жетілдіру
жөнінде ұсыныстар енгізуге;
4) «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан
Республикасының Заңында және Ұлттық палатаның жарғысында көзделген тәртіппен Ұлттық
палатаны басқаруға қатысуға;
5) Ұлттық палата ұйымдастыратын оқытудан, қайта даярлаудан және біліктілікті
арттырудан өтуге;
6) білікті ақпараттық-талдамалық қолдау, оның ішінде әртүрлі бейіндегі тәуелсіз
сарапшылар
көрсететін қызметтерді алуға;
7) Ұлттық палата жарғысында көзделген тәртіппен оның қызметі туралы есептерді
тыңдауға;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға
құқылы.
3. Ұлттық палатаның мүшелері міндетті мүшелік жарналар төлеуге міндетті.
4. Ұлттық палата мүшелерінің құқықтары тең.
5. Ұлттық палата кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласуға, олардың
құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға құқылы емес.
6. Дауларды реттеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен
жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: