Олар тағы да бас изесті.
Енді Арқат, өзін жұмыртқа сатушы ретінде таныстырған ұялшақтау
кісіге назар аударды:
- Егер де себетке ертеңгісін он жұмыртқа салып, кешкісін тоғызын ғана
алып отырсаң, не болар еді?
- Уақыт өте келе жұмыртқа сыймай кетер еді.
- Неге?
- Өйткені, күн сайын мен алғаннан гөрі салған жұмыртқа бір санға
артық қой.
Арқат жиналғандарға күлімсірей қарады:
- Қане, кімнің əмияны бос?
Отырғандар бір біріне мазасыздана қарады да ду күлді, бəрі де
əмияндарын алып, оның бос екенін бұлғай көрсетті.
- Жарайды, - сөзін жалғады Арқат. – Ал енді сендерге мен бос əмиянды
емдейтін нəрсе туралы айтып берейін. Жұмыртқа сатушыға айтқанымды
ауытқымай істеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: