журналистерге материалдар беру жолымен бұқаралық ақпарат құралдарына
ұдайы ақпарат жеткізіп тұру арқылы жүзеге асыруға болады. Сөйтіп, ұйым
танымалдығына қол жеткізіледі.
Екіншіден, ақпарат ағынын нақты арнаға бағыттау, берілетін хабар-ошарды
түпкі мақсатқа орай құбылту керек. Ұйым жөнінде бұқаралық ақпарат
құралдары да, жұртшылық та жақсы хабардар болған жағдайда ақпарат нақты
мақсатқа, мәселен белгілі бір тауардың, қызметтің, болмаса жобаның
танымалдығы мен өтімділігін артыруға бағытталады.
Үшіншіден, ақпарат құралдарымен әріптестік қатынастар орнатқан жөн.
Ұйым таратқан ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан кең қолданыс
тауып жатса, беделді БАҚ редакцияларымен ақпарат алмасу жөнінде
ынтымақтастық жасауға көшу қажет болады.
Медиарилейшнзбен
айналысатын
қоғаммен
байланыс
мамандары
бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынаста журналистермен қоян-
қолтық араласуға, арнайы ақпараттық оқиғалар
Достарыңызбен бөлісу: