58
бұзылған оқушылармен – тифлопедагог, сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары
бар оқушылармен – логопед, психикалық дамуы тежелген және ақыл-ой
кемістігі бар оқушылармен – олигофренопедагог, тірек-қозғалыс аппараты
бұзылған оқушылармен ЕДШ нұсқаушысы жүргізуі тиіс. Барлық санаттағы
оқушылар логопед пен арнайы психологтың көмегін қажет етеді.
Жалпы білім беретін мектептегі ерекше білім беруге қажеттілігі бар
балаларға арналған арнайы сыныптарда сол сыныптың бағыты бойынша
жоғары дефектологиялық білімі бар педагогтар және де курстық даярлықтан
өткен тәжірибелі мұғалімдер жұмыс істеуі керек. Білім беру ұйымдарының
басшылары мен педагогикалық қызметкерлерін аттестаттауды жүргізуде
педагогтардың арнайы білімі ерекше есепке алынуы қажет. Арнайы сыныптар
мен ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар қосылған жалпы сыныптың
педагогтары өздерінің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіруге міндетті.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мұғалімнен өзінің
кәсіби біліктілігі мен шеберлігін арттыра отырып, бір-бірімен байланысты
салалардың білімін тез меңгеруді талап етеді. Себебі, ерекше білім беруге
қажеттіліктерді қанағаттандыру мамандардың пәнаралық өзара әрекеттестігін
қарастырады. Педагогикалық міндеттерді айқын түсіну мұғалімге
балалардағы қиындықтарды ғана емес, сондай-ақ өзінің кәсіби ісіндегі
қиындықтарды нақты анықтауға мүмкіндік береді.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытатын педагог
бастамашыл, қайратты, ізгі ниетті және әдепті болуы керек. Оған қазіргі
замандағы адамның, оның ішінде өмірлік әрекеті шектелген адамның рөлін
гуманистік бағалау тән.
Педагогтің практикалық әрекеті денсаулық жағдайына кері әсер ететін
кәсіби зияндылығы бар мамандықтар қатарына жатады. Осыған байланысты,
денсаулығында ауытқуы бар адамдар үшін берілген еңбек түрінің кері
көрсеткіштері бар. Арнайы педагогтың еңбегі көру, есту, жүйке, жүрек-қан
тамыр және иммундық жүйелердің денсаулық жағдайына жоғары талаптар
қояды.
Достарыңызбен бөлісу: