Жетпісбай бекболатұЛЫ



Pdf көрінісі
бет18/86
Дата25.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#114026
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86
Байланысты:
ПособиеПрессСлужба2019 Бекболатулы

Имиджмейкер. 
 


Жұмысының  негізгі  мақсаты-компанияның  және/  немесе  лидердің 
жағымды имиджін қалыптастыру.
 
Қызметінің негізгі бағыттары:
 
Компанияның  немесе  жеке  тұлғаның  имиджін  жасау.  Лидерлердің, 
ұйымдардың, партиялардың насихаттық және жарнама науқандарын өткізу;
 
Имидж 
субъектісіне 
мақсатты 
аудитория-жұртшылықтың 
жылы 
көзқарасын қамтамасыз ету;
 
Саяси 
және 
коммерциялық 
құрылымдардың, 
оқиғалардың, 
фигуранттардың  барынша  тиімді  әрі  ұтымды  образын  модельдеу  негізгі 
міндеті болып табылатын коммуникациялық технологияларды енгізу;
 
Лауазым иесіне қойылатын талаптар:
 
Білімі.  Жоғары  (PR  немесе  журналистика).  Жасы:  25-тен  жоғары.  PR-
құрылымдарда  кемінде  екі  жыл  жұмыс  тәжірибесі,  ақпаратты  басқару 
теориясын  білуі,  жалпы  білім  деңгейі  жоғары  болуы  тиіс.  Жұмыс  саласы 
бойынша  ғылыми  басылымдарда  жарияланған  мақалалары  болғаны  артықтық 
етпейді.   
 
БАҚ-пен жұмыс істеу жөніндегі менеджер.  
 
Жұмыс  мақсаты-компанияның  эфирде,  сондай-ақ  баспасөз  беттерінде  
ақпараттық тұрғыдан тиімді көрінуін қамтамасыз ету.
 
Қызметінің негізгі бағыттары: 
 
Медиа-рилейшнз – БАҚ өкілдерімен ұдайы қарым-қатынаста болу;
 
Компанияның  қызметі  туралы  теледидар  мен  радиода  жаңалықтардың, 
сюжеттер  мен  өзге  де  материалдардың  шығуын  қамтамасыз  ету  үшін  арнайы 
ақпараттық тұжырымдама мен жоспар әзірлеу;
 
Баспасөзде  ақпараттық  және  тақырыптық  жарияланымдар  шығару 
тұжырымдамасы мен жоспарларын жасау;
 
Бұқаралық  ақпарат  құралдарында  компания  қызметіне  арналған  ресми 
хабарламаларды,  түсіндірмелер  мен  өзге  де  ақпараттық  (журналистік) 
материалдарды тарату;
 
Танымал  теледидар  және  радиобағдарламаларда  компания  өкілдерінің 
қонақ немесе сарапшы ретінде қатысуы жөнінде келіссөздер жүргізу;
 
Бұқаралық  ақпарат  құралдарында  компания  қызметі  туралы  мақалалар 
жариялауды, сюжеттер орналастыруды ұйымдастыру;
 
Қол  жеткен  келісімдерге  сәйкес  бұқаралық  ақпарат  құралдарында 
компания қызметі туралы хабарламалардың (мақалалардың, сюжеттердің, т.б.) 
шығуын бақылау;
 
Компания  басшыларының  баспасөз  мәслихаттарына,  брифингтеріне, 
интервьюлеріне журналистердің қатысуын ұйымдастыру;
 
Оперативті  ақпараттық-анықтамалық  жұмыс  –  компания  қызметі  туралы 
БАҚ және өзге де сыртқары ұйымдар сұрауларына жауап әзірлеу;
 
Компания туралы газет материалдарын, теле- және радиохабарлар әзірлеу 
үшін дерек жинап жүрген журналистерге көмек көрсету;
 
Компания қызметін жарыққа шығаратын журналистерді аккредитациялау;
 


Компанияның  арнайы  жобаларына  ақпараттық  қолдау  көрсету  жөнінде 
БАҚ-пен  (теледидар,  радио,  баспасөз,  ақпараттық  агенттіктер,  Интернет) 
келіссөздер жүргізу;
 
БАҚ  материалдарына  жүйелі  түрде  оперативті  талдау  жасау,  компания 
қызметі  жөнінде  жарық  көрген  ақпарат  туралы  басшылық  үшін  есептер  және 
аналитикалық жазбалар әзірлеу;
 
Компания  қызметі  жөнінде  жарық  көрген  деректердің  нақтылығын 
тексеру. Қажет жағдайда түсіндіру және теріске шығару хаттарын әзірлеу.
 
Қойылатын талаптар: 
 
Білімі: жоғары (журналистика факультеті). Жасы: 25-тен жоғары. Орталық 
бұқаралық  ақпарат  құралдарындағы  кемінде  2  жылдық  жұмыс    тәжірибесі, 
электрондық БАҚ пен баспасөзде жақсы таныстарының болуы шарт.
 
Журналист.
 
Жұмысының  негізгі  мақсаты-бұқаралық  ақпарат  құралдары  үшін 
компания  қызметі  жөнінде  ресми  хабарламалар  әзірлеу,  бөлімнің  оперативті 
жұмысына және PR–шараларына қажетті мәтіндік материалдар жазу.
 
Қызметінің негізгі бағыттары: 
 
Бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жариялау  үшін  мақалалар  және  басқа 
ақпараттық материалдар жазу;
 
Бұқаралық  ақпарат  құралдары  үшін  компания  қызметі  туралы  баспасөз 
релиздерін жазу;
 
Компания қызметі туралы кітаптар мен брошюралардың мәтіндерін жазу;
 
Шақырулардың, 
коммерциялық 
ұсыныстардың, 
пресс-папкілердің, 
бюллетеньдердің,  каталогтар    мен  өзге  де  сый  бұйымдардың  мәтіндерін  жазу 
және түзету;
 
Басшылықтың  тапсырмасы  бойынша  ресми  хат  алмасу  мәтіндерін  және 
басқа материалдарды тексеру.
 
Қойылатын талаптар: 
 
Білімі: жоғары (журналистика факультеті). Жасы:25-тен жоғары. Орталық 
бұқаралық  ақпарат  құралдарындағы  кемінде  екі  жылдық  жұмыс  тәжірибесі 
болуы керек. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдары (20 
шақты) болғаны жөн.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет