САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
126
партиясының үстемдігімен сипатталады. 2007 жылы
қабылданған конституциялық түзетулерге сәйкес Үкіметті
қалыптастыру құқығына ие бола отырып, партия Қазақстан
Республикасының қазіргі заманғы тарихында алғаш рет іс
жүзінде билік құрушы партияға айналды. Дәл осы үстемдігін
«Нұр Отан» партиясы 2012 жылғы парламенттік сайлауда
тағы да дәлелдеді.
Депуттардың ішкі және сыртқы саясаттың негізгі
бағыттарын айқындауға қатысуы арқылы, Үкіметті
қалыптастыру процесіне
депутаттардың ықпал етуі
арқылы Парламенттің рөлін күшейту саяси жүйені
одан әрі демократияландыру процестеріне ғана емес,
республикадағы партиялық құрылыстың шапшаңдығы мен
сапасына да оң әсерін тигізетін факторға айналды.
Мәселе, тек заң шығарудың тиімді әрі жауапты іс-әрекеті
турасында ғана емес, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы
партия өкілдері және атқарушы органдарға қатысы
жағынан қоғамдық кеңестер тарапынан бақылаушы
өкілеттіктердің жоғары деңгейі турасында да болуда.
2-кесте.
ҚР Парламенті Мәжілісіне партиялық тізім бойынша
2012 ж.
Сайлау қорытындысы
«НҰР ОТАН»
5 621 436
ДАУЫС
«АҚ ЖОЛ»
ҚКХП
83 ОРЫН
80,99%
518 405
ДАУЫС
8 ОРЫН
7,47%
498 788
ДАУЫС
7 ОРЫН
7,19%
САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: СЕНІМ ДӘРЕЖЕСІ
САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI
127
Партия басшылығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
науқаны, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың іс-
әрекетінің барынша транспаренттілігін қамтамасыз етуге
күрес аясындағы бастамаларын осы көзқарас тұрғысынан
қарастырған абзал.
Қазіргі таңда Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінде
«Нұр Отан» партиясын «орталық» ұстанымға жатқызуға
болады, оның идеологиясында консерватизм, либерализм
және социал-демократия элементтері ұштасқан. Міне осы
партия ғана институционалдық,
қаржылық, әкімшілік,
ақпараттық және электоралдық ресурстарға ие, бұл жайт
оған Қазақстанның саяси кеңістігінде тиімді қызмет етуге
мүмкіндік беруде.
Қоғамның саяси жүйесінде «Нұр Отан» партиясының
айырықша рөлдік басымдықтары
мен бағдарларын бөліп
көрсетейік:
3-кесте.
ҚР Парламенті Мәжілісіне партиялық тізім бойынша 2012 ж.
Сайлаудың қорытындысы
«ӘДІЛЕТ»
«ЖСДП»
«АУЫЛ»
ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ПАТРИОТТАР
ПАРТИЯСЫ
Достарыңызбен бөлісу: