Лекция тезистері 2 кредит



Pdf көрінісі
бет66/83
Дата29.12.2021
өлшемі1,07 Mb.
#106206
түріЛекция
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   83
Байланысты:
Психология

 Өзiндiк сана 

Адамның  өзiне,  өз  "менiне"  қызығуы  ежелден-ақ  зертеушiлердiң  ерекше  назарын  тартқан. 

Кiм бiледi, пси-хологияның ғылымдық сатыға көтерiлуiнiң өзi де осы қы-зығудан болар. Адам жан 

дүниесi,  оның  өзiндiк  санасы  әр-дайым  тек  ғалым-философтардың  ой  талғауында  ғана  бо-лып 

қоймастан, оны жазушылар мен суреткерлер де өз шығармашылығына арқау еткен. Адам әрекет-

қылығы  бар-ша  уақытта  оның  өзi  жөнiндегi  ұғымы  мен  бейнесi  және  болашақтан  күткен 

образымен байланысып келген. 

Адамның  өзiндiк  санасы  -  шексiз,  күрделi  пробле-малардан.  Әрқандай  тұлға  сан  қырлы  өз 

"Менiнiң" көпте-ген бейнесiне ие: дәл осы мезетте адам өзiн қандай деп бiледi, болашақтағы өзiнiң 

идеялық "Менi" жөнiнде не ой-лайды, осы "Мендi" басқалар қалайынша таниды. Таным субъектi 

болудан, адам өз санасы аясында зерттелушi объект. 

Өзiндiк  сана  дегенiмiз  не?  Бұл  мәселенi  зерттеушi  ғалымдардың  бiрi  И.С.Кон  былайша 

түсiндiредi:  "Әрбiр  дара  адамның  өзiн  өзi  iс-әрекет  субъектi  ретiнде  тануға  жәрдем  ететiн 

психикалық  процестердiң  жиынтығы  -  өзiн-дiк  сана  деп  аталады,  ал  оның  өзi  жөнiндегi  өз 

ұғымдары белгiлi бiр "Мен" бейнесiн құрайды". 

"Меннiң"  психологиялық  мәнiн  А.Г.Спиркин  келесi-дей  сипаттайды:  "мен"  түсiнiгi  өз 

санасының  нұрымен  сәулелендiрiп,  өзiн-өзi  қабылдаған,  таныған  және  сезген  жеке  адамды 

бiлдiредi".  "Мен"  -  психикалық  өмiрдi  рет-теп  барушы  принцип,  өзiндiк  бақылауды  жүргiзушi 

рухи күш; бiздi өз мәнiмiз бойынша бүкiл әлемге, қоршаған адамдарға, ең бастысы, өз санамызды 

өз бағалауымыз бен танымымызға орай өзiмiзге ашып беретiн әр адам-ның тұтастай болмысы. 

"Мен"  бейне  -  жеке  адамның  санасында  бiр  қа-лыпта  бекiп  қалған  (статикалық)  түсiнiк  не 

бiлiк  емес,  ол  өте  қозғалмалы,  өзгермелi  (динамикалы)  "мен"  күйiнде  қа-былдануы  мүмкiн. 

Сонымен  бiрге,  "мен"  бейне  әлеумет-тiк  заңдарға,  қоршаған  адамдардың  қалауына  сай  кемел-

денген, болашақ идеал "мендi" де аңдатуы заңды. Және бiр жағдайда бұл "мен"  - қолынан келсе, 

"тау қопарып, теңiз жұтатын" фантастикалық тұлғаның бейнесiне сәйкес болуы да әбден ықтимал. 

Ал осы өзi жөнiндегi қияли ұғымдар санада басымдау болып, әрi олар ниеттелгендi  жүзеге асыру 




үшiн  қажеттi  әрекеттермен  ұштаспаса,  көздеген  iс-тiң  шырқы  кетiп,  сана  қисынсыз  өзгерiстерге 

келедi, ақы-рында, қиялданған ниет пен шындық сәйкессiздiгiнен адам ауыр күйзелiске түседi. 

"Мен" бейненiң сәйкестiк дәрежесi жеке адамның өзiнiң өз болмысын, мүмкiндiктерiн, басқа 

адамдар арасын-дағы өз беделiн бағалай алуына байланысты келедi. Өзiн-дiк бағаға орай адам өз 

әрекеттерiн ретке келтiрiп бара-ды. 

Саналы адам өз бағасын қалай шығарады? Әрбiр адамның қоғамдық тұлғаға айналуы бiрлiктi 

еңбек  пен  тiл  қатынасының  нәтижесi.  Адамдағы  барша  қалыптасқан  сапа  мен  қасиеттер  басқа 

қауымдастық  мүшелерiмен  қоғам-дық  өндiрiс  процесiне  араласу  және  олармен  ақпарат  алмасу 

барысында  дамып,  кемелiне  жетедi.  Еңбек  пен  тiл  қатынасына  келумен  адам  өз  iстерiн 

басқалардан  күтiл-ген  бағамен  салыстырып,  тексерiп  барады.  Айналып  кел-генде,  табиғи 

қажеттiктердi қанағаттандыру былай тұр-сын, өз мүддесiне орай орындалғанның бәрiн, тiптi қара 

басының  қамы  үшiн  жасалған  қарапайым  заттың  өзiн  адам  басқаларға  да  арнайды.  Адамда 

қалыптасқан  өз  "Ме-нiнiң"  бағасы-өзiндегi  барды  басқаларда  көргенiмен  үз-дiксiз  салыстырып 

барудың нәтижесi. Адам өзi жөнiнде бiрдеңе бiле тұра, өзгелерге үңiле назар аударады, өзiн-дегiнi 

олардан  iздеп,  барластырады,  сонымен  бiрге  төңi-регiндегiлер  өзiнiң  қимыл  әрекеттерi  мен 

қылықтарына  сын  көзбен  қарайтынын  iштей  сезiнедi.  Осының  бәрi  тұл-ғаның  өзiндiк  құнын 

белгiлеп,  оның психологиялық  кей-пiне  ықпал  жасайды,  яғни,  әрбiр  адам  төңiрегiнде  көрiнер  не 

көрiнбес  сыншыл  топ  ұдайы  онымен  бiрге.  Ол  топпен  адамның  санаспасына  болмайды,  себебi 

одан адам өзiнiң құндылықты бағыт-бағдарына қолдау-қуат алып, оның мұ-раттарын өз мұраттары 

етiп, оның ұмтылыс, қызығула-рын өз бойына дарытып барады. 

Адамның  өзiндiк  бағасы  оның  өзiне  қоятын  талап-тар  деңгейiне  байланысты. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет