2) барлық кәсіпкерлік субъектілерінің тең құқықтылығы;
3) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарына қайшы келмейтін
шешімдерді қабылдау;
4) қызметінің ашықтығы, өз мүшелері алдында есеп беру, жауапкершілік;
5) шешімдер қабылдаудағы және оларды іске асырудағы тиімділік, жүйелілік және
жеделдік;
6) салааралық, салалық және өңірлік қауымдастықтарды (одақтарды) дамыту;
7) кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі;
8) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілер өндіретін
тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам өмірі мен денсаулығы және
қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал жасау;
9) қоғам мен кәсіпкерлік мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету қағидаттарына
негізделеді.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақ өзін-өзі реттеу туралы заңнамалық акт қолданысқа енгізілгеннен кейін
қолданысқа енгізіледі - ҚР 29.10.2015
N 375-V
Кодексімен.
2. Ұлттық палата, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының
заңнамасында өзге коммерциялық емес ұйымдарға міндетті түрде мүше болу белгіленген
кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, оған
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген (есептік тіркеуден өткен)
кәсіпкерлік субъектілерінің мүше болуының міндеттілігі қағидаты бойынша құрылады.
Міндетті мүше болуға негізделген кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттеу
ұйымдарының мүшелері (қатысушылары) болып табылатын кәсіпкерлік субъектілеріне
кәсіпкерлік субъектілерінің Ұлттық палатаға міндетті түрде мүше болу қағидаты
қолданылады.