Жетпісбай бекболатұЛЫ


 Саяси партияның баспасөз қызметін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет39/86
Дата25.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#114026
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   86
Байланысты:
ПособиеПрессСлужба2019 Бекболатулы

       3.5.  Саяси партияның баспасөз қызметін ұйымдастыру 
 
     
Дамыған  елдерде  әлеуетті    материалдық  техникалық  базаға  ие  саяси 
партиялардың  өз  штаб-пәтерлері,  білікті  қызметкерлер  шоғырландырылған 
аппараттары  бар.  Біздің  еліміздегі  демократия  дамуының  бір  көрінісі  саяси 
партиялар  мен  қозғалыстардың  өркендеуі  болып  табылады.  Партиялар  түрлі 
әлеуметтік  топтардың  мүдделері  мен  көзқарастарын  білдіреді,  биліктің 
сайланбалы  органдарында  лауазымды    орындарды  иеленуді  көздейді.  Саяси 
партия  баспасөз  қызметінің  басты  ерекшелігі  –  саяси  ақпарат  таратып, 
қоғамдық  өмір  құбылыстарына  талдау  жасайтын  мамандандырылған 
бұқаралық  ақпарат  құралдары  оның  мақсатты  аудиториясы  болып 
табылатындығында.  Бұлар,  ең  алдымен  қоғамдық-саяси  БАҚ  және  сапалы 
басылымдар. 
 
    Саяси  партиялардың  қызметінің  жарқырап  көрінетін  бір  тұсы  –  билік 
органдарының  сайлауы.   Партияның  сайлау  науқаны-стратегиясы  мен 
тактикасын, бюджетін партия басшылығы қарап, бекітетін бірегей дербес жоба 
болып табылады. Сайлау науқанын тиімді жүргізу үшін басшылық аутсорсинг 
шартымен  саяси  технологтарды  шақыруы  мүмкін.  Мұндай  жағдайда баспасөз 
қызметі 
олардың 
қолғанаты 
болады.   
   Партия баспасөз қызметінің сайлаулар арасында атқаратын міндеті  –ұйымға 
деген  оң  көзқарас  қалыптастырып,  оның  өз  уәделеріне  адалдығын 
айқындайтын  ақпартаттық  себептер  мен  түрткілер  табу.  Баспасөз  қызметі 
сондай-ақ  партия  серкелерінің  қызметін  жазып-көрсетуге,  олардың  жағымды 
бейенелерін сомдауға  көп  көңіл бөледі.  Бұл  орайда  партиялық  баспасөзге  зор 
маңыз беріледі. 
 
     Саси  партия,  қозғалыс  атынан  сөйлеуге  өкілетті  баспасөз  хатшысы  партия 
басшысына  сапарларға  шыққанда  еріп  жүріп,  журналистермен  және  газет 
редакторларымен жеке байланыс орнатады. 
 
     Баспасөз  хатшысының  мәртебесі.  Баспасөз  хатшысының,  ресми  өкілдің 
мәртебесін айқындаудағы жауапкершілік жүгі оның тікелей басшысына түседі. 
Осы  аталған  басшы  немесе  өзге  де  лауазымды  тұлға  баспасөз  хатшысымен 
бірлесе отырып, баспасөз қызметінің ұйымдастыру қағидаттарын жасап, оның 
міндеттерін айқындауы қажет. Бұл орайда басшы: 
 


- Басшылық баспасөз өкілдері алдында қаншалық жиі көрінуге тиіс? 
 
- БАҚ өкілдері алдына лауазымды тұлғалардан тағы кімдер шығуға тиіс?
 
-Баспасөз  хатшысының  аппараттың  өзге  мүшелерімен  қарым-қатынасы 
қалай болғаны жөн, деген сауалдарды шешуі қажет.
 
      Сондай-ақ  басшының  сұхбат  беру,  баспасөз  конференцияларын  өткізу 
мерзімдерін  келісіп,  баспасөз  хатшысының  басшы  атынан  сөйлеуін  жұмыс 
барысында айқындап алу керек болады. 
 
     
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет