Аспектілер мен



Pdf көрінісі
бет55/78
Дата08.02.2022
өлшемі3,26 Mb.
#117827
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   78
Байланысты:
Политическая система каз А5

12,08
4,72
81,75
0,78


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
78
саяси жүйесінің демократиялық трансформация процесінде 
маңызды кезең болды. Бұл сайлаудың маңызы посткеңестік 
кезеңде алғаш рет өткізілген баламалы президент сайлауы 
болды. Сонымен қатар, президенттік биліктің легитимді 
өрісін кеңейтіп, қуатты президенттік республика құру 
мақсатымен Қазақстанда саяси және конституциялық 
реформалардың кезекті циклын іс-жүзінде аяқтады. 
1998 жылы басталған партиялық және қоғамдық 
қозғалыстардың дамуы саяси белсенділіктің күрт өсуімен 
ерекшеленді. Бұған бірнеше факторлардың септігі тиді:
біріншіден, Қазақстан Республикасының Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 1998 жылғы 
қыркүйектегі «Елдегi жағдай мен iшкi және сыртқы 
саясаттың негiзгi бағыттары: жаңа жүзжылдықта қоғамды 
демократияландыру, экономикалық және саяси реформа» 
атты Жолдауы, онда демократияландырудың негізгі жеті 
элементтерінің қатарында қоғамның саяси жүйесінде 
партияның рөлін күшейту белгіленді: «Саяси партиялар 
демократия ғимаратын соғуда қолданылатын негізгі 
«құрылыс материалы» болып табылады, және біз олардың 
дамуы мен бекуі үшін құқықтық және басқа да жағынан 
қолдан келгеннің бәрін жасап, олардың қоғамдағы орнын 
бекітуіміз керек»; 
екіншіден, Парламентте партиялардың пропорционалды 
өкілеттілігін енгізу ұсынысы партиялық жүйенің одан 
әрі дамуы үшін маңызды ұсыныс болды, бұл 1998 жылғы 
7 қазанда Конституцияға жасалған өзгерістер мен 
толықтыруларда өз көрінісін тапты. Осы түзетулерге 
сәйкес, Парламент Мәжілісінде партиялық тізім бойынша 
сайланатын депутаттар үшін қосымша он орын бөлінді. 
Осылайша, алғаш рет саяси партиялар Парламенттің 
төменгі палатасындағы депутаттық мандаттар үшін таласқа 
жанама түрде емес, тікелей қатысуға мүмкіндік алды. 
1999 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті 
Мәжілісіне өткізілген сайлау дауыс берудің аралас 
жүйесі бойынша депутаттық мандаттарға партияаралық 
таластың алғашқы тәжірибесі болды. 67 бірмандатты 
сайлау аймақтары бойынша Қазақстанның 595 азаматы 


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
79
үміткер ретінде ұсынылды. Олардың ішінде қоғамдық 
бірлестіктерден – 74, саяси партиялардан – 127, өзін өзін 
ұсынғандар – 394 адам. Партиялық тізім бойынша 84 
кандидат тіркелді. Сайлауға келесі тоғыз партия қатысты: 
Қазақстанның Халық конгресі партиясы, Қазақстанның 
қайта жаңғыруы партиясы, Еңбектің республикалық 
саяси партиясы, «Отан» республикалық саяси партиясы, 
Қазақстанның 
коммунисттік 
партиясы, 
«Азамат» 
демократиялық партиясы, Қазақстанның азаматтық 
партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы, «Алаш» 
ұлттық партиясы (4-диаграмма). 
Партиялық тізім бойынша сайлау 1999 жылғы 10 қазанда 
өткізілді, сайлау нәтижесінде Парламенттің төменгі 
палатасындағы (Мәжілістегі) 10 орынның (77 орынның 
ішіндегі) ішіндегі 4 депутаттық мандатты «Отан» партиясы 
(сайлаушылардың 30,89 % дауысы), ал Коммунисттік 
(17,75%), Аграрлық (12,63%), Азаматтық партиялар (11,23%) 2 
мандаттан иеленді. 
1998 жылғы конституциялық түзетулерге сәйкес Мәжіліс 
сайлауында дауыс берудің аралас жүйесін енгізу саяси 
жүйеде айтарлықтай трансформациялық өзгеріс болды. 
1999 жылғы Парламент сайлауын көппартиялы негізде 
4-диаграмма. 
ҚР Парламент Мәжілісі (құрамы) (1999 ж. сайланған) 
БІР МАНДАТТЫ 
АЙМАҚТАР 
БОЙЫНША 
ПАРТИЯЛЫҚ 
ТІЗІМ 
БОЙЫНША 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет