77
2.7
VI БӨЛІМ: ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІК
Бұл бөлім үш көрсеткішті қамтиды - PI-27-ден PI-29-ға дейінгі.
PI-27 ҚАРЖЫЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІҢ ТҰТАСТЫҒЫ МЕН ТОЛЫҚТЫҒЫ
Бұл, ішінара,
жаңа көрсеткіш банк шоттарын, транзиттік және аванстық шоттарды
салыстырудың тұрақтылығын және ағымдағы процестер қаржылық деректердің
тұтастығын қалай қолдайтынын бағалауға мүмкіндік береді. Ол төрт параметрлерден
тұрады, ол бойынша бағалау M2 бағалау әдісін пайдалана отырып орташаланады.
Қамту: орталық үкімет. Кезең: алғашқы үш параметр
алдыңғы қаржы жылын қоса
алғанда, бағалау сәтіне бағаланады, ал төртіншісі бағалау жүргізу сәтіне бағаланады.
D-27.1 БАНК ШОТЫН САЛЫСТЫРУ
Бұл параметр банктік шоттарды салыстырудың тұрақтылығын бағалайды. Бюджет
кодексінің ережелеріне сәйкес республикалық (және мемлекеттік) бюджет
субъектілерінің шоттарын тек Ұлттық банкте ұстауға құқығы бар. Осы ұйымдардың
барлық шоттары бірыңғай қазынашылық шоттың (БҚШ) бөлігі болып табылады. Бұл
шоттар үшін банкпен салыстыру күнделікті рәсім болып табылады. PEFA сыншарттары
орталық үкіметтің бақылауындағы ұйымдардың барлық банктік шоттары үшін
салыстырып тексеру рәсімдері туралы салыстырмалы ақпаратты бағалайды.
Министрліктерге тиесілі және мемлекеттік функцияларды
орындайтын әлеуметтік
сақтандыру қорларының және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың банктік
шоттары екінші деңгейдегі банктерде (коммерциялық банктерде) болады, сондықтан
БҚШ-ға енгізілмеген. Барлық басқа банктік шоттар үшін салыстыру рәсімдері туралы
басқа ақпарат жоқ болғандықтан, бағалау-D.
D-27.2 ТРАНЗИТТІК ШОТТАР
Бұл параметрде транзиттік шоттарды салыстыру және клиринг (нөлдеу) бағаланады.
Бюджеттік сыныпнаманы есепке алу кодексіне сәйкес ақша сомалары үш күн ішінде
"күту" транзиттік шоттарында қалуы мүмкін, ал қалдық
қаржы жылының соңында
нөлге тең болуы тиіс. "Күту" транзиттік шотындағы теңгерімнің ұлғаюына әкелетін кез
келген жағдайды Мемлекеттік кіріс комитеті мен Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
хабарлайды және анықтайды, ал қалдықтар белгіленген кезеңде төлденеді. Бағалау-A.
D-27.3 АВАНСТЫҚ ШОТТАР
Бұл параметр салыстыру және аванстарды есептен шығаруды бағалайды. Аванстық
шоттар уақтылы және тиімді салыстырылады және есептен шығарылады. ҚР ҚМ Ішкі
Әкімшілендіру департаментінің Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасы ұсынған
ақпарат жыл соңындағы аванстық шоттар бойынша өтелмеген келесі қалдықтарды
көрсетті:
Қызметкерлердің дебиторлық берешегі-126 млн. теңге
Қысқа мерзімді аванстар-2 836 млн. теңге
Барлығы-2 962 млн. теңге
78
Осы аванстық шоттардағы жалпы сома РБ шығыстарының 0.001 пайызынан аз болады.
Қазынашылық комитеті бюджетті атқару жөніндегі ережеге
сәйкес келісім-шарттар
бойынша аванстар айлық негізде қадағаланатынын және салыстырылатынын, ал
қызметкерлерге аванстар еңбек арқылы реттелетінін және ұсталатынын мәлімдейді.
Бағалау-А.
D-27.4 ҚАРЖЫЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІҢ ТҰТАСТЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ПРОЦЕСІ
Бұл жаңа параметр дәлдігі мен толықтығы тұрғысынан анықталатын деректердің
бүтіндігін бағалайды. Жоғары стандарттар қаржылық есептілікті өзгерту үшін
деректерге және өкілеттіктерге қол жеткізу тұрғысынан қолданылады. E-MINFIN
жүйесі жүйеге жүгінудің барлық жағдайларын, сондай-ақ оны қандай тұлға жасағанын
тіркейді. Жеке есеп беруді қамтамасыз ететін және кез келген жүйеге кіру әрекеттерін
анықтайтын деректердің тұтастығын қолдау үшін нақты аудиторлық із бар.
БҚШ басқаратын және барлық жүйе шеңберінде банктік
рәсімдер мен тәжірибені
қадағалауды жүзеге асыратын ҚРҰБ үш кезеңдік бағалау өткізді, олардың әрқайсысы
қанағаттанарлық сапаны көрсетті. Бағалау-А.
Достарыңызбен бөлісу: