учаскесiндегi екпелер, оның ішінде жеке
орман қорының екпелері, ерiксiз және (немесе)
жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлген және
ұсталатын жабайы жануарлар,
шаруашылыққа
арналған және өзге де құрылыстар, мелиоративтік
және басқа да құрылыстар, өнiм беретiн
және
жұмысқа жегiлетiн мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған және өзге де техника мен
жабдық, көлiк құралдары, құрал-сайман және шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері
берген және (немесе) қожалық үшiн оның мүшелерiнiң ортақ қаражатына
сатып алынған басқа
да мүлiк болуы мүмкін.
3. Шаруа немесе фермер қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған жемiстер, өнiм және
кірістер шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң ортақ бiрлескен немесе ортақ үлестiк
мүлкi болып табылады және олардың арасындағы келiсiм бойынша пайдаланылады.
4. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң мүлiктiк қатынастары Қазақстан
Республикасының азаматтық және жер заңнамасының тиiстi нормаларымен реттеледi.
5. Шаруа немесе фермер қожалығының мүлкi және жер учаскесiне құқығы Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен мұраға қалдырылады.
Достарыңызбен бөлісу: