Жетпісбай бекболатұЛЫ



Pdf көрінісі
бет25/86
Дата25.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#114026
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   86
Байланысты:
ПособиеПрессСлужба2019 Бекболатулы

(баспасөз  мәслихаттары, 
кездесулер,  тұсаукесерлер)
  ұйымдастырып  отыруға  тиіс,  бұл  шаралардың 
көздейтін нысанасы ұйым танымалдығын арттыру болғаны жөн.
 
Тиісті  хабарламалар  әзірленгеннен  кейін  ақпаратты  тарату  құралдарын  
пайдалануды жоспарлау сайысы басталады. Мұндай жоспарлау: 
 
Ақпаратты тарату құралдарын бағалау;
 
Қолайлы құралдарды таңдау;
 
Осы  құралдарды  пайдалану  саласындағы  қажетті  шешімдерді  қабылдау 
кезеңінің болуын қадағалайды.
 
Клиенттерді кеңінен тарту, көкжиекті кеңейтіп, қызмет тиімділігін арттыру 
үшін  жұртшылықтың  фирмаға,  оның  жұмыс  нәтижелеріне  деген  жылы 
көзқарасы, мекеменің қоғамдағы беделінің, имиджінің қалыптасуы үлкен орын 
алады,  бәсекелік  күрестің,  табыс  мөлшерін  ұлғайтудың  маңызды  факторы 
болады.
 
Аудитория (фирмалардың  тұтынушылары мен ықтимал клиенттері, қаржы 
мекемелері және үкіметтік ұйымдар) фирма қызметінің түрлі қырларын ашып 
көрсететін  шынайы  да  толық  ақпаратқа  зәру.  Өйткені,  біздің  фирмалардың 
жариялайтын  ақпараттары  жалаң  таныстыру  сипатында.  Ақпаратты 
мүмкіндігінше  толық  мәліметтермен  қамтамасыз  ету,  оның  Қазақстан 
нарығында қалыптасып отырған ұғым-түсініктерге сәйкес болуын ескеру жағы 
жеткіліксіз болып отыр.
 
Жалпы,  фирма  өнімін    тұтынатын  халықтың  арнайы  мағлұмат,  деректер 
алып,  өзі  таңдаған  несие  мекемесімен  ұзақ  мерзімдік  байланысқа  түсуінде 
тікелей  жарнаманың  атқаратын  рөлі  мол  екендігіне  біз  ілгеріректе  тоқталған 
болатынбыз.  Дегенмен,  фирма  өнімі  туралы  жалпы  ақпараттың  сол  фирма 
жөніндегі  неғұрлым  кең  түсінікке  ұласуы  тұтынушылардың  қазіргі  кезеңде 
ғана емес, болашақта да нақ осы фирманы таңдауына себепкер. Себебі, несие 
мекемесі  өзі  және  өзінің  қызметі  жөнінде  жұртшылықтың  ынтызар  топтары 
арасында  жағымды  пікір  қалыптастыра  алса,  бұл  алға  қойылған  мақсаттарға 
жедел жетуге жәрдемдеседі. Аталған мәселенің фирманың өз қызметкерлеріне 
де  қатысы  бар.  Өйткені  фирманың  аты  жер  жарып,  имиджі  ілтипат  туғызса, 


білімді  жас  мамандарды  жұмысқа  тарту  да,  олардың  фирма  мақсаттары  мен 
міндеттерін  түсіністікпен  қабылдауы  да  жеңілдей  түседі.  Мұндай  фирманың 
жарнамасына көпшілік сеніммен қарап, ықылас танытады.
 
Фирманың  жалпы  стратегиясымен  тығыз  байланысты  жүйелі  жарнамалық 
қызметке  ауқымды  нарықтық  және  ішкі  ақпарат  қажет  болады.  Негізінен 
алғанда бұл ақпарат:
 
Нарықтың толымдылығы;
 
Фирма өнімінің өмірлік циклының кезеңдері; 
 
Бәсекелестер қызметі;
 
Мақсаттық топтардың сипаттамалары;
 
Жарнама көздерінің тиімділігі, бағасы сияқты өлшемдерге қатысты.
 
Мұндай  деректер  нарықты  зерттеу  барысында  алынады.  Ақпараттық 
технологиялардың  арқасында  маркетингтің  интеграцияланған  ақпараттық 
жүйелерін жарнаманы жоспарлауға пайдалану мүмкіндігі туындап отыр. Егер 
жарнама тұжырымдамасы фирманың өзінде емес, сыртта (жарнама агенттігінде 
немесе  кеңесшінің  жәрдемімен)  жасалса,  қажетті  ақпарат  егжей-тегжейлі 
брифинг түрінде беріледі. Жарнаманы жоспарлауда:
 
Жарнама не үшін жүргізілуге тиіс (жарнаманың міндеті)?
 
Не жарнамаланады (жарнама объектісі)?
 
Түбінде қандай нәтижеге жетуге тиіспіз (жарнаманың мақсаты)?
 
Жарнама кімге арналған, бағытталған (мақсаттық топ)?
 
Нені жарнамалауға тиіспіз (мақсаттық ауқым)?
 
Қолда қандай құралдар бар (жарнама бюджеті)?
 
Қандай ақпарат құралдары пайдаланылуға тиіс (жарнама көздері)?
 
Жарнама қандай түрде берілмек (жарнама құралы)?
 
Не берілуге тиіс (жарнамалық хабарлама)?
 
