45-бап. Шаруашылық жүргiзу нысаны ретiндегi шаруа немесе
фермер қожалығы
1. Шаруа немесе фермер қожалығы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының
тең құқықтық өндiрiстiк бiрлiгi болып табылады.
2. Шаруа немесе фермер қожалығы өз қызметiнiң бағытын, өндiрiсiнiң құрылымы мен
көлемiн дербес айқындайды, өнiмдi өсiредi, қайта өңдейді және өткізеді, сондай-ақ
шаруашылық жүргiзуге байланысты басқа да мәселелердi шешедi.
3. Шаруа немесе фермер қожалығы өз қызметін жүзеге асырған кезде:
1) банк шоттарын ашуға және өз ақшаларына иелік етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттарда
мүлкiн, жер учаскесiн және жер пайдалану құқығын кепiлге салып, кредиттер алуға;
3) Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы
заңнамасына сәйкес жалға алынған және меншiкті өндiрiс құралдарын, сондай-ақ ауыл
шаруашылығы дақылдарының егiсiн (екпелерiн), көпжылдық екпелердi, өндірілген өнiмді,
шикiзатты, материалдарды жойылу немесе бүліну жағдайынан сақтандыруды жүзеге асыруға;
4) ерiктi негiзде кооперативтерге, қоғамдарға және басқа да бiрлестiктерге
бiрiгуге, кооперативтiк, шаруашылық серiктестiктерiнiң және басқа да ұйымдардың
қызметiне қатысуға, сондай-ақ өз қалауы бойынша кез келген ұйымнан шығуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |