Жетпісбай бекболатұЛЫ



Pdf көрінісі
бет34/86
Дата25.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#114026
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   86
Байланысты:
ПособиеПрессСлужба2019 Бекболатулы

2-сурет
Жергілікті билік органының баспасөз қызметі 
 
 
Жетекші 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
қызметкер 
 
қызметкер 
 
қызметкер 
 
 
 
 
 
                       
 
Кері  байланысты  жүзеге  асыру,  атап  айтқанда  мақсатты  ақпараттық 
науқан  жүргізу,  қоғамдық  пікірді  зерттеп,  оның  нәтижелерін  саланы  болмаса 
аумақты басқару процесінде пайдалану әлі де тәжірибеге енбей келе жатыр.
 
Зерттеушілердің  пікірінше,  қоғаммен  байланысты  ұйымдастыру  әдісін 
өзгерткен  жөн.  Баспасөз  қызметтерінің  орнына  функционалдық  ауқымы  кең 
ақпараттық-талдау орталықтары құрылуы керек.
 
Ақпараттық-талдау  орталықтарының  қызметі  біртұтас  ақпараттық 
кеңістіктер  құруға  бағытталуға  тиіс.  Бұл  кеңістікті  құру  бағытында  жұмыс 


істейтін  ақпараттық-талдау  орталығының  қызметі  кері  байланысты  жүзеге 
асыруға  бағытталған.  Облыстың  ақпараттық  кеңістігін  құрудың  төменде 
берілетін  Тұжырымдамасында  ақпараттық  -талдау  орталығының  қызмет  өрісі 
біршама  толық  қамтылған.  Орталық  алдына  мына  төмендегідей  міндеттер 
қойылады:
 

облыстың  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  қызметін  облыс 
басшылығы қолға алып жатқан шараларды насихаттауға бағыттау;
 
-  облыстың  ел  ішіндегі,  сондай-ақ  шет  елдердегі  жағымды  имиджін 
қалыптастыру, 
бұл 
үшін 
облыс 
басшылығының 
күш-жігерін 
республикалық  және  жергілікті  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  көрсетіп 
отыру;
 

басшылықтың  халықпен  берік  байланысын,  сондай-ақ  кері 
байланысын жолға қою;
 
-  облыс  (аудан,  қала)  әкімінің  аппаратында  аймақта  болып  жатқан 
экономикалық,  саяси,  әлеуметтік  процестер,  өзге  де  қоғамдық  құбылыстар 
жөнінде деректер жиынтығын шоғырландыру.
 
Осы  мақсаттарды  жүзеге  асыру  үшін  алты  бағытты  қамтитын  мынадай 
ұйымдық шаралар қарастырылады:
 
Бірінші бағыт. Бұқаралық ақпарат құралдарында:
 
-
 
шетелдік  және  отандық  инвестицияларды  (келешегі  бар  жобалар, 
олардың мәні мен күтіліп отырған қайтарымы) тартудың жағдайын;
 
-
 
шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі жұмысты;
 
-
 
әлеуметтік  мәселелерді  (
жалақы,  зейнетақы,  жәрдемақы  төлеу, 
табысы аз отбасыларға көмек көрсету, білім беру мен денсаулық сақтаудың 
жағдайы, қылмыстық ахуалды реттеу)
 шешілуін ұдайы көрсетіп отыру.
 
Екінші  бағыт.  Облыстың  біртұтас  ақпараттық  кеңістігін  қалыптастыру 
барысында «билік пен халық» бағытында үздіксіз кері байланысты жолға қою, 
қолдап отыру жөнінде қажетті ұйымдық-техникалық шаралар қабылдау керек. 
Бұл  тұрғыдағы  алғашқы  қадам  ретінде  облыстық  (аудандық,  қалалық) 
әкімшіліктің  қоғамдық  қабылдау  бөлмесін  құруды  атауға  болады,  қабылдау 
бөлмесіне  облыстың  (ауданның,  қаланың)  кез  келген  тұрғыны  өз  ұсыныс-
тілектерін  жолдай  алады,  болмаса  басшылармен  тікелей  жолығыса  алады. 
Мұндай  қабылдау  бөлмесінде  басшылық  өкілдері  азаматтарды  бейресми 
жағдайда  қабылдайды.  Осындай  жүздесулер  негізінде  облыс  (аудан,  қала) 
басшылығына арналып, талдау материалдары әзірленеді.
 
Үшінші  бағыт.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарында  облыстағы  қоғамдық-
саяси  ахуал,  аймақтың  әлеуметтік-экономикалық  проблемалары  жөнінде  дерек 
беретін  тұрақты  айдарлар  ашу      (мәселен,  облыстық  газеттерде  аудандық 
баспасөздің  актуальді  материалдарын,  оқырман  хаттарын  белгілі  бір  ретпен 
беріп тұруды жолға қою керек).
 
Аудандық 
және 
қалалық 
газеттерді 
шығарудың 
техникалық-
экономикалық  мәселелерін  зерделеу  негізінде  жергілікті  бұқаралық  ақпарат 
құралдарын дамытудың оңтайлы моделін ұсыну қажет.
 
Төртінші бағыт. Облыс теледидары. Теледидар облыс көлемінде насихат 
науқандарын  жүргізуге  кең  өріс  ашады,  сондықтан  халықтың  хат-хабарлары, 


облыстық  және  аудандық  баспасөз  жарияланымдары  негізінде  әзірленген 
облыс басшыларының тұрақты телесұхбаттарын өткізіп отырған жөн.
 
Бесінші  бағыт.  Қоғамдық  пікірге  ұдайы  сұрау  салып  отыру,  сондай-ақ 
редакция  поштасын  зерттеу  облыстағы  қоғамдық-саяси  ахуал  тамырын  ұстау 
мүмкіндігін  беретін  маңызды  тұтқа  болып  табылады.  Бұл,  біріншіден, 
жұртшылықтың  өз  көзқарасын  еркін  білдіруіне  жағдай  туғызады,  екіншіден, 
облыс  басшылығына  жағдайды  әділ  көрсететін  нақты  фактілердің  негізінде 
аймақтың  жиынтық  әлеуметтік  «бейнесін»  жасайтын  талдама  материал 
ұсынуға мүмкіндік береді.
 
Алтыншы  бағыт.  Біртұтас  ақпараттық  кеңістікті  қазіргі  заманғы 
ақпараттық технологияларды пайдаланбайынша құру мүмкін емес. Бұл орайда 
Интернет  жүйесіндегі  облыстық  әкімшіліктің  веб-сайтында  қазақ,  орыс, 
ағылшын тілдерінде облыстың ақпараттық бюллетенін ұйымдастыру қажет.
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет