сақтау);
Кеңесшілік-әдістемелік
(жұртшылықпеен байланысты жүзеге асыру
барысында кеңестер беру);
Ұйымдастырушылық-құқықтық
(PR қызметін құқықтық қамтамасыз ету,
акциялар, БАҚ, аудио-және бейнетехника қатыстырылатын PR-науқандарын,
іскерлік кездесулер, көрмелер, конференциялар әзірлеу, ұйымдастыру және
өткізу кезіндегі түрлі шаралар мен іс-әрекеттер)
және басқа функцияларды
жүзеге асырады.
Бұл функциялар баспасөз орталығының немесе баспасөз қызметінің
күнделікті тыныс-тіршілігінде: -Азаматтарды бұқаралық ақпарат құралдарын
қолдана отырып ұйымның қызметі туралы жедел де толыққанды хабардар ету;
-Басқару органдарының қызметіне арналған ресми хабарламаларды,
мәлімдемелерді және басқа ақпараттық (журналистік) материалдарды
бұқаралық ақпарат құралдарына тарату, қажет жағдайда әзірлеп беру;
-Мамандардың, сарапшылар мен авторлардың ұйымның шешімдері мен іс-
әрекеттерін түсіндіруге бағытталған ұғындырмалар мен түсініктемелер әзірлеп,
бұқаралық ақпарат құралдарына жеткізу;
-«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес редакция тапсырмасын орындап жүрген және мемлекеттік
басқару органының қызметін жария ететін журналистерді аккредитациядан
өткізу;
-Аккредитацияланған журналистерге, сондай-ақ баспасөзде жариялау,
теледидардан беру үшін материал жинап жүрген тілшілерге көмек көрсету;
-Бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз релиздерін, шолулар,
баспасөз бюллетеньдерін дайындау;
-Ұйым
жұмысының
ағымдағы
мәселелері
бойынша
баспасөз
мәслихаттарын, брифингтер, журналистермен кездесулер ұйымдастыру;
-Ұйым туралы баспасөзде жарық көрген, теледидар мен радиодан берілген
материалдарға талдау жасап, ұйым басшыларына беру;
-Жария етілген деректердің шындық екендігін айқындап, қажет жағдайда
түсініктеме және теріске шығару хаттарын әзірлеу арқылы жүзеге асады.
Мемлекеттік органның басшысы ақпаратты:
-баспасөзден;
-қызметтік арнадан (жоғарғы және төменгі буындардан);
-баспасөз қызметінің ақпараттық-талдамалық бөлімшелері әзірлеген
жазбалардан;
-азаматтарды қабылдау бөлмелерінен;
-азаматтардың хаттарынан, арыз-өтініштерінен алады.
Электронды «үкімет» пен «коммерция» бағдарламасы. Азаматтар
хаттарының мемлекеттік басқаруда атқаратын рөлі үлкен. Осы арқылы
мемлекеттік қызмет тиімділігіне баға беріліп, халықпен арадағы кері байланыс
қамтамасыз етіледі. Осындай байланысты қамтамасыз етудегі тиімді құрал
интерактивті интернет-технологияларды қолдану болып табылады. Осының
арқасында өткен ғасырдың 70- жылдарының басындағы индустриялық
қоғамнан кейін келетін «ақпараттық қоғам» ұғымы бүгінгі таңда ақиқатқа
айналып отыр. Гуманистік мақсаттарға бағытталған еркін «ақпараттық қоғам»
идеясы ақпараттандыруға қатысты бірқатар үкіметтік бағдарламаларды
дүниеге әкелді. Қазақстандық бағдарлама екі негізгі сектордағы терең
өзгерістердің бастамасы іспетті. Бірінші, мемлекеттік секторда мол да икемді
дерек қоры, коммуникация жүйесі, талдау және шешім қабылдау құралдары бар
біртұтас
организм
ретінде
электронды
үкімет
құру
жоспарланып отыр. Екінші, коммерциялық секторда бизнестің
қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ете отырып, ішкі және ғаламдық
нарықтардағы жаңа мүмкіндіктерді барынша пайдалануға жағдай жасайтын
электрондық коммерцияны толығынан енгізу жобалануда.
Электронды үкіметті құруға барар жолдағы алғашқы қадам электронды
құжат айналымын енгізу болып табылады. «Мемлекеттік аппараттың жұмысын
жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту
жөніндегі шаралар туралы» Елбасы Жарлығында Үкімет алдында орталық
және жергілікті органдардың ұйымдық құрылымдарын оңтайландыру,
басқарушы буындарды қысқарту мәселесі қойылды. Басқару технологияларын
жетілдіру және мемлекеттік қызмет кадрларының біліктілігін арттыру
мақсатында жұмыс регламентін қайта қарау, құжаттарды есепке алудың,
өткізудің, келісу мен бақылаудың ережелерін оңтайландыру, қағазбастылықты
болдырмау жөнінде түбегейлі шаралар қолдану, құжаттар көлемі мен санын
кеміту көзделді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін
арттырудың кешенді бағдарламаларын жасап, жүзеге асыру жоспарланды.
Қазақстан Республикасы Президентінің аталған Жарлығының тарихи
маңызы біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды жеделдету міндетінің
қойылуымен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электронды
құжат айналымының біртұтас жүйесін жасауға кезең-кезеңмен кірісу
міндетінің айқындалуымен түсіндіріледі. Біртұтас жүйені енгізу мемлекеттік
басқарудың сапалық жаңа деңгейіне көшуге, мемлекеттік органдардың
ағымдағы
жұмысының
ақпараттық
толықтығының
және
терең
талдамалылығының есебінен қабылданатын шешімдердің жеделдігін және
айқындығын арттыруға, мемлекеттік органдар ішіндегі және олардың
арасындағы қағаз ағынын күрт кемітуге мүмкіндік береді.
Жүйе сондай-ақ «электрондық үкімет» пен «электрондық парламенттің»
болуын көздейді. Еліміздің барлық құрылымдары мен азаматтарына ортақ
мемлекеттік органдардың ашық ақпаратының жалпы дерек базасы жасалады,
оның бір бөлігі халықаралық желіге қосылады. Ал мұның өзі ашық азаматтық
қоғамның бір белгісі болып табылады. Азаматтар шенеуніктерге бармай-ақ
жүйеден қажетті анықтамалар мен басқа да ақпаратты тікелей ала алады.
Компьютерлері болған жағдайда азаматтар үйлерінде отырып-ақ өз арыздары
бойынша қажетті ақпарат алады. Компьютері жоқтар қоғамдық орындарда,
кітапханаларда, жоғары оқу орындарында, мектептерде тұрған «электронды
дүңгіршектерді» пайдаланады. Бұл орайда Президент тапсырмасы бойынша
Қазақстандағы барлық мектептердің компьютерлендірілгенін атап өтуіміз
керек. Қатынас құралдарының қазіргі жағдайын ескергенде, электрондық
жүйенің шалғай аудандар мен елді мекендер үшін өмірлік қажеттігі түсінікті
болып табылады.
Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру - өткен ғасырдың 80-90
жылдарында және ХХІ ғасырдың басында бірқатар дамыған елдерде жүзеге
асырылған мемлекеттік басқаруды реформалаудың негізгі элементтерінің бірі.
Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мемлекеттік басқару органдарының
өзара байланысының (электрондық құжат айналымы жүйесі, интранет
арқылы),
сондай-ақ
коммерциялық
және
қоғамдық
ұйымдармен
байланыстарының нәтижелілігін арттыруға, қоғаммен байланысты тиімді жолға
қоюға жәрдемдеседі.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты оның барлық функционалдық және
мерзімдік қырларында нақты іс жүзіне асыру, ең алдымен, Қазақстан
Республикасының
унитарлық
құрылысының конституциялық
қағидаттарына, билік бөлінісіне, біртұтас Қазақстандық заңнама жүйесін құруға
негізделетін өзара байланысты құқықтық нормалар түріндегі ақпараттық
заңдылықты жетілдіруді талап етеді.
Ақпараттық саясаттың іргелі қағидаттары (принциптері):
- ашықтық қағидаты - мемлекеттік саясаттың барлық негізгі ережелері
қоғам тарапынан ашық талқыланып, мемлекет қоғамдық пікірді ескеріп
отырады;
-
мүдделер теңдігі қағидаты - мемлекет қоғамда алатын орнына, меншік
түрі мен мемлекетке қатыстылығына қарамастан ақпараттық қызметке
қатысушылардың барлығының мүдделерін ескеріп отырады («ойын ережелері»
ортақ болуға тиіс);
-
жүйелілік қағидаты - реттелуге тиісті обьектілердің бірінің жағдайын
өзгерту жөнінде қабылданған шешімдерді жүзеге асыру барысында оның өзге
обьектілердің ахуалына тигізер әсері ескеріледі;
-
отандық өндірушінің басымдығы қағидаты - жағдайлары бірдей
болған кезде басымдық ақпараттық қызметті өндіруші отандық бәсекеге
қабілетті өндірушіге беріледі;
-
әлеуметтік бағдар қағидаты - мемлекеттік ақпараттық саясаттың негізгі
шаралары Қазақстан азаматттарының әлеуметтік мүдделерін қамтамасыз етуге
бағытталады;
-
мемлекеттік қолдау қағидаты - мемлекет отандық бұқаралық ақпарат
құралдарын дамыту үшін экономикалық жағдайлар жасайды;
- құқық басымдығы қағидаты - құқықтық нормаларды дамыту және
қолдану ақпараттық саланың проблемаларын әкімшілік тұрғыдан шешудің
барлық түрлерінен басымдықта болады.
Осы түрғыдан алғанда ақпараттық салада алдағы кезеңде төмендегі
міндеттер алға шығады:
-
ақпараттық саладағы заңдылықты жетілдіру;
-
елдің ақпараттық кеңістігінің бірлігін қамтамасыз ету;
-
мемлекеттік билік пен азаматтық қоғам арасындағы тұрақты да ашық
өзара байланыс жасалуы үшін ақпараттық ортаны қамтамасыз ету, қоғаммен
байланыс институтын нығайту;
-
елдің бүкіл аумағында отандық ақпараттық инфрақұрылымды жедел
дамыту және әлемдік ақпараттық кеңістікке кірігу үшін экономикалық және
ұйымдық жағдайлар жасау;
-
сенім, өзара түсіністік және іскер әріптестік қағидаттарына
негізделетін қоғам мен мемлекет арасындағы өзара іс-әрекетті нығайтуға
қажетті ашық ақпараттық орта қүру.
Бұл міндетті шешу үшін мемлекеттің жағымды имиджін қалыптастыру
және жұртшылықты мемлекеттік дамудың барлық актуальды мәселелері
бойынша хабардар етіп отыру жөніндегі жұмысты барлык мемлекеттік
органдардың тиісті ұйымдастырушылық, кадрлық, қаржылық қамтамасыз етуді
талап ететін басым міндеттерінің қатарына қосу; мемлекеттік органдардың
баспасөз қызметтерінің және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімдерінің
ресурстық қамтамасыз етілуін күшейтіп, олардың жұмысын жандандыру; БАҚ
арқылы мемлекеттік органдардың қоғаммен тікелей байланысын ынталандыру;
ақпараттық кеңістікке мемлекеттің қатысуын жандандыру және кеңейту қажет
болады.
|