Қандай жиілікті қолдануымыз қажет (жарнаманың берілу мерзімі)? - деген 
сауалдарды бөліп көрсетуге болады
 
Жоспарлау  барысында  басты  назар  мақсатты  топтарға  аударылады,  себебі 
жарнама пәрменділігінің айқын көрсеткіші болмайды, оның тиімділігі көбіне-
көп адреске бағытталуына байланысты
 
Жарнаманы  тарату  құралдарын  таңдау  мен  қолдану  жарнама  науқанын 
жасау  мен  жүргізу  жөніндегі  кәсіби  қызметтің  дербес  те  өте  жауапты  түрі 
болып табылады. Медиажоспарлау жарнама тарату құралдарында жарнамалық 
хабарламаны  орналастыру  дегенді  білдіреді,  оның  тиімділігі  медиажоспар 
алдында  қойылған  мақсаттарға  аз  шығын  шығарып  жетуге  байланысты 
болады.  Жарнама науқанында  пайдаланылатын бұқаралық  ақпарат  құралдары 
туралы деректердің барлығы медиажоспар негізіне алынады.
 
Медиажоспар  жарнамалық  жолдауды  мақсатты  нарықтарға  жеткізетін 
таратушыларды  таңдау,  қандай  таратушыларды  сатып  алу  және  олардың 
әрқайсысына  қанша  төлеу  керектігі  туралы  шешім  қабылдау,  жарнаманы 
орналастыру  кестесі  және  оны  жариялау  әдістерін  анықтау  жөніндегі  ақпарат 
бар құжат болып табылады.
 
Медиажоспар  фирманың  маркетингік  жоспарының  бір  бөлігі  болып 
табылады.  Медиажоспарлау  жөнінде  шешім  қабылдауға  қажет  маркетингтік 


жоспардың  негізгі  деректері  тауар  маркасы    және  оның  нарықтағы  жағдайы, 
жарнаманың  мақсатты    аудиториясы  және  тауарды  тұтынушылар  туралы 
ақпарат болып табылады. Оларға сондай-ақ тауар өткізілуі тиіс нарық туралы, 
сұранысқа  әсер  ететін  маусымдық  және  өзге  де  параметрлер,  маркетингтік 
коммуникациялардың  сипаттамасы  және  басқа  мәліметтерді  жатқызуға 
болады.
 
Медиажоспарда маркетингтік коммуникациялар кешенінің барлық бөліктері 
ескеріліп, үйлестірілуі тиіс. БАҚ бұл орайда жарнамалық ақпарат таратылатын 
арна ретінде көрінеді.
 
Медиажоспар  жарнаманың  жалпы  стратегиясына  байланысты  болады. 
Медиажоспарлау 
мақсаттарына 
жету 
жолдары 
жарнама 
берушінің 
медиастратегиясының  мәні-маңызын  құрайды.  Медиастратегия  фирманың 
коммуникативтік стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылады. Ол:
 
-жарнамаланатын тауар;
 
-жарнама науқанының міндеттері;
 
-жекелеген 
бұқаралық 
коммуникация 
құралдарының 
(БКҚ) 
артықшылықтары  мен  кемшіліктерін  ескере  келгендегі  жарнама  жеткізуші  
БАҚ тиімділігі;
 
-жарнама тарату арнасының креативтік стратегияға сәйкестігі;
 
-бұқаралық  коммуникация  құралдарының  мақсатты  аудиториясының 
ерекшеліктері;
 
-жарнама науқанының бюджеті сияқты факторлар ескеріле отырып түзіледі.
 
Жарнамалау практикасында медиастратегияның бірнеше түрі қолданылады:
 
1)    аралас  БКҚ  (Mix  communication),  мұнда  дәстүрлі  жарнама 
жеткізушілермен 
(БАҚ) 
қатар 
жарнамадан 
бөлек 
маркетингтік 
коммуникацияның  өзге  де  құралдары  қолданылады  (PR,  тікелей  маркетинг, 
сатуды ынталандыру жөніндегі шаралар);
 
2) аралас  БАҚ (Mix-media), мұнда жарнама бюджеті әртүрлі бірнеше БАҚ 
арасында бөлінеді, оларды пайдалану жарнама науқаны жоспарында көзделеді;
 
3) жарнаманы таратудың бір арнасын қолдану, мұндай арна ретінде қандай 
да бір бұқаралық ақпарат құралы таңдап алынады.
 
Өзге сыныптама негізіне БАҚ-ты фирманың коммуникативтік стратегиясын 
жүзеге асыру барысында пайдалану тактикасы алынады. Оларды:
 
1) үздіксіздік стратегиясы (бұл орайда жарнама науқанының жиілігі тұрақты 
болып, уақыт өткенімен өзгермейді);
 
2)  алмасу  стартегиясы  (алғашқы  кезеңдегі  неғұрлым  жоғары  белсенділік 
жарнама  науқанының  келесі  кезеңдеріндегі  неғұрлым  төмен  белсенділікпен 
алмасып отырады);
 
3)  үздік-үздік  жарнамалау  стратегиясы  (бұл  ретте  белсенді  жарнама 
жүргізілетін  және  жарнама  жүргізілмейтін  кезеңдер  алмасып  отырады)  деп 
тұжырымдауға болады. 
 
Баспасөз релиздері (пресс-релиздер).
 
Баспасөз релиздері бұқаралық ақпарат 
құралдарымен  тұрақты  да  сенімді  байланыс  орнату  құралы,  ұйымның 
ақпараттық саясаты тетіктерінің бірі  болып табылады. Оған қойылатын негізгі 
талап-қысқалық  пен  нақтылық.  Бір  ғана  оқиға  немесе  жаңалық  жөнінде 


баяндайтын  баспасөз  релизінің  көлемі  1-2  беттен  аспайды.  Баспасөз 
релиздерінің  анонс  (пресс-релиз-анонс)  және  жаңалық  (пресс-релиз-жаңалық 
немесе  ньюс-релиз)  сияқты  түрлері  бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет