенке бақсы өлеңдеріне қызығушылығын
былайша түсіндіреді: “Мыңдаған жылдан астам уақыт Алтай
қазақтары өздерінің ежелгі діни сенімдерін сақтап келді. Біз,
венгерлер, Еуропа ортасында қалып қойып, бұл жағынан кемісті
болдық. Сондықтан Монғол қазақтарының діни сенімдерін оқу
ертедегі грек дінімен сіңген көптеген құпияларға жарық түсіруі
мүмкін. Мен өзімді монғол қазақтарының арасында жүргендей
сезіндім. Уақыт тоқтап, ертедегі грек тегімізбен кездескендей,
олардың
діни
көзқарастары,
барлық
өмір
салтымен
жақындағандаймын”.
85
Михай
Бенке
Міржақып
Дулатовтың
өмірі
мен
шығармашылығына үлкен назар аударып, оны Шандор Петефи
шығармашылығымен салыстырады. М.Дулатовтың “Оян, қазақ”
атты өлеңдер жинағы Шандор Петефидің “Көтеріл, мадиар!”
шығармасына ұқсастығын айтады. Шандор Петефидің ұлттық
сарындағы өткір өлеңдерін ақын Қадыр Мырза Әли аударған.
“Жалын” баспасынан Петефи шығармаларының толық жинағы
“Махаббат пен бостандық” деген атпен алғаш рет қазақ тілінде
жарық көрді. Кітапқа Петефидің әр кезеңдегі өлеңдері енді.
Олардың ішінде “Оян, Отан!”, “Мен венгермін”, “Мадиярлар
жеңу керек”, “Дала” және басқа азаттықты көксеген өлеңдері бар.
Өзінің идеясы жағынан венгер ақынының өлеңдері Махамбет,
Ж.Дулатов сияқты ақындардың азатшыл, еркіндікті аңсау
сарынындағы жырларымен үндес.
Қазақ-американ әдеби байланысы да осы тәуелсіздік
кезеңінде біршама жолға қойылды. Американ әдебиеті мен
фольклоры
зерттеушілері
арасынан
Олжас
Сүлейменов
шығармашылығын зерттеуші Харш Раманы, жас зерттеушілер
Еву Мари Дюбуиссонды қазақ айтысының қазіргі жағдайы мен
дәстүрін зерттеуші Патрик Францисті атауға болады. Жас буын
американ
ғалымдары
өз
зерттеулерінде
қазақ
тілінің
негіздемелеріне сүйенеді.
Тәуелсіз еліміз өзінің рухани құндылықтарын басқа ел
әдебиетімен байланысы арқылы тереңдетіп отыратынын
байқадық. Әлем елдері қазіргі Қазақстанды экономикалық
дамудың жаңа сатысындағы ел деп қана емес, әдебиеті мен
мәдениеті шартарапқа таралған мемлекет ретінде де құрметпен
қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: |