Аспектілер мен



Pdf көрінісі
бет57/78
Дата08.02.2022
өлшемі3,26 Mb.
#117827
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   78
Байланысты:
Политическая система каз А5

БАРЛЫҒЫ 107 ДЕПУТАТ 
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ 
АССАМБЛЕЯСЫНАН
9
98


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
87
пропорционалды жүйесіне сәйкес партиялық тізім 
бойынша барлық 98 депутаттық мандатты жеңіп алды. 
2010 жылғы 23 желтоқсанда Өскеменде Нұрсұлтан 
Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін созу жөнінде 
референдум өткізу бойынша жиналыс өтті. 2011 жылғы 31 
қаңтарда Конституциялық кеңес ҚР Ата заңына Қазақстан 
Республикасы Президентінің өкілеттілігін референдумда 
созу жөнінде депутаттар енгізген түзетулерді елдің 
Конституциясына сәйкес келмейді деп таныды. Кезектен 
тыс президенттік сайлау 2011 жылғы 3 сәуірге бекітілді. 
2011 жылғы 18 ақпанда «Нұр Отан» ХДП-сы ұсынып, ел 
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тіркелді. 26 қаңтарда 
президенттікке кандидаттың куәлігін Коммунистік 
халықтық партияның ОК хатшысы Жамбыл Ахметбеков 
алды. 2011 жылғы 28 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы 
президенттікке кандидаттар ретінде Қазақстанның 
патриоттар партиясының көшбасшысы – сенатор Ғани 
Қасымовты және «Табиғат» экологиялық одағының 
жетекшісі, өзін-өзін ұсынған Мэлс Елеусізовты тіркеді.
8-диаграмма. 
ҚР Парламенті Мәжілісіне партиялық тізім бойынша 
өткен сайлау қорытындысы
«АҚ ЖОЛ» 
4,54% 
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ СОЦИАЛ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ 
ПАРТИЯ (ЖСДП) 
1,51% 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОММУНИСТІК ХАЛЫҚТЫҚ 
ПАРТИЯСЫ (ҚКХП)
3,09% 
«АУЫЛ» 
1,29% 
«РУХАНИЯТ»
0,37% 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАТРИОТТАР ПАРТИЯСЫ
0,78% 
«НҰР ОТАН» 
88,41% 


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
88
Ұйымдастырылған 
үгіт-насихат 
науқанында 
Н. 
Назарбаев, Ж. Ахметбеков, Ғ. Қасымов партиялық қолдауға 
сүйенді. Жалпы алғанда, кандидаттардың бағдарламалары 
қоғам өмірінің саяси, экономикалық және әлеуметтік 
салаларын реформалау бойынша шаралардың ауқымды 
кешенін ұсынды.
2011 жылғы 5 сәуірде ҚР ОСК сайлау қорытындысын 
жариялады, оған сәйкес ел Президенті Нұрсұлтан 
Назарбаев сайлаушылар даусының 95,55 % , Ғани Қасымов 
– 1,94 % дауыс, Жамбыл Ахметбеков – 1,36 % дауыс, Мэлс 
Елеусізов – 1,15 % дауыс жинады (9-диаграмма).
5. Қазақстандағы 2011-2012 жж. сайлау циклының 
ерекшелігі – 2011 жылғы Президент сайлауы да, 2012 жылғы 
парламенттік сайлауда мерзімінен бұрын өткізілгенінде 
болды. Міне осы жайт саяси процестерге төтенше серпін 
берді. 
2011 жылғы 16 қарашада ҚР Президенті Нұрсұлтан 
Назарбаев «Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы 
Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан 
Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының 
кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа 
қол қойды, оған сәйкес Парламенттің төменгі палатасы 
таратылды, партиялық тізім бойынша болатын депутаттар 
сайлауы 2012 жылдың 15 қаңтарына бекітілді. 
9-диаграмма. 
ҚР Президенті сайлау қорытындысы (2011 ж.) 
Н. НАЗАРБАЕВ
%
Ғ. ҚАСЫМОВ
М. ЕЛЕУСІЗОВ
Ж. АХМЕТБЕКОВ
1,94
1,36
95,55
1,15


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
89
Қазақстанның коммунистік партиясы сайлау процесіне 
қатыса алмады, өйткені оның қызметі сот шешімімен 
тоқтатылған болатын. 2011 жылғы 28 желтоқсанда 
«Руханият» партиясының партиялық тізімі алынып 
тасталған соң сайлау тізімінде 7 қатысушы қалды: «Нұр 
Отан», «Ақ жол», ЖСДП, ҚКХП, «Ауыл» партиясы, «Әділет» 
партиясы, Қазақстанның патриоттары партиясы. 
2012 жылғы 17 қаңтарда Қазақстанның Орталық сайлау 
комиссиясы Парламенттің төменгі палатасы депутаттары 
сайлауының қорытындыларын жариялады. 
Сайлаушылар даусының 80,99 % жинаған «Нұр Отан» ХДП-
сы сенімді түрде жеңіске жетті. Сонымен қатар Парламентке 
7,47 % дауыс жинаған Қазақстанның демократиялық 
партиясы «Ақ жол» және 7,19 % дауыс жинаған Қазақстанның 
коммунистік халықтық партиясы өтті. Жалпыұлттық 
социал-демократиялық партиясы 1,68% дауыс, «Ауыл» 
қазақстандық социал-демократиялық партиясы — 1,19 %, 
Қазақстанның патриоттары партиясы — 0,83 %; «Әділет» 
демократиялық партиясы — 0,66 % (10-диаграмма). 
10-диаграмма.
ҚР Парламенті Мәжілісіне партиялық тізім бойынша 
2012 жылы өткен сайлау қорытындысы 
1,68% 
7,19% 
1,19% 
0,66% 
0,83% 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ «АҚ ЖОЛ» 
7,47% 
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ СОЦИАЛ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ 
ПАРТИЯСЫ 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОММУНИСТІК ХАЛЫҚТЫҚ ПАРТИЯСЫ
«АУЫЛ» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 
СОЦИАЛ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ 
«ӘДІЛЕТ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАТРИОТТАРЫ ПАРТИЯСЫ
«НҰР ОТАН» ХДП-СЫ 
80,99% 


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
90
2012 жылғы ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауы 
қорытындылары бойынша елдің жоғары өкілетті органында 
келесі партиялар өкілдік алды: «Нұр Отан» – 83 депутаттық 
мандат, «Ақ жол» – 8, ҚКХП – 7.
2016 жылғы 20 наурызда өткізілген Қазақстан 
Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттары 
сайлауында заң органдарында тіркелген 7 партияның 6 
қатысты.
ҚР Әділет министрлігінің мәліметтеріне сәйкес 
Қазақстанда 7 саяси партия әрекет етуде: «Нұр Отан» 
партиясы (1999), «Ақ жол» ҚДП (2002), «Ауыл» ХДПП (2015), 
ЖСДП (2007), «Бірлік» (2013), ҚКХП (2004), «Азат» ҚДП (2006). 
«Азат» Қазақстанның демократиялық партиясы 2016 
жылғы сайлауға қатысудан бас тартты, ол іс жүзінде өзінің 
қызметін тоқтатып, қазіргі таңда қағаз жүзінде ғана бар. 
Аталған сайлаудың ерекшеліктері, біріншіден оның кезек 
тыс сипаты, екіншіден, онымен бір мезгілде облыстық, 
аудандық және қалалық мәслихаттардың сайлауын өткізу. 
2016 жылғы 19 ақпанда ҚР Орталық сайлау комиссиясы 
алты саяси партияның тізімдерін тіркеді, жалпы 234 
кандидат болды. Сонымен бірге олардың 47 (20,1%) ҚР 
Парламенті Мәжілісі депутаттарының депутаттары болатын. 
Саяси партиялардың тізімі бойынша сайлауға 
түскен кандидаттардан басқа ҚР Парламенті Мәжілісіне 
депутаттығына кандидат ретінде Қазақстан халқы 
Ассамблеясы сайлайтын 9 кандидатты Орталық сайлау 
комиссиясы тіркеді. Оларды 26 ақпанда ҚХА отырысында 
ұсынды, ал сол жылғы 2 наурызда олар тіркеуден өтті.
2016 жылғы 20 наурыздағы ҚР Парламенті Мәжілісі 
сайлауында сайлаушылар тізіміне енгізілген 9 миллион 810 
азаматың 7 миллион 966 мыңы, 77,12% қатысты.
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы 22 наурыздағы 
отырысында Мәжіліс сайлауының қорытындыларын 
жасады: Мәжіліс үш партиялы болып қалды. 
• «Нұр Отан» партиясына 6 183 757 сайлаушы дауыс 
берген, ол 82,20% құрады; 
• «Ақ жол» демократиялықпартиясы – 540 406 дауыс, 
немесе 7,18%; 
• «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттар партиясы 
– 151 285 дауыс, немесе 2,01%; 


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
91
• Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы – 537 123 
дауыс, немесе 7,14%; 
• Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 88 813 
дауы, немесе 1,18%; 
• «Бірлік» саяси партиясы - 21 484 дауы, немесе 0,29%. 
Осылайша, жекі пайыздық межені еңсерген үш партия 
Парламентке өтті, олар: «Нұр Отан», «Ақжол» және ҚХКП. 
Депутаттық мандаттар төмендегідей бөлінді: «Нұр Отан» – 
84 мандат, «Ақ жол» – 7, ҚКХП – 7. Сонымен бірге Орталық 
сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясынан 
Мәжіліс депутаттарын сайлау қорытындысын да шығарды.
38
ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымы өзінің 
көппартиялы және плюралистік форматын сақтап қалды, 
бұл жайт оның жұмысының нәтижелерінде оң көрініс табуы 
тиіс. 
Дауыс беру нәтижелері қазақстандықтардың өз таңдауын 
кезекті мәрте мемлекет пен қоғамның тұрақты әрі бірізді 
дамуы пайдасына жасағандықтарын көрсетті. 
Қазақстан-2050 стратегиясын кезең-кезеңімен жүзеге 
асыру, «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны 
жүзеге асыружөніндегі 100 нақты қадам»құжатын қабылдау 
Қазақстанның саяси жүйесін жетілдірудегі маңызды 
кезеңдерге айналды (13-сурет). 
Қазіргі жағдайда Қазақстанның саяси жүйесінің 
маңызды деген институттарын – мемлекет пен саяси 
инфрақұрылымның институттарын модернизациялау мен 
жетілдіру жалғасуда. 
Бес институционалды реформада және оларды жүзеге 
асыруға бағытталған «100 нақты қадам» ¬– Ұлт жоспарында 
Қазақстанның саяси жүйесінің институттарын реформалау 
жолдары ұсынылған. Мемлекет басшысы атап өткендей, 
бұл түпкілікті өзгерістердің басты мақсаты – «жүйелік 
дерттердің сыртқы белгілерін жылы жабу емес, емдеу».
Бес институционалдық реформаның ішіндегі біріншісі 
(ЗАМАНАУИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ) 
және бесіншісі (ЕСЕП БЕРЕТІН ТРАНСПАРЕНТТІ МЕМЛЕКЕТ 
38 
https://parliament2016.vlast.kz/article/centrizbirkom-podvel-okonchatelnye-itogi-
parlamentskih-vyborov.22.03.2016.


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
92
МЕМЛЕКЕТ
МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫ 
АВТОНОМДАУ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 
МАНСАПТЫҚ МОДЕЛІНЕ 
КӨШУ
САПАЛЫ СОТ КОРПУСЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ,
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖАҢА ЗАҢ
АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ КОДЕКС, НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ 
АКТІЛЕРГЕ БІРҚАТАР ӨЗГЕРІСТЕР
ЗАМАНАУИ, КӘСІБИ 
ЖӘНЕ АВТОНОМДЫ 
МЕМЛЕКЕТТІК 
АППАРАТТЫ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ЕСЕП БЕРУШІ МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
СОТ ЖҮЙЕСІН 
РЕФОРМАЛАУ
13-сурет. 
Қазақстан саяси жүйесінің институционалдық қосалқы 
жүйесі процестерінің сипаттамасы
САЯСИ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БИЛІКТІҢ 
ӨКІЛЕТТІ ОРГАНДАРЫНДА 
ПАРТИЯЛАР ӨКІЛДІГІН КҮШЕЙТУ 
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ,
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖАҢА ЗАҢ
ПАРТИЯЛЫҚ-САЯСИ 
КЕҢІСТІКТІ ҚАЙТА 
ҚҰРЫЛЫМДАУ
ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 
ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМДАР 
ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ 
КЕҢЕСТЕРДІҢ РӨЛІН КӨТЕРУ
«ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ ҚР 
КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР 
ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ», «ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР ТУРАЛЫ» ЗАҢДАР 
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ 
ИНСТИТУТТАРЫН 
ДАМЫТУҒА ЖАҢА 
ИМПУЛЬС БЕРУ 
ПАРТИЯЛЫҚ ӨКІЛДІКТІҢ 
КОНФИГУРАЦИЯСЫН ӨЗГЕРТУ 


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
93
ҚАЛЫПТАСТЫРУ) мемлекеттік құрылымдар қызметін 
жетілдіруге бағытталған. 
Экономикалық бағдарламалардың және мемлекеттік 
қызметтердің сапалы орындалуын қамтамасыз ететін 
заманауи, кәсіби және автономды мемлекеттік аппаратты 
қалыптастыру жөніндегі бірінші реформаның аясында 
келесі шаралар қолға алынады: 
• мемлекеттік аппаратты автономды ету; 
• мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшу.
«Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа бейінді Заң, 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа заң және басқа 
да бірқатар құқықтық актілер жасалып, қабылданды. 
Мемлекеттік қызметкердің жаңа Этикалық кодексі 
қабылданып, қолданысқа енді. Осылайша, тек кәсіби ғана 
емес, автономды мемлекеттік аппарат құру жоспарлануда. 
Бесінші 
реформа 
есеп 
беретін 
мемлекетті 
қалыптастыруды көздейді. Бұдан былай мемлекеттік 
органдардың 
жетекшілері 
өз 
ведомстволарының 
жетістіктері туралы жыл сайын есеп беріп тұратын болады. 
Сондай-ақ бүкіл бюджеттік және шоғырландырылған 
қаржылық есеп-қисап, сыртқы қаржылық аудиттің 
нәтижелері, мемлекеттік саясаттың эффективтілігін 
бағалау қорытындылары, мемлекеттік қызмет сапаларына 
берілген қоғамдық бағаның нәтижелері, республикалық 
және жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есептер 
қоғамға жария болады. 
97-ші қадам бойынша мемлекеттік функцияларды 
бәсекелі ортаға беру, өзін өзі реттеуді дамыту және 
жергілікті басқару жөнінде жұмыстар жүргізілуде. 2015 
жылы жергілікті басқару мәселелері жөніндегі заңнамалық 
актілерге жергілікті басқару органдарының қаржылық және 
экономикалық дербестігін кеңейту бойынша түзетулер 
енгізілді. 
ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ жөніндегі екінші 
реформа шеңберінде сот жүйесін реформалау көзделуде, 
оның негізгі міндеті сапалы сот корпусын қалыптастыру. 
Екінші реформа сот төрелігі жүйесінің бес сатылы 
жүйеден үш деңгейлі жүйеге (бірінші, аппеляциялық, 


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
94
кассациялық) өтуін көздейді. Сот лауазымына үміткерлерге 
деген біліктілік талаптары мен оларды іріктеу тетіктері 
қатаңданады, соттардың есептілігін күшейту мен басқа 
да шаралар қарастырылған. Жалпы алғанда, аталған 
реформаны жүзеге асыру жекеменшік құқығына 
кепілдік береді, кәсіпкерлік іс-әрекет үшін, келісім шарт 
міндеттемелерін қорғауға жағдай жасайды. 
Аталған міндеттерді орындау үшін ҚР Азаматтық 
процессуалдық кодексінің жаңа нұсқасы, «Жоғарғы Сот 
кеңес туралы» жаңа Заң, «Сот жүйесі және соттар мәртебесі 
туралы» Конституциялық заңға қажетті өзгерістер енгізілді.
Қазіргі 
кезеңде 
ҚР 
саяси 
инфрақұрылымы 
институттарының іс-әрекетінде келесі жайттарды қамтитын 
жүйелі қайта құрулар орын алуда: 
• партиялық-саяси жүйенің қайта құрылымдануы; 
• азаматтық қоғам институттарының дамуына жаңа 
серпін беру бойынша шараларды жүзеге асыру. 
Осылайша, партиялық-саяси кеңістік құрылымының 
өзгеру контекстінде келесі жайттар жүзеге асты: 
• барлық деңгейдегі биліктің өкілетті органдарында 
партиялар өкілдігін күшейту; 
• Қазақстанның саяси жүйесіндегі партиялық өкілдік 
конфигурациясының өзгеруі, партия аралық бәсекелестікті 
дамыту, саяси партияларды ірілендіру (біріктіру) т.б. 
Азаматтық қоғам институттарын дамытуға жаңа серпін 
беру Қазақстанның саяси жүйесі инфрақұрылымындағы 
өзгерістерді сипаттайтын екінші аспект болып табылады. 
Бесінші институционалды реформаны жүзеге асыру 
аясындағы 99-шы қадам мемлекеттік органдар мен әкімдер 
жанындағы қоғамдық кеңестер рөлін күшейтуді көздейді. 
2015 жылы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң қабылданды, 
аталмыш заң қоғамдық кеңестердің қалыптасу және 
ұйымдастырылу тәртібін айқындады. 
99-шы қадамды орындау үшін қабылданған нормативті-
құқықтық актілер (НҚА) қоғамдық кеңестерді мемлекет 
істеріне қоғам ықпалын жүзеге асыратын мемлекеттік 
емес институттарға, қоғам мен биліктің өзара әрекеті 
формасына, мемлекеттік шешімдер қабылдануының 


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
95
ашықтығын арттыратын консультативті-кеңесші, 
бақылаушы органға ауыстырады, сондай-ақ аталған 
актілер қоғамдық тыңдаулардың ұйымдастырылуы мен 
өткзілу тәртібін бекітеді. 
Ең маңызды деген, қоғамдық мәні зор мәселелердің 
барлығы турасында азаматтық қоғамның мүмкіндігі 
күтілетін нәтиже болуы тиіс. 
2015 жылы қабылданған «Өзін өзі реттеу туралы» Заң, 
бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 
нақты қадам - Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған. 
Ол кәсіби және кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өзін өзі 
реттеуінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ 
өзін өзі реттейтін ұйымдарды құру мен қызмет ету тәртібі 
мен мәртебесін регламенттейді.
«Өзін өзі реттеу туралы» Заң коммерциялық емес 
ұйымдарға кәсіпкерлік немесе кәсіби салаларда дербес 
реттеуші мәртебесін келесі мақсаттарды көздей отырып 
берді:
1) отандық тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 
сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 
2) отандық экономика салаларының бәсекеге 
қабілеттілігін арттыру; 
3) нарық қатысушыларының тұтынушылар алдындағы 
жауапкершілігін артыру. 
«Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері 
жөнінде ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен 
толықтырулар енгізу туралы» Заң бірқатар нормативтік-
құқықтық актілерге өзгерістер енгізді. Олар: «Мемлекеттік 
әлеуметтік тапсырыс туралы», «Коммерциялық емес 
ұйымдар туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасының 
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексі және т.б. 
Ол мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру 
барысында болатын қоғамдық қатынастарды, гранттар 
бөлуді және үкіметтік емес ұйымдарға сыйақылар 
тағайындауды реттеуге бағытталған. 
Осылайша, аталмыш бастамалар шешім қабылдау 
мәселелерінде азаматтық қоғам институттары рөлінің 
күшеюіне, қоғамның өзекті проблемаларын шешу бойынша 


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
96
қоғамдық бақылаудың артуына септігін тигізеді. 
Жалпы алғанда, бес институционалдық реформаны 
жүзеге асыру Қазақстан Республикасының саяси жүйесін 
демократиялық процесті тереңдету бағытында жетілдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет