сангвиник;
күштi, қозу мен тежелуi теңдей, салғырт -
флегматик;
күштi, қозуы басым -
холерик;
әлсiз тип -
меланхолик.
Сонымен, И.П.Павлов түсiнiгiнде, жүйке жүйесiнiң типi тума берiледi, тәрбие мен қоршаған
орта ықпалынан өзгерiске келе бермейдi. Осыдан жүйке жүйесiнiң қасиеттерi - жүйке жүйе-сiнiң
жалпы психикалық көрiнiсi болған темпераменттiң физиологиялық негiзiн қалайды, яғни
адам
темпераментi - жоғары жүйке жүйесiнiң сырттай әрекет қарқынында танылатын
психикалық бейнесi
.
И.П.Павлов негiздеген типология темперамент пси-хологиясы саласындағы көптеген
лабораториялық зерттеулерге бастама бердi. 50-жылдары жүргiзiлген осындай iзденiстер
нәтижесiнде И.П.Павловтың шәкiрттерi В.М.Теплов, кейiн В.Д.Небылицын темперамент
типологиясын жаңа элементтермен толықтырды. Ересек адамның жүйке жүйесiн экспери-
менталды талдауға ала отырып, жүйке процесiне байланысты екi қасиеттi: лабильдiк және
динамикалық - ашты. Жүйке жүйесiнiң
лабильдiгi
- жүйке процесiнiң туындау және сөну
шапшаңдығында көрiнедi де, ал
динамикалылығы
- қоздырғыш, ұнамды және керi әсерлi,
тежегiш шартты рефлекстердiң оңай және жылдам түзiлуiнен байқалады.
Көп зерттеулердiң нәтижесiнде осы заман психологиясының теориялық тоқтамы: әрқандай
адам белгiлi типтi жүйке жүйесiне ие. Нақты жүйкелiк типке сай темперамент қасиетi дара
психологиялық өзгешелiктердiң мазмұнын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |