Қазақстан Мемлекеттік шығындарды және қаржы есептілігін (МШҚЕ) бағалау 2018


O - кестесі: Жыл соңына төленбеген және мерзімі өткен шығыстар (млрд. теңге)



Pdf көрінісі
бет68/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,85 Mb.
#120962
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   137
Байланысты:
KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ (1)

O - кестесі: Жыл соңына төленбеген және мерзімі өткен шығыстар (млрд. теңге) 
 
Жиынтық 
шығыстар РБ 
(1) 
Жыл соңына 
төленбеген 
шығыстар сомасы 
(2) 
1/2 
Жыл соңына мерзімі 
өткен шығыстар 
сомасы (3) 
3/1 
2015 
6 790 
24,4 0,36% 
12,4 0,18% 
2016 
7 900 
49,8 0,63% 
8,0 0,10% 
2017 
11 156 
19,0 0,17% 
8,0 0,07% 
Қайнар көзі: ҚР ҚМ 
2015, 2016 және 2017 жж. соңында берешек үлесі жалпы шығыстардың сәйкесінше 
0,36%, 0,63% және 0,17% құрады. Мерзімі өткен берешек кредиторлық берешектің 
жалпы сомасының 51%, 16% және 42% - ын немесе осы жылғы РБ жалпы 
шығыстарының 0,18%, 0,10% және 0,07% - ын құрайды. Ақша қаражатындағы 
жетіспеушілік болмағандықтан, төлемдердің кешіктірілуі растаушы құжаттарда және 
транзакциялардың аздаған санын негіздеуде проблемаларды көрсетуі тиіс. 
Алынған шот-фактуралар әрбір жылдың соңында өңделмеген (және осылайша жыл 
соңындағы кредиторлық берешектің жалпы сомасына енгізілмейтін) болып қалатын 
дәрежені бағалау мүмкін емес. Қазынашылық комитеті барлық шот-фактуралар 
алынған сәттен бастап үш күн ішінде қазынашылықтың төлем жүйесінде тіркелуі тиіс 
және бұл мәселе бойынша тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерден шағым беру 
жағдайлары болған жоқ екенін хабарлады. Бағалау-A. 
D-22.2 ШЫҒЫСТАР БОЙЫНША БЕРЕШЕК МОНИТОРИНГІ 
"Мемлекеттік мекемелердің бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларының" 
кредиторлық берешек бойынша есептілікке қатысты бөліміне (Қаржы министрлігінің 
2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығы) сәйкес, тоқсан сайынғы есептер 
желтоқсан, наурыз, маусым және қыркүйекте аяқталатын кезеңдерге қатысты 20 
ақпанға, 25 сәуірге, 25 тамызға және 25 қазанға Қазынашылық комитетіне ұсынылуы 
тиіс. A бағасы әр кезең аяқталғаннан кейін төрт апта ішінде есептерді талап етеді: бір 
жыл және жарты жыл үшін есептер жеті апталық мерзім ішінде жүргізілетіндіктен, 
онда параметрге B бағасы қойылады. 


66 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет