Э. А. Абдыкеримова


 Информатиканың ғылымдар жҥйесіндегі орны



Pdf көрінісі
бет6/134
Дата31.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#116510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
Байланысты:
Э.А.Абдыкеримова.ИНФОРМАТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 
1.4 Информатиканың ғылымдар жҥйесіндегі орны 
 
Информатиканың 
дәстҥрлі 
ғылымдар 
жҥйесіндегі 
(техникалық, 
жаратылыстану,  гуманитарлық  және  т.б.)  орнын  қарастырайық.  Бҧл 
информатиканың жалпы білім беру курсының басқа да оқу пәндерінің арасында 
алатын орнын анықтауға мҥмкіндік береді.  
А.П.Ершов  бойынша,  информатика  –  ―фундаментальды  жаратылыстану 
ғылымы‖.  Академик  Б.Н.Наумов  информатиканы  ―ақпараттың  жалпы 
қасиеттерін, оны ӛңдеудің (жинақтау, сақтау, тҥрлендіру, орын ауыстыру, беру) 
процестерін,  әдістері  мен  қҧралдарын  зерттейтін  жаратылыстану  ғылымы‖  
ретінде анықтайды. 
Фундаменталды 
және 
жаратылыстану 
ғылымдары 
арасындағы 
айырмашылыққа  тоқталайық.  Негізгі  ҧғымдары  жалпы  ғылымдық    сипатта 
болатын, басқа да ғылымдар мен іс-әрекет тҥрлерінде қолданылатын ғылымдар 
фундаменталды  ғылымдарға  жатады.  Мысалы,  математика  және  философия 
ғылымдарының  осы  топқа  жататынына  ешкім  дау  айтпайды.  Осы  қатарға 
информатиканы  да  қоюға  болады,  ӛйткені  ―ақпарат‖,  ―ақпаратты  ӛңдеу 
процесі‖ т.б. ҧғымдар жалпы ғылымдық сипатқа ие.  
Жаратылыстану ғылымдары – физика, химия, биология және т.б. - әлемнің 
біздің  санамызға  тәуелсіз  объективті  болмысымен  байланысты.  Олардың 
қатарына  информатиканы  жатқызу  –  табиғи,  биологиялық  және  қоғамдық 
ғылымдар жҥйесіндегі ақпаратты ӛңдеу заңдарының бірлігін кӛрсетеді.   


 
13 
Алайда, кӛптеген ғалымдар информатиканың басқа да ғылымдар тобымен 
- техникалық және гуманитарлық (немесе қоғамдық) ғылымдармен байланысты 
екенін атап ӛтуде. 
Ақпаратты  ӛңдеудің  машиналық  жҥйелерін  қҧру  және  қызмет  етуі 
информатикаға техникалық сипат береді.  Айталық, академик А.А.Дородницын 
информатиканың  қҧрамын  ―ҥш  бӛлінбейтін  және  байланысқан  бӛліктер: 
техникалық,  программалық,  алгоритмдік  қҧралдар‖  тҥрінде  анықтайды. 
―Информатика және есептеуіш техника негіздері‖ пәнінің бастапқы атауы қазір 
―Информатика‖  болып  ӛзгертілді.  Ол  техникалық,  программалық  және 
алгоритмдік 
қҧралдарды 
оқытуға 
байланысты 
бӛлімдерді 
қамтиды. 
Информатика  ғылымына    гуманитарлық  (қоғамдық)  ғылымдар  сипаты  да  тән. 
Бҧл  информатика  ғылымының  әлеуметтік  ортаның  дамуына  қосқан  ҥлесімен 
тҥсіндіріледі.  Сонымен,  информатика  –  ғылыми  білімнің  кешендік,  пәнаралық 
саласы болып табылады.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет