Өзіне жүктелген негізгі міндеттерге сәйкес Баспасөз қызметі:
Қазақстан
Республикасы
Премьер–Министрінің,
Премьер-Министр
орынбасарларының, сондай-ақ Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері
басшыларының баспасөз мәслихаттары мен брифингтерін ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі сөздерінің жобаларын әзірлеуге қатысады;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша БАҚ-та баспасөз
релиздерін және өзге де ақпараттық және түсіндірмелік материалдар таратады;
тиісті мекемелермен және ұйымдармен (соның ішінде шарттық негізде) бірлесе
отырып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Үкіметі мен Премьер-Министр
Кеңсесінің қызметі туралы анықтамалық басылымдар, ақпараттық материалдар шығару мен
таратуды ұйымдастырады;
БАҚ материалдарын апта сайын жедел жинауды және оларға жедел талдау жасауды
жүзеге асырады, БАҚ-тағы аса маңызды жарияланымдар мен хабарлар бойынша баспасөз
дайджестері мен шолуларын әзірлейді;
Премьер-Министр мен Үкіметтің қызметін толық та объективті жария ету мақсатында
республикалық газеттердің, журналдардың, телерадиокомпаниялардың, ақпараттық
агенттіктердің бас редакторларымен, сондай-ақ шетелдік БАҚ-тардың тілшілік
пункттерімен жұмыс бабында қарым-қатынас жасайды;
Кеңсе бөлімдерімен бірлесе жұмыс істейді, Баспасөз қызметінің өкілеттігіне енетін
мәселелерді шешу үшін қажетті ақпарат сұратады және алып отырады.