Жетпісбай бекболатұЛЫ


 Мемлекеттік құрылымдардың баспасөз қызметі



Pdf көрінісі
бет29/86
Дата25.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#114026
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   86
Байланысты:
ПособиеПрессСлужба2019 Бекболатулы

     
 
  
3.2. Мемлекеттік құрылымдардың баспасөз қызметі
 
Мемлекеттік  органдардың  баспасөз  қызметінің  жұмысын  ұйымдастыру.
 
 
Мемлекеттік  органдардың  баспасөз  қызметтерінің  негізгі  міндеті  халыққа 
мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық  саясаты,  түрлі  бағдарламаларының 
халықтың тұрмысына   қалай әсер етендігін түсіндіріп беру болып табылады. 
Осының нәтижесінде мемлекеттің және оның жергілікті органдарының қызметі 
жұртшылық  үшін  түсінікті  сипат  алып,  мұның  өзі  билік  пен  қалың  көпшілік 
арасындағы  сенім  ахуалын  туғызуға  жәрдемдеседі.    Бұқаралық  ақпарат 
құралдарымен  ұдайы  байланыста  бола  отырып,  мемлекеттік  органдардың 
баспасөз  қызметтерінің  мамандары  билік  қызметінің  жағымды  тұстарын 
ұғындырып, жаңсақ болмаса көрінеу қате ақпаратты түзете алады. Бұл олардың 
қызметінің бір қыры ғана. Мемлекеттік қызметкерлер ретінде олар жұртшылық 
пен журналистер алдындағы биліктің беделі, сондай-ақ билік алдындағы БАҚ 
пен журналистер абыройы үшін жауапты.
 
Мемлекеттік  билік  құрылымдарында,  қоғамдық  ұйымдарда,  саяси 
партияларда, қозғалыстарда негізінен алғанда қоғаммен байланыстың саяси PR 
сияқты  ерекше    түрі    қолданылады.  Қазақстанда  қазіргі  таңда  саяси  PR 
негізінен екі салада:
 
Мемлекеттік билік пен басқаруда;
 
Саяси науқандарда 
(электоралдық науқандарда)
 қолданылады.
 
Мемлекеттік  PR-дың  негізгі  мақсаты  -  білікті  де  білгір,  көреген  
басшылардың  образын  қалыптастыру  болып  табылады.  Бұл  проблемалар 
мемлекеттік билік органдарындағы:
 
 -Азаматтармен  және  ұйымдармен  байланыстар  орнату  және  оларды 
қолдап, кеңейтіп отыру;
 


-Жұртшылықты  қабылданып  жатқан  шешімдер  туралы  құлақтандырып 
отыру;
 
-Қоғамдық пікірді зерттеу;
 
-Билік  органы  лауазымды  өкілдерінің  іс-әрекеттеріне  жұртшылықтың 
көзқарасын талдау;
 
-Қоғамдық-саяси процестерді болжамдау;
 
-Ұйымды аналиткалық талдамалармен қамтамасыз ету;
 
-Ұйымның  жағымды  образын  қалыптастыру  сияқты  PR  қызметінің  нақты 
бағыттарында көрініс табады.:
 
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі PR рөлі үлкен. Үкімет, облыс, қала және 
аудан  әкімдіктері  түрлі  коммуникация  арналарын–баспасөзді,  телерадионы, 
интернетті  өз  қызметінің  түрлі  қырларын  ашып  көрсету  үшін  ұдайы 
пайдаланып отырады. БАҚ-пен жұмыс істеу үшін мемлекеттік құрылымдарда 
баспасөз  қызметтері  құрылған.  Журналистерді,  редакцияларды  ақпаратпен 
қамтамасыз   ете  отырып,  баспасөз  қызметтері өз  алдына дербес  PR-науқанын 
жүргізе алады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 
баспасөз  қызметі  шетелдік  және  отандық  журналистердің  жемісті 
шығармашылық  жұмыс  істеуіне  жағдай  жасайды,  баспасөз  мәслихаттарын 
өткізіп,  халықаралық  шараларға 
(ақпараттық  форумдарға,  симпозиумдарға, 
конференцияларға)
  қатысады.  Ішкі  істер  министрлігінің,  өзге  де  күштік 
құрылымдардың журналистермен тұрақты кездесулері дәстүрге айналған.
 
Мемлекеттік органдардың PR-ы: 
 
Ақпараттық 
саясатты 
талдап 
жасауға 
бағытталған 
ақпараттық-
аналитикалық 
(мемлекеттік  саясатты  жүзеге  асыру  кезінде  нақты  ахуалға 
талдау жасау, қоғамдық пікірді, халық көзқарасын  бағалау);
 
Ақпараттық-коммуникативтік 
(халықпен  жұмыс  істегенде  ақпаратты 
көбейтіп  тарату,  сондай-ақ  мемлекеттік  мекеме  ішінде  әлеуметтік-
психологиялық ахуалды қолдап отыру,  қызмет этикасын, фирмалық стильді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет