2-сурет. Орталық органдар баспасөз қызметінің үлгі құрылымы
Жетекші
сектор
сектор
сектор
орындаушы
орындаушы
орындаушы
Мемлекеттік билік органдарының иерархиясында облыстық әкімдік орта
буынға жатады. Жергілікті жерлерде реформаларды жүзеге асырудың негізгі
жүгі де осы облыстық әкімшілік мойына жүктелген.
Мемлекеттік органдардың, соның ішінде облыстық әкімдіктердің
баспасөз қызметтері бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты көбіне
баспасөз релиздерін таратып, баспасөз мәслихаттарына журналистерді шақыру,
жарық көрген материалдарды немесе теледидарда берілген сюжеттерді тіркеу
арқылы бір ғана коммуникациялық бағытта жүргізіп келеді.