29
бағдарламалар арасындағы байланысты көрсететін кестені қамтиды. Келесі кестеде
нақты жоспарланған іс-шараларға қатысты қазіргі уақытта қол жеткізілген нәтижелер
туралы кейбір ақпаратты қоса алғанда, тиімділіктің нысаналы көрсеткіштері
көрсетілген. Осы мәселе бойынша министрліктер
мен ведомстволардың жұмысын
үйлестіру ҚР ҰЭМ-ге жүктелген, ал Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (МҚІСЖКА) министрліктердің мемлекеттік
қызметтер көрсетуіне баға береді. Алайда жоспарларда тиімділіктің сандық нысаналы
көрсеткіштері нашар түсіндіріледі, ол көрсеткіштер осы жоспарда қарастырылатын іс-
әрекеттерімен немесе осы іс-әрекеттердің нақты нәтижелерімен тікелей байланысты
болмауы мүмкін: мысалы, ҚР ҚМ-нің 2018-2022 жылдарға арналған жоспары
(ағылшын тілінде қолжетімді) салық салуға және кәсіпкерлік
қызметті реттеуге
қатысты бірқатар іс-шаралар көмегімен жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде
белгілі бір позицияларға қол жеткізуге бағытталған. Стратегиялық жоспарлар мен
тиімділіктің нысаналы көрсеткіштерін қамту бюджет шығыстарының 75 пайызынан аз
екенін ескере отырып, бағалау C құрайды.
D-8.2 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Әрбір жыл үшін бюджеттің атқарылуы туралы есепке қоса берілетін жарияланатын
түсіндірме жазбаларда тиімділіктің нысаналы көрсеткіштеріне қандай дәрежеде қол
жеткізілгені туралы кейбір ақпарат болады (PI-15.3 қараңыз). Стратегиялық жоспарлар
қол жеткізілген нәтижелер туралы, сондай-ақ болашақ
міндеттер туралы кейбір
ақпаратты қамтиды. Осылайша, 2018 жылы дайындалған жоспарлар 2019-2024
жылдардың 5 жылдық кезеңі ішінде 2017 жылдың нақты нәтижелері туралы кейбір
ақпаратты қамтитын болады. Тиімділіктің нысаналы көрсеткіштері шығыстардың 75
пайыздан азын қамтитындықтан, бағалау C.
D-8.3. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМДАР АЛАТЫН
РЕСУРСТАР
Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесі (ҚБАЖ - төменде PI-21 қараңыз)
орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен, орталық және
жергілікті атқарушы билік органдарының бюджеттеріне
толығымен интеграцияланған
жекелеген мектептер мен емханаларды қоса алғанда, барлық транзакциялар (кірістер
мен шығыстар) туралы ақпарат алады. Министрліктер бүкіл ел бойынша барлық
бөлімшелер бойынша жағдайды қадағалау үшін Қазынашылық жүйесін пайдалана
алады. Бұл көрсеткіш 2005 жылғы өлшемдерге сәйкес PI-23-ке кірді және 2009 жылғы
PEFA бағалауында A бағасын алды. Қызмет көрсететін мемлекеттік ұйымдар
акционерлік қоғам ретінде құрылған (Ақ - Pi-6 қараңыз) жағдайларда олардың
транзакциялары Бірыңғай қазынашылық шот
арқылы өтпейді және ҚБАЖ-да
тіркелмеген. Алайда мұндай ұйымдар жыл сайын жетекшілік ететін министрліктер мен
ведомстволарға (жоғарыда PI-6.3 қараңыз) есеп береді, олар мемлекеттен, қызмет
алушылардан және басқа да көздерден алынған барлық қаражат туралы ақпаратты
қамтиды. Мұндай тәжірибе 2015-2017 жылдары орын алды. Бағалау: A.
D-8.4 ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҰСЫНУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
Есеп комитеті қаражатты жұмсауға байланысты бағдарламалардың орындалуына
шектеулі аудиторлық тексеру жүргізеді, бірақ оның
ресурстары шектеулі және
нәтижелері жарияланбайды. Ақпарат және байланыс министрлігі әртүрлі қызметтер
мен құрылымдардың жұмысы туралы қоғамдық пікірге бірнеше сауалнама жүргізді.
Бірақ мұндай сауалнамалар 25% қамти алмайды. Бағалау: D