2. Жеке адам мотивтерi
Адамды әрекетке келтiрушi күш-
қажетсiну
. Бол-мысты бейнелеудiң жоғары формаларына
ие адамды әре-кетке келтiрушi нысандар - саналы түзiлген бейне не елес, ой не түсiнiк, идея
немесе iзгi мұрат күйiнде орнек-телуi мүмкiн.
Психологияда мотив түсiнiгiне келесiдей анықтама берiледi: мотив - бұл адам санасында
қаланып, оны бел-гiлi бiр қажеттiктi қанатағаттандыру үшiн әрекетке итер-мелеушi себеп күш. Ал
кең мәнiнде мотив - шындыққа сай заңдылық ретiнде ықпал жасап, объектив қажеттiлiк түрiнде
көрiнетiн болмыс. Ал мотивтiк әрекет (мотивация) қылық пен iс-әрекеттi психикалық реттеудiң
ерекше түрi (Р.Г.Агеева). Қорыта айтқанда, адамның әрқандай қылық - әрекетi оның мотивтiк
себеп күштерiне байланысты.
Сонымен, адамның қалаған iс-әрекетiнiң негiзiнде оны осы iс-әрекетке ынталандырушы
мотив жатыр. Бiрақ адамда туындаушы және оны iс-әрекетке ойыстырушы қандай да бiр мотив
көзделген нақты әрекетпен шек-телмейдi, оның нәтижесiне жетумен адам келесi әрекетке
ұмтылады, iс-әрекет барысында мотив өзгеруi мүмкiн және керiсiнше, бiр тұрақты мотив аясында
бiрнеше әрекет бi-рiн-бiрi ауыстырып баруы да орынды. Мотив дамуы мен басталған iс-әрекет
арасында қайшылық та туындайды. Кейде мотив iс-әрекет жобасынан бұрын қалыптасады, ал
кейде кешеуiлдейдi, осыған байланысты әрекет нәтижесi де әртүрлi болады.
Жоғарыда аталғандардың қорытындысы: мотив құрамы iс-әрекеттiң бiр бөлiгi емес, жеке
адамның
Достарыңызбен бөлісу: |