67
қимыл агенттігі (МҚІСҚА) жүзеге асырады. Бұл агенттік тікелей Республика
Президентіне бағынады және Мемлекеттік қызмет саласындағы саясатты айқындау
және басқару жөніндегі уәкілетті орган болып табылады. Оның заңды міндеттері
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қойылатын стандартты біліктілік талаптарын
әзірлеу мен бекітуді және Мемлекеттік қызмет лауазымдарының тізілімін Президенттің
бекітуіне ұсынуды қамтиды. Агенттік Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің жай-күйі
туралы жылдық есепті жариялайды. Мемлекеттік қызметтегі
қызметкерлердің жалпы
саны Үкіметтің қаулысымен бекітіледі және ондағы өзгерістер Президенттің бекітуін
талап етеді. Жалақы ставкаларын белгілеу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
(ӘМ) және ҚР ҚМ қатысуы арқылы орындалатын Агенттіктің және ҚР ҰЭМ міндеті
болып табылады. Министрліктерде жекелеген тұлғаларға сыйақы тағайындауда үлкен
таңдау еркіндігі бар, өйткені төлеуге арналған бюджеттік қаржының 25 пайызы
тұрақты төлемдерге емес, бонустарға (сыйақыға) бөлінеді. Қазіргі уақытта МҚІСҚА,
ҚР ӘМ, Астана қаласында және тағы бір облыста неғұрлым сапалы жұмыс үшін
ынталандыру мен сыйақы тағайындауға арналған еңбекақы төлеудің пилоттық жүйесі
іске асырылуда.
Жекелеген мемлекеттік мекемелер өздерінің төлем ведомостарын
және персоналдың
жеке істерін басқару жүйелерін әзірлеуге, пайдалануға және қолдауға жауапты. ҚР ҚМ-
дегі жағдайға жасалған шолу кадр жазбалары мен төлем ведомостары арасындағы
толық интеграцияланған және автоматты байланысты көрсетті. Қолданыстағы жүйені
PEFA командасына іс-жүзілік көрсету оның жоғары нәтижелілігі мен тиімділігін
көрсетті. ҚР ҚМ сәйкес, басқа министрліктерде осындай алдыңғы қатарлы ақпараттық
жүйелер жоқ, бірақ олар сондай-ақ ай сайынғы салыстыруды көздейтін осы мақсаттар
үшін сенімді ақпараттық бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланады. Әрбір
министрліктегі ішкі бақылау бөлімшелері, ҚР ҚМ жанындағы Ішкі мемлекеттік аудит
комитеті (ІМАК) және Есеп комитеті еңбекақы төлеу қорын бақылауға елеулі көңіл
бөледі. ІМАК және ЕК мемлекеттік органдарда еңбекақы төлеу қорымен байланысты
операциялар бойынша елеулі қателіктердің дәлелдері болмағанын растады. Бағалау-A.
23.2 ЕҢБЕКАҚЫ
ӨЗГЕРІСТЕРІН БАСҚАРУ
Жаңа лауазым құру Президент әкімшілігінің шешімі/келісімі негізінде ғана іске
асырылуы мүмкін. Бюджеттік органның жауапты хатшысы ұйымдық құрылымды екі
шектеулі жағдайда өзгертуге құқылы (функциялар өзгерген кезде немесе өзгерістер
жаңа заңдармен талап етілсе). ҚР ҚМ -де Кадр департаментінің директоры кадрлық
құжаттардағы тиісті өзгерістерді бекіткеннен кейін,
төлем ведомосіндегі барлық
өзгерістер Бас бухгалтердің мақұлдауын талап етеді. Автоматтандырылған жүйе кез
келген жасалған өзгерістерді көрсететін айқын "ізді" қамтамасыз етеді. Өзгерістер
жедел жүзеге асырылады (айына кемінде бір рет), ал ретроспективті түзетулер
жалақының жалпы төлемдерінің 3 пайызынан әлдеқайда аз болады. ЕК және ІМАК
мәліметтері көрсеткендей, басқа мемлекеттік органдар бойынша ҚР ҚМ сияқты
жалақыны есептеу және еңбекақы төлеу қорының өзгеруі бойынша осындай тәжірибе
бар. Бағалау-A.
23.3 ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ІШКІ БАҚЫЛАУЫ
Еңбекақы төлеу қорына қатысты ішкі бақылау рәсімдері өте сенімді, бұл ретте ІМАК,
сондай-ақ әрбір мемлекеттік мекемедегі ішкі аудит бөлімшесі басты рөл атқарады. Бұл
ұжымдық кездесу кезінде бірнеше министрліктердің
қаржы бөлімшелерінің
мүшелерімен расталды. Банк деректерін тексеруді қоса алғанда, "төлемнен кейін"
68
рәсімдері қолданылады. Деректердің тұтастығы мен өзектілігін қамтамасыз ету үшін
нақты құжатталған бақылау жүргізіледі. Бағалау-A.
23.4 ЕҢБЕКАҚЫ АУДИТІ
Соңғы үш жыл ішінде еңбекақыға қатысты әр түрлі тексерулерді аудиттің, ІМАК және
ЕК ішкі бөлімшелері жүзеге асырды, бірақ олар тек еңбекақы бойынша тақырыптық
тексерулер шеңберінде жүргізілмеген. ЕК қызметкерлерге төленетін сыйақылардың
заңдылығын қарады, сондай-ақ бюджеттік әкімшілерді тексеру шеңберінде жалақыны
есептеу мәселелерін тұрақты қарады, бірақ бұл тексерулер жалақыны есептеуге арнайы
бағытталмаған.
Осылайша, аудиторлық функциялары бар барлық ведомстволар
жалақының кейбір аудиторлық тексерулерін жүйелі түрде жүргізеді, олар
салыстырмалы түрде төмен тәуекелмен сипатталады. Бағалау-C.
Достарыңызбен бөлісу: