Қазақстан Мемлекеттік шығындарды және қаржы есептілігін (МШҚЕ) бағалау 2018



Pdf көрінісі
бет66/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,85 Mb.
#120962
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   137
Байланысты:
KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ (1)

Көрсеткіш/Параметр
2018 ж. 
бағалауы 
2018 ж. бағалаудың 
негіздемесі
2009 
жылмен 
салыстырғанда 
өзгеріс 
және басқа факторлар
PI-20 Кірістер есебі 
(M1) 

20.1 Кірістерді жинау 
бойынша ақпарат 

Күнделікті ақпарат 
Өзгерістер жоқ 
20.2 Жиналған 
табыстарды аудару 

TSA күнделікті аудару 
Өзгерістер жоқ 
20.3 Кірістерді 
салыстыру 

Күнделікті салыстыру 
рәсімдері 
Өзгерістер жоқ 
Қайнар көзі: Мемлекеттік кірістер комитеті және Қазынашылық комитеті 
 
2.6.3
PI-21: ЖЫЛ ІШІНДЕ РЕСУРСТАРДЫ БӨЛУДІҢ БОЛЖАМДЫЛЫҒЫ 
Бұл көрсеткіш қаржы министрлігі ақшалай міндеттемелер мен талаптарды болжап, 
бюджеттік әкімшілерде қаражаттың бар-жоғы туралы нақты ақпарат бере алатынын 
бағалайды. Ол төрт параметрден тұрады және жиынтық бағалау үшін M2 әдісін 
пайдаланады. Қамту: бюджеттік орталық үкімет. Кезең: параметр 21.1 – бағалау 
сәтінде. 21.2, 21.3 және 21.4 параметрлері-соңғы аяқталған қаржы жылы. 
 
D-21.1 КАССАЛЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ШОҒЫРЛАНДЫРУ 
Республикалық және жергілікті билік органдарымен жасалатын барлық операциялар 
ҚРҰҚ арқылы жүзеге асырылады. Бюджеттік заңнамаға сәйкес бюджеттік субъектілер 
тек қазынашылықта ғана шоттар (бюджеттік және бюджеттен тыс) жүргізе алады. 
Бюджеттік ұйымдардың барлық осындай шоттары БҚШ бөлігі болып табылады. БҚШ 
күн сайын барлық үкіметтік шоттардағы ақша қаражатының қалдықтарын тіркеуге 
және шоғырландыруға мүмкіндік береді. Ұлттық банктегі БҚШ-дан басқа, 


62 
Қазынашылық комитетінің шетел валютасындағы транзиттік шоттары бар. Шетел 
валютасындағы барлық түсімдер үш жұмыс күні ішінде айырбасталуы және БҚШ-ға 
есептелуі тиіс. Бюджет есебінен сатып алынған шетел валютасы он күнтізбелік күн 
ішінде тиісті мақсаттарға пайдаланылуы немесе БҚШ-ға қайтарылуы тиіс. 
Қазынашылықтың бюджет заңнамасына сәйкес ашық және бақылау арқылы барлық 
деңгейлерде бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету үшін құрылған, жақсы жұмыс 
істейтін Қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі (ҚИАЖ) бар. Бұл 
жүйе ТМД елдеріндегі ең үздіктердің бірі болып саналады. ҚИАЖ сегіз модульді 
қамтиды: бас (бухгалтерлік) кітап, бюджетке түсетін түсімдерді басқару, 
міндеттемелерді басқару және бақылау, төлемдерді басқару және қолма-қол ақшаны 
басқару, активтерді есепке алу, сондай-ақ шетел валютасымен жасалатын 
операцияларды есепке алу және мемлекеттік мекемелердің жалпы есептілігі. ҚИАЖ 
мемлекеттік сатып алудың ақпараттық жүйесімен біріктірілген. Осылайша, келісім-
шарт талаптарын орындағаннан кейін, сатып алу туралы ақпарат сәйкес төлемдерді 
жүзеге асыру үшін ҚИАЖ-не беріледі. 
Мемлекеттік ұйымдардың (өз кірістері есебінен қаржыландырылатын) және 
мемлекеттік кәсіпорындардың қазынашылықта шоттары жоқ және оларға екінші 
деңгейдегі банктер қызмет көрсетеді. Зейнетақы қорымен операциялар Қазынашылық 
жүйесінен тыс қалады. Жүйеде министрліктер мен ведомстволардың санкцияланбаған 
банктік шоттары жоқ. ҚРҰҚ шоттарын Ұлттық Банк Үкіметпен сенімгерлік басқару 
туралы келісімге сәйкес басқарады. Олар БҚШ -қа қосылмаған. Ұлттық қордың 
шоттарындағы қалдықтар БҚШ-дағы ақша қаражатының қалдықтарымен қосыла 
алмайды. Бағалау-A. 
D-21. 2 АҚША ҚАРАЖАТЫНЫҢ БОЛЖАМЫ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГІ 
Бюджет кодексі мен "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу 
қағидасы" ақша ағындарын басқаруды реттейді. Бюджетті бекіткеннен кейін, 
бағдарламалардың әкімшілері Қазынашылық комитетіне ай сайын бөле отырып, 
бағдарламалық және экономикалық сыныпнамалар бойынша олардың жалпы бекітілген 
шығыстарының жылдық қаржылық (кассалық) болжамдарын беруге тиіс. Одан кейін, 
Қазынашылық жөніндегі комитет әрбір мемлекеттік орган үшін ай сайын қаржы 
бөлінетін жиынтық жылдық қаржылық жоспарды (ақшалай қаражат қозғалысының 
кассалық болжамын) дайындайды. ҚРҰҚ шыққан трансферттер табыс түсуінің 
маусымдық сипатын өтейді. Осыдан кейін, бағдарламалардың әкімшілері
Қазынашылық комитетіне жыл ішінде нақты шығындарды неғұрлым ерте немесе кеш 
мерзімге жылжытуға өтініш білдіру мүмкіндігі бар бола тұра, ай сайынғы қаржы бөлу 
шеңберінде жұмыс істеуі тиіс. Қазынашылық комитеті барлық төлемдер мен 
міндеттемелерді орталықтандырылған электрондық жүйеде тіркейді. Кассалық ақша 
қаражатының болжамы нақты кірістер мен шығыстар ескеріле отырып ай сайын 
жаңартылады. Осы механизмдердің негізгі элементтері 2009 жылдан бастап өзгерген 
жоқ. Бағдарлама әкімшілерінде өз шығындарын тиімді және үнемді басқару үшін 
қолма-қол ақшаның қол жетімділігіне толық сенімділік бар. Бағалау-A. 
D-21.3 МІНДЕТТЕМЕЛЕР БОЙЫНША ЕҢ ЖОҒАРЫ ЛИМИТТЕР ТУРАЛЫ 
АҚПАРАТ 
Бағдарлама әкімшілерінде қаражат Қазынашылық комитеті бекіткен жылдық қаржылық 
болжамға сәйкес берілетін болады деген сенім бар. Олар сондай-ақ міндеттемелер 
уақтылы орындалатынына толық сенімді. Бұл сенімділік - елеулі өзгерістердің 


63 
нәтижесі: 2009 жылы Қазынашылық комитеті кассалық шығыстардың шекті 
лимиттеріне тек ай сайынғы негізде рұқсат берді. Бағалау-A. 
D-21.4 ЖЫЛ ІШІНДЕГІ БЮДЖЕТТІ ТҮЗЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
Қаражатты бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлу үшін немесе түсімдер мен 
шығыстардың жалпы ұлғаюына байланысты бюджетке түзетулер ("нақтылаулар") 
енгізу қажет, олар бастапқы бюджет сияқты, рәсімдер бойынша Республикалық бюджет 
комиссиясы, Үкімет пен Парламент тарапынан мақұлдауы тиіс. 2017 жылға дейін 
Бюджет кодекс жыл сайынғы бюджет туралы заңға жылына екі рет түзетулер енгізуге 
рұқсат берді. Бюджет кодексіне ең соңғы өзгерістер (2017 жылғы қараша) бюджет 
түзетулерінің (нақтылаулардың) санын жылына бір ретке шектеді, алайда кейбір 
жағдайларда ерекшеліктер болуы мүмкін. Түзетулерге сәйкес стратегиялық жоспарлар 
мен бюджеттік бағдарламалар қайта қаралуға және жаңартылуға тиіс. Бұл рәсімдер 
болжамды және айқын. Бюджет кодексіне кейінгі өзгерістер Үкіметке бюджеттік 
бағдарламалар бойынша шығыстарды белгілі бір шекте түзетуге құқық берді. 
2017 жылы ақпан және қараша айларында екі елеулі түзету болды, бұл кірістің 23% - ға 
өсуіне және шығыстардың 30% - ға өсуіне әкелді. Бағалау-A. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет