Қазақстан Мемлекеттік шығындарды және қаржы есептілігін (МШҚЕ) бағалау 2018



Pdf көрінісі
бет55/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,85 Mb.
#120962
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   137
Байланысты:
KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ (1)

Көрсеткіш/ 
Параметр 
2018 
жылғы 
бағалау 
2018 жылғы бағалау негіздемесі 
2009 жылмен 
салыстырғандағы 
өзгерістер және 
басқа факторлар 
PI-12 

Мемлекеттік 
активтерді 
басқару (M2) 

 
 


39 
12.1 Қаржы 
активтерінің 
мониторингі 

Кәсіпорындардағы мемлекеттік үлестің 
қаржы активтері туралы деректер ҚР 
ҰЭМ-де және ҚР ҚМ жанындағы 
Мемлекеттік комитетте сақталады. Үш 
Негізгі холдинг компаниялардағы (Pi-10.1 
қараңыз) құндық мәні жағынан барлық 
мемлекеттік холдингтердің көп бөлігін 
құрайтын активтер туралы ақпарат 
жарияланады. 
Жаңа параметр 
12.2 Қаржылық 
емес активтердің 
мониторингі 

Деректер ҚР ҚМ құрған "Ақпараттық-есеп 
орталығы" АҚ-да сақталады. Бірақ 
олардың бір бөлігі қарапайым азаматтарға 
қол жетімді, ал консультанттар жүргізген 
зерттеу олардың толық еместігін көрсетті.
Жаңа параметр 
12.3. Активтерді 
иеліктен 
шығарудың 
ашықтығы 

Сату Мемлекеттік меншік туралы заңмен 
реттеледі және ММЖК басқарады. Сату 
электрондық аукциондарда төленген 
бағаларды жариялай отырып жүргізіледі, 
бірақ сатып алушылар көрсетілмейді 
Жаңа параметр 
2.4.13
PI-13 МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШТЫ БАСҚАРУ 
Бұл көрсеткіш мемлекеттің ішкі және сыртқы борышын басқаруды және олар бойынша 
кепілдіктерді бағалайды. Ол тиімді және пәрменді тетіктерді қамтамасыз ету үшін 
басқарудың тиісті әдістерінің, есептік жазбалардың және бақылаудың болуын 
бағалайды. Көрсеткіш бойынша жиынтық бағалау үшін M2 бойынша параметрлерді 
бағалаудың агрегациясы қолданылады. Бірінші және екінші параметрлер сондай-ақ 
2005 жылғы өлшемдер шеңберінде PI-17-дегі (i) және (iii) параметрлер ретінде 
бағаланады. Қамту: 13.1 және 13.2 параметрлері-орталық үкімет. 13.3 параметрі-
орталық үкімет. Кезең: 13.1 параметрі – бағалау сәтінде. 13.2 параметрі - соңғы 
аяқталған қаржы жылы. 13.3 параметрі - соңғы аяқталған үш жылға сілтеме жасай 
отырып, бағалау сәтінде. 
D-13.1 МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШ ПЕН КЕПІЛДІКТЕР БОЙЫНША ЕСЕПКЕ АЛУ 
ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІК 
Мемлекеттік борыш бойынша саясатқа жауапкершілік ҚР ҰЭМ (бюджеттің жалпы 
жағдайына және тиісінше, кез келген жаңа қарыз алудың санына жауапты ретінде) мен 
ҚР ҚМ (борышты нақты басқару мен қызмет көрсетуге жауапты ретінде) арасында 
бөлінеді. Жазбалар ҚР ҚМ және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде (ҚРҰБ) 
сақталады, ол қарыз операцияларын жүзеге асырады және ішкі нарықта операцияларды 
басқарады және ай сайын салыстырып тексеру жүргізеді. Үкіметтік борышқа қосымша 
мемлекеттік борыш ҚРҰБ және барлық ЖАО борыштарын қамтиды. ҚМ мемлекет 
кепілдік берген борыштың есебін жүргізеді. 2018-2022 жылдарға арналған ҚР ҰЭМ 
дайындаған Әлеуметтік-экономикалық даму болжамында (ӘЭДБ) ұсынылған үкімет 
болжамы 2017 жылдың соңында ЖІӨ-нің 20,1 пайызы мөлшеріндегі үкіметтік 
борышты және ЖАО-ның ЖІӨ-нің 0,1 пайызы мөлшеріндегі борышын көрсетеді. 
Жалпы мемлекеттік қарыз ЖІӨ-нің 26,4 пайызын құрайды. Бұл сандар Дүниежүзілік 
банктің есептеріне сәйкес 2016 жылдың соңында ЖІӨ-нің 29,1 пайызы мөлшерінде 
бағаланған мемлекеттік холдинг компанияларының кепілсіз берешегін алып тастайды 


40 
(Pi-10 қараңыз). Борыштың көлемін, оған қызмет көрсетуді және ол бойынша 
операцияларды қамтитын мемлекеттік борыш көрсеткіштерінің толықтығы мен 
дәлдігіне күмән келтіруге негіз жоқ және тоқсан сайын ҚР ҚМ сайтында жарияланады 
(Бюджет кодексі (БК), 204-бап). 2009 жылғы PEFA есебі осы көрсеткіштің шеңберінен 
шығатын жеке сектордың сыртқы қарыздары туралы деректердің келісілуіне қатысты 
күмәндануына байланысты тиісті параметр үшін C бағасын берді. Бағалау-A. 
D-13.2. МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШТЫ ЖӘНЕ КЕПІЛДІКТЕРДІ БЕКІТУ 
Республикалық бюджет туралы жыл сайынғы заң мемлекеттік қарыз алу үшін жалпы 
шектеуді (БК 207-бабы) және кепілдіктер беруді (БК 214-бабы) белгілейді. Үкіметтік 
қарыз алуды ҚР ҚМ Үкімет белгілеген шарттарда жүзеге асырады (БК-ның 206-бабы). 
Қарыз алудың жылдық лимиттерін Парламент Бюджет процесі шеңберінде бекіткен. 
Қолданылатын рәсімдер Парламент, Үкімет, ҚР ҚМ, ҚР ҰЭМ және ҚРҰБ арасында 
борышты басқарудың әртүрлі аспектілері бойынша міндеттердің бөлінуін көрсетеді. 
ЖАО Үкіметтен ғана қарыз ала алады (Астана және Алматы қалалары облигациялар 
шығара алатынынан басқа), барлық жағдайларда бұл ҚР ҰЭМ белгілеген шектерде 
жүргізіледі (БК 210-бабы). Заң ҚР ҰЭМ мақұлдаған инвестицияларды қаржыландыру 
үшін басқа қарыз алушылар алған қарыздар бойынша Үкіметтің кепілдігін 
қарастырады; кепілдіктер ҚР ҚМ Үкімет белгілеген шарттарымен беріледі (БК 213-214 
баптары). Кепілдіктерді беру құқығы іс жүзінде пайдаланылмаған, ал берешек сомасы 
өте аз. Бағалау-A. 
D-13.3 МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШТЫ БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫ 
Жыл сайын ҚР ҰЭМ ӘЭДБ дайындайды, онда мемлекеттік кәсіпорындардың сыртқы 
борышын ескере отырып, оның қолайлы деңгейін қамтамасыз ететін мемлекеттік 
борыш бойынша жалпы лимиттер белгіленеді. ҚР ҚМ стратегиялық жоспары 
мемлекеттік борышты басқару бойынша кейбір жалпы мақсаттарды қамтиды - ішкі 
және сыртқы қарыз алу арасындағы баланс, капиталдың ішкі нарығын дамыту, бірақ 
пайдаланылуы тиіс борыштық құралдардың түріне, сомасына, пайыздық ставкасына 
немесе өтеу мерзіміне қатысты ешқандай нақты тармақ жоқ. PEFA сыншарттарында 
көзделген борышты басқару стратегиясы осы элементтерді қамтуы тиіс. ҚР ҚМ 
ақпаратына сәйкес, Парламентке әрбір жылға арналған бюджет жобасымен бірге 
ұсынылатын жарияланбаған қосалқы материал (Pi-9 қараңыз) жүзеге асыруы көзделген 
қарыз алу түрлері туралы толық ақпаратты қамтиды, бірақ бұл параметр үшін C немесе 
одан жоғары кез - келген балл осы ақпаратты жариялауды талап етеді, сондықтан D 
бағасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет