Жетпісбай бекболатұЛЫ


Мемлекеттік  органдар  баспасөз  қызметтерінің  негізгі  қағидаттары



Pdf көрінісі
бет31/86
Дата25.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#114026
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   86
Байланысты:
ПособиеПрессСлужба2019 Бекболатулы

    
Мемлекеттік  органдар  баспасөз  қызметтерінің  негізгі  қағидаттары.
 
Мемлекеттік  органдар  баспасөз  қызметтерінің  жұмысында  төмендегі 
қағидаттарды бөліп көрестуге болады:
 
      Биліктің қоғам алдындағы ашықтығы қағидаты басқарушылық шешімдерді 
шығару  мен  қабылдау  кезінде  жариялылықты  қамтамасыз  ету  дегенді 
білдіреді. Бұл сақталуға тиісті қағидаттардың бірі, себебі журналистер өздеріне 
қажетті ақпаратты ала алмай пұшайман болатын кездері жиі кезедеседі.  
 
     Теңдік  қағидаты  барлық  БАҚ  үшін  тең  құқықты  қамтамасыз  ету  дегенді 
білдіреді.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясының  20-шы  бабында 
ақпарат  алудың  тең  құқықтығы  атап  көрстетілген,  сондықтан  ол  бұлжытпай 
орындалуға тиіс.
 
     Әлеуметтік  бағдарлану  қағидаты  мемлекеттік  қолдау  көрсету  кезінде 
әлеуметтік  бағыттағы  ақпараттық  жобаларға  басымдық  беруді  білдіреді.  Бұл 
қағидат,  билік  жүзеге  асыратын  әлеуметтік  маңызы  зор  жобаларды,  мәселен 
жол төсеу, комуналдық тұрғын салу бағдарламаларын БАҚ-та жазып-көрсетуге 
тиісті  мемлекеттік баспасөз қызметтері үшін маңызды болып табылады.
 
     Заңдылық қағидаты-ой мен сөздің, бұқаралық ақпарат құралдарының саяси 
және  идеологиялық  еркіндігін  қамтамасыз  ететін  жүйе  қалыптастыру  дегенді 
білдіреді. Бұл қағидатты жүзеге асыруға қажетті құқықтық нормалар Қазақстан 
Республикасының қолданымдағы заңнамасында көрініс тапқан.
 
     Жүйелілік  қағидатының  мәні  мынада:  ақпараттық  саясат  әкімшіліктің 
бұқаралық 
ақпарат 
құралдарының 
барлығымен 
қарым-қатынасында 
жүйелілікке  сүйенеді.  Бұл орайда  жүйелілік  деп  БАҚ басшыларымен  тұрақты 
түрде  кездесулер  өткізіп  тұру,  мүдделі  мәселелер  мен  проблемаларды  біріге 
талқылау дегеді білдіреді. 
 
      Сондай-ақ  АРТИКЛЬ  19  Бүкіләлемдік  ұйымы  тұжырымдаған  мемлекеттік 
ұйымдар  баспасөз  қызметтерінің  жалпы  қабылданған  халықаралық 
қағидаттары да назар аударуға тұраралық::
 
    1-ші  қағидат.  Барынша  ашықтық.  Ақпарат  еркіндігі  туралы  заңдылық 
барынша  ашықтық  қағидатына  сүйенуге  тиіс.  Қазақстан  Конститутциясының 
20-бабында  тұжырымдалған  бұл  ереже  құқықтық  мемлекеттің  ең  негізгі 
қағидаттарының  бірі  болып  табылады.  Шектеулі  ақпарат  (мемлекеттік  және 
қызметтік, банктік, коммерциялық құпия) заңмен айқындалады. 
 
    2-ші  қағидат.  Жариялау  міндеттілігі.  Мемлекеттік  органдар  аса  маңызды 
ақпараттарды  жариялап  отыруға  тиіс.  Жариялануға  тиісті  ақпарат  түрі  осы 
ақпаратты  беретін  мемлекетік  орган  ерекшелігіне  (мәселен,  қорғаныс,  қаржы 
мекемелері)  байланысты  болады.  Заң  ақпарат-деректі  жария  ету  жөніндегі 
жалпы  міндеттілікті  белгілеп,  таратылатын  ақпарат  категорияларын 
айқындайды. 
 
      3-ші  қағидат.  Үкімет  қызметінің  ашықтығын  (мөлдірлігін)  насихаттау. 
Ашықтықты насихаттау ақпарат еркіндігінің басты бөліктерінің бірі.     
 
      4-ші қағидат. Ақпарат ашықтығы қағидатына кірмейтін ережелер тізімі. Бұл 
ережелер  нақты  белгіленуі  қажет.  Мемлекет  шектеулі  деректер    тізіміне 
енбейтін ақпарат сұраныстарының бәрін қанағаттандыруға міндетті. 
 


     5-ші  қағидат.  Ақпаратқа  қол  жеткізуге  жәрдемдесетін    тәртіптер. 
Сұратылған  ақпарат  жедел  әрі  жауапкершілікпен  қаралып,  мерзімінде 
жөнелтілуі  қажет.  Бұл  жөнінде  «Бұқаралық  ақпарат  құралдары  туралы» 
Қазақстан  Республикасының  Заңының  18  бабының  2-1  бабанда  былай  деп 
көрсетілген: «Мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар сұратылып отырған 
ақпаратты өтiнiш түскен күннен бастап үш күннен кешiктiрмей беруге не беру 
мерзiмiн  немесе  беруден  бас  тарту  себебiн  көрсете  отырып  жауабын  беруге 
мiндеттi. 
 
       Қосымша  зерделеудi  және  тексерудi  қажет  ететiн  өтiнiшке  жауап  ол  келiп 
түскен  күннен  бастап  бiр  ай  мерзiмнен  кешiктiрiлмей  берiлуге  тиiс.  
       Бұқаралық  ақпарат  құралынан  қойылған  мәселелердi  шешу  құзыретiне 
кiрмейтiн  мемлекеттiк  органдарға  немесе  өзге  де  ұйымдарға  өтiнiш  келiп 
түскен  жағдайда,  осы  өтiнiш  бес  күн  мерзiмнен  кешiктiрiлмей  тиiстi 
органдарға  жiберiлiп,  бұл  туралы  бұқаралық  ақпарат  құралына  хабарлануға 
тиiс». 
 
 
3.3.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет