81
есептерде есептеу әдісі негізінде, ал кірістер 2018 жылға дейін кассалық әдіс негізінде
есепке алынды. 2017 жылы РБ үшін шоғырландырылған қаржылық есептілік
дайындалды, бірақ әлі жарияланбаған немесе СК ұсынылмаған. Үкімет 2018 жылғы
республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі шоғырландырылған қаржылық
есептілікті жариялауға ниетті, ол Есеп комитеті жүзеге асыратын бюджеттің атқарылуы
жөніндегі жылдық аудит үшін негіз болады. ЕК есебінде жыл сайын осы күнге дейін
негізгі назар Үкіметтің бюджеттің атқарылуы туралы есебіне аударылды, ол
тек
кірістер мен шығыстарды қамтиды, сондықтан 2017 жылғы бюджеттің атқарылуы
туралы есеп осы параметрді бағалау үшін негіз болып табылады.
ҚР ҚМ 2019 жылы бюджеттің атқарылуы туралы есепті есептеу әдісі бойынша (2018
жылға арналған бюджетке қатысты) және 2020 жылы мемлекеттік сектордың
шоғырландырылған қаржылық есептілігін (ГП және ГРП қоса алғанда) (2019 жылға
арналған бюджетке қатысты) толығымен дайындауды жоспарлап отыр. Қаржылық емес
активтерді бағалауға дайындық бойынша кейбір жұмыстар атқарылды,
бірақ бұл
жұмыс айтарлықтай уақыт алады. Бағалау-C.
D-29.2 СЫРТҚЫ АУДИТ ҮШІН ЕСЕПТЕРДІ ҰСЫНУ
Бұл параметрде соңғы ұсынылған есеп негізінде сыртқы аудит үшін салыстырылған
жылдық қаржылық есептерді уақтылы ұсыну бағаланады. Ең дұрысы, PEFA әдіснамасы
тұрғысынан, бұл есепті кезең аяқталғаннан кейін үш ай ішінде болуы тиіс.
2017 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін бюджеттің атқарылуы туралы соңғы
жылдық қаржылық есептілік Есеп комитетіне 2018 жылғы наурыз айының соңына
дейін ұсынылды. Бағалау-А.
D-29.3
ЕСЕПКЕ АЛУ СТАНДАРТТАРЫ
Бұл параметрде жылдық қаржылық есептіліктің есепті пайдаланушыларға түсінікті
болу дәрежесі бағаланады. Ол соңғы үш қаржы жылын-2015-2017 жж. қарастырады.
Үкімет мемлекеттік сектордағы (IPSAS) есеп пен есептіліктің халықаралық
стандарттарын қабылдау және қолдану жөнінде жақсы жұмыс жүргізді. Қаржылық
есептілікті жақсарту ҚР ҚМ-нің басымдылығы болды және болып қала береді.
Жоғарыда көрсетілгендей, 2013 жылдан бастап әрбір министрлік қалыптастыратын
қаржылық есептілікте шығыстар - есептеу әдісінің негізінде, ал кірістер кассалық әдіс
негізінде 2017 жылдың ортасына дейін есепке алынды. 2017 жылдың ортасынан кейін,
кірістер де есептеу әдісі негізінде есепке алынды. Бұл тәжірибе 2017 жылдың ортасына
дейін қолданылды, сондай-ақ қаржылық есептерге түсіндірме жазбаларды қоса алғанда,
барынша міндетті ақпарат берілді. Ал ол аралықты осы уақытқа дейін Үкіметтің ЕК
(PI-30) және Парламент (PI-31) қараған бюджеттің атқарылуы туралы
есептері жылдан
жылға дәйекті бола тұра, бірақ IPSAS талаптарын сақтау үшін қажетті кірістер мен
шығыстар бөліктерінен басқа материалдардың едәуір бөлігін қамтымады. Егер
қаржылық есептілікті министрліктер деңгейінде қарайтын болсақ, онда А бағасы
қойылуы мүмкін. Бірақ сыншарт ЕК аудиті үшін ұсынылатын бюджеттің атқарылуы
бойынша жылдық есептерге негізделгендіктен, бағасы қойылады. Үкімет 2018 жылға
арналған республикалық бюджет үшін республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша
есепті 2019 жылғы есептеу әдісінің негізінде және Үкіметтің 2020
жылға арналған
шоғырландырылған қаржылық есептілігін (2019 жылға) дайындаған кезде бағалау
автоматты түрде "А" - ға дейін жақсарады.