Жетпісбай бекболатұЛЫ


   Қазақстан  Президентінің  баспасөз  қызметі.  Ербол  Шаймерденұлы



Pdf көрінісі
бет7/86
Дата25.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#114026
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   86
Байланысты:
ПособиеПрессСлужба2019 Бекболатулы

 
 
1.3.
 
 Қазақстан  Президентінің  баспасөз  қызметі.  Ербол  Шаймерденұлы 
–еліміздің тұңғыш кәсіби баспасөз хатшысы 
 


      Біздің 
елімізде  алғашқы  баспасөз  қызметтерінің  өмірге  келуіне 
жиырмасыншы  ғасырдың  соңғы  онжылдықтарында  бұрынғы  Кеңестер 
Социалистік  Республикалар  Одағында  (КСРО)  орын  алған  күрделі  қоғамдық-
саяси үдерістер себепкер болды. Бұл кезең тарихқа «Қайта құру» деген атпен 
енген. Өзінің өркениеттік әлеуетін жоғалтқан кеңестік саясат пен экономиканы 
тығырықтан  шығару  үшін  КСРО-ның  бірінші  әрі  соңғы  президенті 
М.С.Горбачевтің ортаға тастаған осынау бастамасы белгілі бір деңгейде еркін 
ойлылық  пен  пікір  әралуандығын  қамтамасыз  етуді  көздеді.  «Жариялылық» 
ұранымен  жүргізілген  саяси  науқан  мемлекеттің  басқарушы,  бақылаушы  әрі 
дем беруші орталығы-Коммунистік партия құрылымдарын да қамтыды. 
 
      Кеңестер  Одағы  Коммунистік  партиясының  (СОКП)  қоғамдағы  жетекші 
рөлі  жөніндегі  КСРО  Конституциясының  алтыншы  бабының  және  цензура 
күшінің  жойылуы  билік  құрылымдарын  жаңаша  жұмыс  істеуге  мәжбүр  етті. 
Жариялылық  пен  демократияны  дамыту  жөнінде  қолға  алынған  жұмысты 
Кеңестер Одағы халқы мен халықаралық қауымдастық ықыласпен қабылдады. 
Тарихтың бұрындары жабық болып келген беттерінің -«ақтаңдар ақиқатының» 
ашылуы  Қазақстанда  және  басқа  одақтас  ресупбликаларда  үлкен  рухани 
өрлеуге жол ашты. Сондай-ақ 1986 жылы Алматы қаласында болған желтоқсан 
көтерілісі  халық  санасын  оятып,  жастардың  саяси  ұмтылыстарына  серпін 
берді. Қазақ елінің мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігі идеясы көтеріліп, ол 
көп ұзамай ақиқатқа айналды.     
 
     Қазақстанда  баспасөз  қызметінің  пайда  болып,  қалыптасуына  жариялылық 
үдерісі  дүмпуімен  билік  құрылымдарының  өз  қызметіне  ашықтық  сипатын 
беруге  тырысуы  түрткі  болды  десек,  артық  айтқандық  емес.  Жұртшылықпен, 
қоғаммен байланыс-PR елдегі қоғамдық қатынастарды демократияландырудың 
пәрменді  құралына,  егемен  мемлекеттің  саяси,  әлеуметтік-экономикалық 
дамуының маңызды факторына айнала бастады. 
 
     Біздің  еліміздегі  баспасөз  қызметі  саяси  институт  ретінде  сахнаға  1990 
жылдың 7 тамызында ресми түрде шыққанын тарихи деректер дәлелдейді. Бұл 
күні  елдегі  билік  тұтқасын  ұстаған  Қазақстан  Коммунистік  партиясы  (ҚКП) 
Орталық  Комитетінің  баспасөз  орталығын  ұйымдастыру  жөнінде  шешім 
қабылданды.  Баспасөз  конференциялары  мен  брифингтер  өткізетін  орын 
ретінде 
ҚКП 
Орталық 
комитет 
ғимаратының 
және 
«Достық» 
мейманханасының  конференц-залдары  белгіленді.  Баспасөз  конфренциялары 
айына кемінде бір рет өткізу ұсынылды. Жаңа құрылымдық бөлімшенің штаты 
жетекшілік  жасайтын  баспасөз  хатшысы  және  төрт  кеңесші-консультант 
құрамында  бекітілді.  Сондай-ақ  баспасөз  орталығының  материалдық  базасын 
жасау  және  оның  жұмысын  техникалық  тұрғыдан  қамтамасыз  ету,  «Достық» 
мейманханасының  конференц-залын  синхронды  (ілеспе)  аударма  жүйесімен 
жабдықтау жөнінде тиісті бөлімдер мен қызметтерге тапсырма берілді. Бұдан 
бір  айдан  астам  уақыт  өткеннен  кейін,  1990  жылдың  12  қыркүйегінде  белгілі 
журналист,  ҚКП  Орталық  комитетінің  жауапты  қызметкері  Ербол 
Шаймерденұлы  Шаймерденов  баспасөз  хатшысы  болып  бекітілді.  Сөйтіп, 
қарымды  қаламгер,  Солтүстік  Қазақстан  облысының  «Қызыл  ту»  газетінің 
(бүгінгі  )  және  «Социалистік  Қазақстан»  (бүгінгі  «Егемен  Қазақстан») 


газеттерінің  беттерінде  шығармашылық  талантымен  танылған    ақын  Ербол 
Шаймерденұлы еліміздің баспасөз қызметінің алғашқы кірпішін қалады.     
 
      Бұл  кезеңде  елімізде  Президент  институты  енгізілген  болатын,  Қазақстан 
Компартиясы  Орталық  комитетінің  бірінші  хатшысы  Нұрсұлтан  Әбішұлы 
Назарбаев  сонымен  қатар  Қазақ  КСР  Президентінің  де  қызметін  атқаратын. 
Қазақстан  Республикасы  өз  кезегінде  Қазақ  Кеңестік  Социалистік 
Республикасының  құқықтық  мұрагері  болып  табылатындықтан,  Ербол 
Шаймерденұлын Қазақстан Президентінің бірінші баспасөз хатшысы, еліміздің 
қоғаммен  байланыс  тәжірибесі  тарихында  тұңғыш  рет  ресми  бекітіліп, 
танылған ресми өкіл, баспасөз қызметінің жетекшісі деп есептеу орынды. 
 
      Кейіннен,  1991  жылғы  қаңтарда  Ғадылбек  Минажұлы  Шалахметов  Қазақ 
КСР  Президентінің  баспасөз  хатшысы  болып,  ал  1992  жылдан  Қазақстан 
Республикасы Президентінің Баспасөз қызметінің басшысы болып бекітілді.  
 
      Н.Назарбаевтың  1990-1991  жылдарда  Қазақстанның  егемендігін,  аумақтық 
тұтастығын  қамтамасыз  ету  жөніндегі  тынымсыз  қызметі  еліміздің  шынайы 
тәуелсіздік  алуына  негіз  қалады.  Баспасөз  қызметі  мемлекет  басшысының 
санқырлы қам-қарекетін қалың елге таныту бағытында тындырымды тірліктер 
жасады. 1991 жылғы 3 шілдеде баспасөз қызметі Мәскеу қаласында президент 
Н.Назарбаевтың  шетел  және  кеңес  журналистеріне  арналған  баспасөз 
конференциясын  ұйымдастырды.    Конференцияға  қатысқан  шетелдік 
бұқаралық  ақпарат  құралдары  өкілдерінің  саны  жағынан  болсын,  әлемдік 
баспасөзде  жазылу,  көрсетілу  жағынан  болсын  бұл  аса  ауқымды  шараға 
айналды.  Шын  мәнінде,  бұл  мәжіліс  Қазақстанның  әлем  жұртшылығы 
алдындағы медиалық тұсауесері және елдің тізгінін ұстаған көшбасшының бар 
бітім-болмысымен  жарқырап  көрінген  сәті  болды.  Баспасөз  хатшысы 
Е.Шаймерденұлына  осы  шараны  ұйымдастырып,  оның  жүргізушісі  болу 
бақыты  бұйырды.  Конференцияға  әзірліктің  соңғы  сатысында  баспасөз 
хатшысы 
бір 
апталық 
іссапармен 
Мәскеуге 
келіп, 
қазақстандық 
журналистердің  баспасөз  конференциясына  қатысуына  қатысты  мәселелерді  
шешумен айналысты.   
 
     Баспасөз 
конфренциясы  Мәскеудегі  жаңадан  ашылған  «Октябрь» 
мейманханасының  екінші  қабатында  жергілікті  уақытпен  16.00-де  басталды. 
Журналистер  өз  репортаждарында  жазғандарындай,  «бұған  дейін  мұндай 
басқосуларға  осынша  халық  жиналмаған».  Бұл  ғимаратта  күніне  екі-үш 
баспасөз  конференциясы  өтетіндігіне  қарамастан  мәслихатқа  қатысқан 
баспасөз  өкілдері  өте  көп  болды.  Қазақстан  президентімен  кездесу  алдын  ала 
көрсетілген  мерзімі  -  таңертеңгі  11.00  сағаттан  түстен  кейінгі  16.00  сағатқа  
ауыстырылса  да  шетелдік  тілшілердің  түгелге  жуығы  оған  қайыра  келді. 
Оларға  алты  тілде  баспасөз  хабарламалары,  жарнамалық  проспектілер 
таратылды.  Келген  қонақтардың  көбі  президент  Н.Назарбаевтың    «Молодая 
гвардия»  баспасынан  шыққан  «Без  правых  и  левых»  атты  кітабын,  орталық 
«Правда»  және  «Известия»  газеттерінде  жуырда  басылған  сұхбаттарын 
өздерімен  бірге  ала  келіпті.  Залдың  әжептәуір  кеңдігіне  қарамастан  тілек 
білдіргендердің  біразына  орын  жетпеді.  Мұның  барлығы  Н.Назарбаевтың 


тұлғасына, оның сарабдал саясатына деген ынта-ықыластың көрінісі болатын. 
Журналистер де, саясаткерлер де оны шынайы лидер-көшбасшы деп таныды.   
 
     Баспасөз  конференциясы  екі  сағаттай  уақытқа  созылды.  Бірақ,  мәслихат 
аяқталса  да,  Қазақстан  президенті  самсаған  микрофондар  мен  телекамералар 
арасынан  шыға  алмай,  сұхбатты  жалғастырып  жатты.  Қытайдың  танымал 
газеті,  белгілі  жапон  телекомпаниясы  және немістің  салиқалы  саяси  журналы 
арнайы қабылдау жөнінде өтініштерін білдіруге асықты. Сондай-ақ тынығатын 
бөлмеге  бас  сұққан  шетелдік  әріптестер  де  табылып  жатты.  Нұрсұлтан 
Әбішұлының  берілген  сұрақтарға  айқын  да  шынайы  жауап  қатуына, 
журналистер  қойған  сауалдардың  барлығына  ықыласпен  лебіз  білдіруіне 
сүйсінген  итальяндық  журналист  шараны  ұйымдастырушыларға  «Сіздер  өз 
президенттеріңізді сақтаңыздар» деген тілек білдірді.    
 
     Баспасөз  конференциясында  көтерілген  мәселелердің  дені  Одақтық 
шарттың,  дағдарысқа  қарсы  бағдарламаның,  президенттің  заңнамалық  және 
саяси  бастамаларының  төңірегінде  болды.  Әлемнің  әр  түкпірінен  жиылған 
қалам қайраткерлері танымал саяси қайраткер-Қазақстан басшысының әралуан 
тақырыптарға  қатысты  ой-пікірлерін,  ұстанымдарын  білуге  асықты.    Оларды 
одақтас  республикалар  басшыларының  орталықтың-Мәскеудің  қатысуынсыз 
саммит  өткізуі,  Семей  полигонындағы  ядролық  сынақтарға  қатысты 
референдум  ұйымдастыру,  «Демократиялық  реформалар  қозғалысы»  атты 
қоғамдық ұйым және М.С.Горабевтің оның жұмысына қатысуы, Қазақстандағы 
жер  реформасы  және  казактар  қозғалысы,  ғалым-экономистер  Г.Явлинский 
мен  Н.Абалкиннің  экономикалық  бағдарламалары,  экономика  мен  саясаттың 
бірін-бірі толықтыруы және басқа мәселелер жөніндегі Н.Назарбаевтың  пікірі 
қызықтырды.  Н.Ә.Назарбаев  арасында    талай  құйтұрқы  сұрақтар  болған 
сауалдардың  барлығына  орнықты  да    толымды  жауап  қайтарып,  қаламгерлер 
көңілінен  шықты.  Сұрақтарға  берілген  жауаптардың  ұтымды  тұстарын 
журналистер  өз  басылымдарының  алғашқы  беттеріне  жариялап,  бас  тақырып 
етіп  алып  жатты.  Баспасөз  қызметі  кейіннен  жасаған  шолу  барысында 
Н.Назарбаевтың бірқатар тұжырымды пікірлері еліміз бен шет мемлекеттердегі 
белгілі экономистер мен саясаткерлер ықыласына іліккенін көрсетті. 
 
     Е.Шаймерденұлы  1991  жылдың  27  қазанынан  1996  жылдың  15  наурызына 
дейін  Қазақстан  Парламентінің  баспасөз  қызметіне  басшылық  жасады. 
Баспасөз хатшысы еліміздің тәуелсіздік алуына және жаңа, егеменді мемлекет 
құрылуына  қатысты  көптеген  тарихи  оқиғалардың  куәгері  ғана  емес,  тікелей 
қатысушы  да  болды.  Е.Шаймерденұлы  Мемлекеттік  егемендік  туралы 
Декларация, 
Қазақстан 
Республикасының 
Тәуелсіздігі, 
Қазақстан 
Республикасының  бірінші  және  екінші  Конституциялары,  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  туралы  Заң,  Қазақ  Кеңес  Социалистік 
Республикасының  атауын  өзгерту  туралы  Заң  және  басқа  тағдырлы  құжаттар 
қабылданғанан  кейін  іле-шала  брифингтер  өткізудің  бірегей  мүмкіндігіне  ие 
болды.  Әртүрлі  кезеңдерде,  ХІ-ХІІ  шақырылған  Парламент  төрағалары  Е.М. 
Асанбаевпен  (1991),  С.Ә.Әбділдинмен  (1991-1994),  Ә.К.Кекілбаевпен  (1994-
1996)  және  олардың  орынбасарларымен,  парламент  комитеттерінің 
төрағаларымен  және  депутаттармен  қоян-қолтық  жұмыс  істеді.  Қазақстан 


Республикасы  Парламентінің  баспасөз  хатшысы  ретінде  Қазақстан 
Республикасының  екі  палаталы  жаңа  парламентінің  алғашқы  спикерлерінің: 
Сенат  төрағасы  Ө.Байгелдінің  (1996  жылғы  1  ақпан),  Мәжіліс  төрағасы 
М.Т.Оспановтың (1996 жылғы 2 ақпан) сайланғаннан кейінгі тұңғыш баспасөз 
мәслихаттарын өткізді. 
 
     Баспасөз  қызметі  Конституциялық  Сот  төрағасы  М.Баймаханов  және 
Орталық Сайлау комиссиясының төрағасы А.Ким лауазымдарына отырысымен 
олардың  алғашқы  баспасөз  мәслихаттарын  өткізді.  Бұларды  осы  аталған 
мемлекеттік  органдар  баспасөз  қызметі  тарихының  бастаулары  ретінде 
қарастыруға болады.
 
     Баспасөз қызметі Парламенттің халықаралық қарым-қатынастарына да қызу 
араласты.  Қазақстандық  депутаттардың  парламентаралық  байланыстарын, 
олардың  ТМД  Парламентаралық  Ассамблеясының  жұмысына  қатысуын, 
Парламент  төрағалары  мен  олардың  орынбасарларының  ресми  сапарларын,  
сондай-ақ    халықаралық  парламентаралық  делегацияларының  Қазақстанға 
келуін,  заң  шығару  және  азаматтық  қоғамды  дамыту  мәселелері  бойынша 
халықаралық  түрлі  ғылыми-тәжірибелік  конференцияларды  кеңінен  жазып, 
көрсетті.  Мәселен,  1993  жылы  баспасөз  қызметі  Еуропа  Кеңесі  Парламенттік 
Ассамблеясы  делегациясының  Алматыдағы  баспасөз  конференциясын 
ұйымдастырып, өткізді. 
 
      Баспасөз  қызметі  мемлекеттік  деңгейдегі  жауапты  тапсырмаларды 
абыроймен  орындап  жүрді.  1991  жылы  Қазақстанның  Қарабақ  мәселелерін 
шешуге арағайын ретінде атсалысуды, 1992 жылы Мемлекеттік рәміздердің ең 
үздік  жобасы  үшін  байқау  ұйымдастыруды,  1993  жылы  дүние  жүзі 
қазақтарының  құрылтайын  ұймдастыруға  қатысуды  және  бұқаралық  ақпарат 
құралдарында  жазып  көрсетуді  атауға  болады.    Қазақстан  Республикасының 
Президенті  Н.Назарбаевтың  1991  жылғы  10  желтоқсандағы  иннаугурациясын 
және  1992  жылғы  6  маусымдағы  егемен  Қазақстанның  жаңа  Мемлекеттік 
рәміздерінің  ресми  таныстырылу  салтанатын  баспасөз  қызметі  жазып, 
көрсетуді жоғары деңгейде атқара білді. Мұндай мәртебелі міндеттерді жүзеге 
асырудың  сеніп  тапсырылуы  жаңа  қоғамдық  институт-баспасөз  қызметінің 
кәсіби  және  азаматтық  шеберлігі  қалыптасқанына  айғақ  болады.  Сол  кездегі 
Парламенттің  баспасөзбен  берік  те  баянды  баланыстарын  қалыптастыруға 
Еркін  Зікібаев,  Ольга  Бабий,  Серікқали  Байменшин  мен  Серік  Қаражанов 
сияқты майталман журналистер көп еңбек сіңірді.  
 
     Жиырмасыншы ғасырдың 90-шы жылдары еліміздің өзге де ресми баспасөз 
қызметтері өмірге келген және қалыптасқан кезең болып табылады. Солардың 
ішінде  Әміржан  Қосанов  басқарған  Үкіметтің  баспасөз  қызметін  айырықша 
атап  көрсетуге  болады.  Жариялылық  пен  демократияның  осынау  маңызды 
институты  ел  аймақтарында  да  жедел  өркендеп,  дамыды.    Қазіргі  таңда 
министрліктер  мен  ведомстволардың,  облыстық  әкімдіктердің,  олардың 
құрылымдарының барлығының өзіндік баспасөз бөлімдері бар. Бұлар жедел де 
айқын ақпараттың сенімді көздері болып отыр. 
 
     
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет