52
тәжірибесінде жинақталған тәжірибені жоғары оқу орнының ерекше
жағдайында терең ұғынуға және аударуға мүмкіндік бермейді.
4. Теория дамуының жеткіліксіз деңгейі жоғары мектеп педагогикасының
өте әлсіз болжамдық қабілетке ие болуына алып келді, яғни өзінің өзекті
мәселелерін әлі шеше алмайды.
Осыған байланысты студенттердің шығармашылық ойлауының көптеген
сипаттамалары схемалық түрде берілген. Мұндай жағдайда оқыту процесінде
зияткерлікті дамытуға арналған мақсатты талаптар жалпы тәртіпте іске
асырылады.
Біздің ойымызша, студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту
проблемасын одан әрі іргелі шешу аталған барлық жағымсыз құбылыстарды
жоспарлы және табанды еңсеруге байланысты.
Теориялық әдебиетте және жоғары мектептің практикасында оқу іс-әрекеті
негізінде кәсіби-шығармашылық ойлауды дамытуға бола ма? деген сұрақ жиі
қойылады. Біздің ойымызша, егер мұндай мәселе туындаса, онда оның
бастауындағы ЖОО өздеріне жүктелген міндеттерді –
Достарыңызбен бөлісу: