4) журналистiң куәлiгiн көрсету арқылы дүлей апаттар болған аудандарда,
митингiлер мен демонстрацияларда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен
наразылықтарды өзге де бiлдiру нысандарына қатысуға;
5) құжаттар мен материалдардың мемлекеттiк құпиялар болып табылатын
мәлiметтерi бар үзiндiлерiн қоспағанда, олармен танысуға рұқсат алуға;
6) алынатын ақпараттың дұрыстығын тексеруге;
7) алынған ақпараттық материалдарды тексеру кезiнде мамандарға жүгiнуге;
8) өзi дайындаған хабарлар мен материалдарға қолын қойып, шартты атын
(бүркеншiк атын) көрсетiп таратуға;
9) материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейiн журналистiң жеке сенiмiне
қайшы келсе, оған өз қолы қойылып жариялануынан бас тартуға;
10) авторлық және ақпарат көздерiнiң құпиясы соттың талап етуiмен жарияланған
жағдайларды қоспағанда, бұл құпияларды сақтауға құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: