Пресс-релиз-анонс журналистер
назарын алда болатын оқиғаға аударса,
ньюс-релиз орын алған оқиға туралы
баяндайды.
Баспасөз релиздерімен қатар
бэкграундер (кеңейтілген баспасөз релизі),
сұрақ-жауап парағы (сұрақ-жауап формасында берілетін бэкграундердің бір
түрі),
факт-парақ
(ағылшынша fact-sheet, статистикалық деректерге
негізделетін, анықтама түрінде берілетін бэкграундердің бір түрі),
өмірбаян
(мұнда ақпараттық оқиғаның «кейіпкері», мәселен, ұйым басшысы туралы
әңгімеленеді),
мәлімдеме (компанияның бірінші басшысының, саяси лидердің
экономикадағы және саяси-әлеуметтік өмірдегі ахуал туралы төл сөзі), ұйым
басшылығының мақаласы сияқты өзге де медиақұжаттар бар.
Баспасөз
релизінің
композициялық-мазмұндық
құрылымы
мына
төмендегідей.
Бас тақырыбы: ұйымның атауы, байланыс ақпараты (соңында тағы да
қайталанады).
Тақырыбы: өте қысқа, мәнді де мазмұнды болуға тиіс.
Алғашқы абзац немесе лид-кейінірек сөз болатын оқиғаның немесе
жаңалықтың мән-жайы.
Негізгі мәтін: мұнда фактура-цифрлар, фактілер мен түсініктемелер
беріледі.
Компания туралы ақпарат.
Байланыс ақпараты: телефон, факс, электронды пошта адресі, БАҚ-пен
байланысқа жауапты тұлғаның аты-жөні, лауазымы.
Қоғаммен байланыс жөніндегі батыс зерттеушілері «5W және 1Н»
ережесін ұсынады, оған сәйкес баспасөз релизінде мына сауалдарға жауап
берілуі тиіс: