43
бірақ алдыңғы болжамда дайындалған бюджеттен негізгі ауытқулардың түсіндірмесі
жоқ. Бағалау-B.
D-14.3 МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕЗІМТАЛДЫҚТЫ ТАЛДАУ
ӘЭДБ елдің дамуына баламалы сценарийлердің әсерін, яғни оптимистік, базалық және
пессимистік бағалауды қамтиды. 2018 - 2022 жылдардың болжамына сәйкес "Brent"
маркалы мұнайдың бағасы мынаны құрайтын болады: оптимистік сценарийге сәйкес
барреліне 55
АҚШ долларын, базалық сценарийге сәйкес барреліне 45 доллар және
пессимистік сценарийге сәйкес барреліне 35 доллар құрайды. Үкімет мынадай негізгі
тәуекелдерді анықтады: а) шикізатқа, оның ішінде мұнайға әлемдік бағалардың
құбылмалылығы; б) макроэкономикалық көрсеткіштері
дамушы елдерден капиталдың
кетуіне әкелуі мүмкін АҚШ ақша-кредит саясаты мен пайыздық ставкалардың өзгеруі;
в) Украинадағы, Сириядағы, Түркиядағы және Таяу Шығыстағы қолайсыз геосаяси
жағдайды жалғасуы, бұл сыртқы сауда мен тікелей
шетелдік инвестициялардың
қайталама арналары арқылы қосымша тәуекелдерге әкелуі мүмкін.
Негізгі
сценарий
үш
жылдық
кезең
үшін
дайындалған
егжей-тегжейлі
макроэкономикалық болжамдармен және фискалдық көрсеткіштермен орталық болжам
ретінде таңдалды. Мұның өзінде ӘЭДБ-де макроэкономикалық перспективалар мен
фискалдық көрсеткіштерге әсер етудің сандық көрсеткіштерін көрсетпей, бірнеше
ұсыныстармен балама сценарийлердің жалпы сипаттамасы ғана беріледі. Бағалау-C.
Достарыңызбен бөлісу: