73
тәуекелдерді басқару жүйесінің мемлекеттік аудит үшін ұсынған объектілер бойынша
ішкі аудит бөлімдеріне ақпарат жібереді.
D-25.1. МІНДЕТТЕРДІ БӨЛУ
Орталық атқарушы билік органдарындағы бақылау ортасы транзакцияның әр түрлі
кезеңдерінде міндеттерді бөлуге үлкен көңіл бөледі: бастамашылық, бекіту,
авторландыру және орындау. Басқарудың бұл құралдары заңнамамен және нормативтік
актілермен ұйғарылады және нақты аудиторлық ізді қамтамасыз ете отырып,
автоматтандырылған қаржы жүйелеріне кіріктірілген. Қазынашылық жүйесінің
тұтастығы нақты мақсаттарға уәкілетті белгілі бір тұлғалардың
шектеулі тобына қол
жеткізуді ұсыну жолымен қорғалған; жүйе оған кім кіргенін және қандай мақсатта
енгенін тіркейді. Тәуекелдерді басқару жүйелері міндеттерді бөлуге ерекше назар
аударады. Бағалау-A.
D-25.2
ШЫҒЫСТАР
БОЙЫНША
МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ
САҚТАЛУЫН
БАҚЫЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
барлық төлемдер e-MINFIN
қазынашылық жүйесі арқылы өңделеді. Төлем орындалуы үшін ол бюджеттік қаржы
бөлумен және ақшалай қаражаттың болуымен қамтамасыз етілуі тиіс. Міндеттемелер
тапсырысты
орналастырғанға
дейін
қаражаттың
болуын
талап
ететін
автоматтандырылған жүйе модулінің көмегімен бақыланады. Бағалау-A.
D-25.3
ТӨЛЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН РӘСІМДЕРІН САҚТАУ
Міндеттемелер мен төлемдердің барлық аспектілерін реттейтін ережелер мен рәсімдер
егжей-тегжейлі баяндалған және тығыз иерархиялық қадағалауға жатады,
сондай-ақ
АТ-жүйелеріне біріктірілген. Рәсімдер жүйеге енгізілген және ерекше мән-жайлардан
басқа жағдайларда бұзыла алмайды. Бағалау-A.
Достарыңызбен бөлісу: