3. Жұртшылықпен байланыс саласындағы әріптестермен өзара іс-әрекет қағидаттары
3.1. Адал бәсекелестік
Әріптестермен қарым-қатынастарда жұртшылықпен байланыс жөніндегі маман немесе
нарық операторы жосықсыз бәсекеден аулақ болуы тиіс. Маман немесе нарық операторы
әріптестерінің кәсіби абырой-беделіне немесе жұмысына қасақана нұқсан келтірмеуге және
бәсекелесі туралы жалған ақпарат таратпауға тиіс.
3.2. Клиенттерді немесе бәсекелестердің жұмыс берушілерін құрметтеу
Маман немесе нарық операторы өз жұмысында клиенттердің немесе өзге маманға
немесе нарық операторына жұмыс берушілердің абырой-беделіне нұқсан келтіретін
әдістерді пайдаланбауға тиіс. Бір нарық операторы өзге нарық операторының қызметін
клиент немесе жұмыс беруші алдында бағалауға тиісті емес, клиент немесе жұмыс беруші
үшін өзге нарық операторын таңдауға қатыспауы керек.
3.3. Авторлық құқықты құрметтеу
Нарық операторы авторлығы өзге нарық операторына тиесілі әдістеме мен
технологияны коммерциялық жағдайда жария етпеуге немесе қандай да бір тәсілмен
таратпауға тиіс, мұның өзі соңғылардың жазбаша келісімі арқылы нақты дәлелдене алады.