Ақпарат көзі;
Ақпаратты жөнелтуші, беруші, коммуникатор;
Коммуникация тәсілі, арнасы;
Ақпаратты қабылдаушы;
Ақпаратты алушы, адресат;
Кері байланыс жүйесі (ол адрестаттың келіп түскен хабарламаға қарым-
қатынасын көрсетеді) жатады.
Қоғаммен немесе жұртшылықпен байланыс тарапынан басқарылатын
қоғамдық қатынастар тетігі тұрғысынан алғанда ақпарат көзі ретінде билік
құрылымдары, фирмалар, партиялар, қозғалыстар мен PR құрылымдары
көрінеді. Әсер ету объектісі, ақпарат алушылар ел жұртшылығы, саяси және
экономикалық құрылымдар болып табылады. Коммуникация арнасы рөлін
бұқаралық ақпарат құралдары, саясатшылар, мұғалімдер, діни қызметкерлер,
яғни оқу орындары мен мешіттер, сондай-ақ бұқаралық акциялар-жиындар мен
мерекелер, симпозиумдар, конференциялар, көрмелер орындайды. Ақпарат
қабылдаушы (адресат) дегеніміз-коммуникация арнасы бойынша, келіп түскен
ақпаратты қабылдауға қабілетті құрылым. Адресатқа әсер ете отырып, ақпарат
оның жай-күйін өзгертеді. Осы өзгерістер жөніндегі деректер кері байланыс
арналары арқылы басқару субъектісі - PR құрылымына жеткізіледі, сөйтіп,
қоғамдық қатынастар тетігінің қызметіне қажетті түзетулер енгізіледі.
Қоғаммен байланыс субъектісінің
Достарыңызбен бөлісу: