Қазақстан Мемлекеттік шығындарды және қаржы есептілігін (МШҚЕ) бағалау 2018



Pdf көрінісі
бет67/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,85 Mb.
#120962
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   137
Байланысты:
KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ (1)

Көрсеткіш/Парамет
р
2018 ж. 
бағала
уы 
2018 ж. бағалаудың 
негіздемесі
2009 
жылмен 
салыстырғанда 
өзгеріс және басқа 
факторлар
PI-21: Жыл ішінде 
ресурстарды бөлудің 
болжамдылығы (M1) 
A
21.1 Кассалық 
қалдықтарды 
шоғырландыру 

Барлық ақша қалдықтары 
Қазынашылықтың 
бірыңғай шотында күн 
сайын шоғырландырылады 
Өзгерістер жоқ 
21.2 Ақша 
қаражатын болжау 
және 
мониторингілеу 

Ақша ағындарының 
кассалық жоспары жылдың 
басында дайындалады, 
содан кейін ай сайын 
жаңартылады 
Өзгерістер жоқ 
21.3 Міндеттемелер 
бойынша ең жоғары 
лимиттер туралы 
ақпарат 

Бюджеттік бөлімшелер 
қолма-қол қаражатқа / 
міндеттемелерге шектеусіз 
тиісті қаржы жылына 
арналған шығыстарды 
жоспарлайды және 
міндеттемелер қабылдайды 
Ақша қаражатын 
басқару бір жылға 
арналған лимиттен өтті 


64 
21.4 Жыл ішіндегі 
бюджетті түзетудің 
маңыздылығы 

Парламенттің мақұлдауын 
талап ететін бюджеттің 
елеулі түзетулері 
("нақтылаулар") бір жыл 
ішінде екі ретке шектелді. 
Бюджет кодексіндегі 
өзгерістерден кейін 
Үкімет бюджетке 
түзетулерді жүзеге 
асыруда барынша 
икемдірек, олар әлі де 
нақты ережелермен 
шектелген 
2.6.4
PI-22
ШЫҒЫСТАР БОЙЫНША БЕРЕШЕК 
Бұл көрсеткіш берешек деңгейін және бұл жүйелік мәселенің қалай шешілетінін және 
бақыланатынын анықтайды. Ол екі параметрден тұрады және жиынтық бағалау үшін 
M1 әдісін пайдаланады. Қамту: бюджеттік орталық үкімет. Кезең: 22.1 параметрі -
соңғы аяқталған үш қаржы жылы. 22.2 параметрі -бағалау кезіне. 
PEFA әдіснамасы бойынша Үкімет қызметкерлер, жеткізушілер, мердігерлер және 
кредиторлар алдындағы мерзімі өткен шығыстар бойынша міндеттемелерді көтере 
алады, демек, төлемдер бойынша берешек болып табылады. Мұндай жағдай 
мемлекеттік операцияларды іс жүзінде ашық қаржыландыру талабына жауап бермейтін 
нысаны болып табылады. Бұл көрсеткіш бағалау үшін екі параметрге ие және басты 
мәселе-үкіметтік жүйелер шығыстар бойынша мерзімі өткен берешекті қадағалауды 
қамтамасыз ете ме? Бұл көрсеткіштегі бірінші параметр төлемдер бойынша берешектің 
шамасына жатады, ал екіншісі мерзімі өткен берешектің шамасын мониторингілеу 
үшін деректердің қол жетімділігіне қатысты. Сондықтан, осы берешектерді 
мониторингілеу жүйесі болмаған кезде, қандай да бір арнайы тексерусіз немесе 
міндеттемелер бойынша ақпарат (кредиторлық берешек) сияқты тиісті ақпаратсыз 
берешекке сенімді немесе дұрыс баға беру мүмкін емес екендігі орынды. 
D-22.1 БЮДЖЕТ ШЫҒЫСТАРЫ БОЙЫНША БЕРЕШЕК СОМАСЫ 
Тауарларды/қызметтерді жеткізушілермен жасалған нақты келісім-шарттарда тиісті 
нормалар болуы мүмкін болса да, мерзімі өткен берешектің немесе төленбеген 
төлемнің қашан мерзімі өткенге айналатынын анықтайтын қандай да бір нормативтік 
актінің нақты айқын анықтамасы жоқ. Бюджет кодексі барлық келісім-шарттардың 
жасалған кезде Қазынашылық комитетінде тіркелуін талап етеді және, егер олар 
тіркелмеген жағдайда төлем жүргізуге тыйым салады. Бұл тәжірибе тіркелмеген 
келісім-шарттардың және олармен байланысты міндеттемелердің болмауын 
қамтамасыз етуі тиіс. Қазынашылық комитеті бұл қатаң сақталады деп санайды.
Жалақы немесе зейнетақылар бойынша берешек болмаған және ҚҚС өтеу бойынша 
төлем жасауда кідіріс болғанына дәлел жоқ. Сондай-ақ, әлеуметтік сақтандыру қорлары 
немесе басқа да мемлекеттік органдардың төлемдер бойынша берешектері болғанына 
дәлел болған жоқ. 


65 
ҚР ҚМ қаржылық жылдың соңына дейін төленбеген барлық кредиторлық берешек бұл
мерзімі өткен берешек болып табылады деп санайды. Қаржы министрлігі "Мерзімі 
өткен кредиторлық берешектің жалпы сомасын" "Әлі мерзімі өтпеген төлем күндері 
бар кредиторлық берешектің сомасын шегере отырып, кредиторлық берешектің жалпы 
сомасы" ретінде белгілейді. ҚР ҚМ Есептілік және статистика департаменті PEFA 
командасының кредиторлық берешектің жалпы сомасына қатысты сұрауына жауап 
ретінде ақпаратты ұсынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет