Жетпісбай бекболатұЛЫ


 Баспасөз қызметінің ұйымдастырушылық құрылымы



Pdf көрінісі
бет17/86
Дата25.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#114026
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   86
Байланысты:
ПособиеПрессСлужба2019 Бекболатулы

 
2.2.  Баспасөз қызметінің ұйымдастырушылық құрылымы 
 
Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыстың ауқымына қарай баспасөз 
қызметінің  штат  кестесі  де  әртүрлі  болады.  Оның  құрамында  ең  кемі  бір-екі 
қызметкер  жұмыс  істейді.  Ірі  құрылымдардың  баспасөз  қызметінің  штаты  50 
адамға дейін жетеді. Баспасөзбен байланысты, әдетте: 
 
Баспасөз маманы (баспасөз хатшысы);
 
Баспасөз бюросы;
 
Баспасөзбен байланыс бөлімі;
 
Баспасөз қызметі немесе баспасөз орталығы;
 
PR қызметі (оның басшысы);
 
Штаттан  тыс  қызметкер  немесе  сырттан  шақырылған  кеңесшілік  фирма 
сияқты мамандар мен құрылымдар жүзеге асырады.
 
Баспасөз қызметінің құрамында,әдетте: 
 
Бөлім (құрылым) бастығы;
 
Имиджмейкер;
 
БАҚ-пен жұмыс істеу жөніндегі маман;
 
Медиажоспарлау жөніндегі маман (медиа-байер, медиа-селлер);
 
Журналист;
 
Спичрайтер;
 
Интернеттегі жұмыс бойынша маман;
 
Бөлімнің  іс  жүргізуші-хатшысы  сынды  лауазымдары  мен  мамандықтары 
бар қызметкерлер болады:
 
Жоғарыда  аталып  өткен  мамандықтардың  бірқатары  біз  үшін  әзірге 
таңсық  кәсіп  болып  табылады.  Мәселен,  медиабайерлер  (ағылшынша  media 
buer)  эфир  уақыты  мен  жарнама  алаңын  сатып  алумен  айналысса, 
медиаселлерлер (ағылшынша, media seller) меншік иесінің тапсыруы бойынша 
жарнама  алаңын және эфир уақытын сатумен шұғылданады. Имиджмейкердің 
негізгі  міндеті  -  ұйымның  және  оның  басшылығының  жағымды  образын 
қалыптастыру.  Спичрайтер  (ағылшынша,  speech    -  сөз,  write  –  жазу) 
басшылықтың сөйлейтін сөздері мен жазбаша мәтіндерін жазады. 
 


Ауқымы  шағын  және  орташа  ұйымдардың  баспасөз  қызметтерінде  осы 
аталған  мамандардың  атқарымдарын  екі-үш  қызметкер-ақ  орындай  алады. 
Мәселен,  БАҚ  бойынша  менеджер  медиажоспарлау  жөніндегі  және  Интернет 
бойынша  маманның  міндетін,  бөлім  бастығы  болса,  спичрайтердің  жұмысын 
атқара  алады.  Журналист  болса  имиджмейкердің  атқарымдарын  еш 
қиындықсыз  жүзеге  асыруы  мүмкін.  Облыстық  әкімдіктердің  баспасөз 
қызметтері көбіне осы жүйе бойынша жұмыс істейді. 
 
Енді осы қызметкерлердің атқаратын жұмыс ауқымына тоқталып өтелік.
 
Бөлім (құрылым) бастығы
.
 
Жұмысының  негізгі  мақсаты-қоғаммен  байланысты  қалыптастыру  және 
қолдап  отыру  жөніндегі  шаралар  кешенін  жасау  және  үйлестіріп  отыру,  осы 
мақсатқа  жетуге  мүдделі  барлық  субъектілердің  күш-жігерін  жұмылдыру, 
компанияның  жұртшылық  алдындағы  жағымды  имиджін  қалыптастыру  және 
қолдап отыру.
 
Қызметінің негізгі бағыттары:
 
Компания басшылығы алға қойған міндеттер ауқымында PR-қызметтің барлық 
бағыттары  бойынша  стратегиялық  және  егжей-тегжейлі  жоспарларды  талдап 
жасау және жүзеге асыру;
 
Компанияның PR-идеясын және тосын жаңалық болып табылатын бірегей 
ұсыныстар ойлап табу,  бұқаралық акциялар ұйымдастыру;
 
Бөлім  қызметкерлерінің  іс-шаралар  жоспарларын  орындауына  бақылау 
жасау;
 
Жұмыстың негізгі мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесетін іс-шаралар 
жасау  үшін  сыртқы  ортаны  бақылап  отыру  және  компания  қызметіне 
жұртшылықтың көзқарасын талдау;
 
Компания  қызметіне  қатысы  бар  тұстарда  әлеуеметтік-саяси  процестерге 
болжам жасау;
 
Қоғамдық  пікірді  қалыптастыратын  тұлғалармен  –  саясатшылармен, 
мәдениет, ғылым қайраткерлерімен араласу;
 
Қажетті жұмыстарды орындау үшін сыртқы ұйымдарды таңдау;
 
PR-шаралар  кешенін  жүзеге  асыру  барысында  алынған нәтижелерді және 
жалпы алғанда PR-науқаны тиімділігін талдау;
 
PR-науқанын өткізу жөніндегі есептер стандарттарын жасау;
 
Бөлімнің күнделікті жұмысына оперативті бақылау жасау;
 
Компанияның  құрылымдық  бөлімшелерінің  тапсырыстары  бойынша 
көмек көрсету және кеңес беруді қамтамасызу ету;
 
Компанияның  бизнес-жоспарын  әзірлеу  барысында  PR  саласы  бойынша 
ұсыныстар беру.
 
Лауазым иелеріне қойылатын дәстүрлі талаптар:
 
Жасы:  25-тен  жоғары.  Білімі-жоғары.  Осындай  лауазымда  істеу 
тәжірибесі- үш жылдан әрі қарай. PR-науқандарын жүргізу тәжірибесі болуы, 
жұмыстың бүкіл үдерісін  білуі  қажет және қоғаммен  жақсы  қарым-қатынаста 
болғаны жөн.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет