83
нығайтудың тұрақты көзі, ал қорытынды кезең – бағдарламалық материалды
меңгеру сапасының қатаң «емтихан алушы» кезеңі болады.
Зерттеушілер атап өткендей [241; 247; 256; 268 және т.б.], білім
алушылардың танымдық іс-әрекетін басқару екі негізгі арна бойынша жүзеге
асырылады. Олардың біріншісі –
оқу іс-әрекетіне белсенді, саналы қарым-
қатынасты
, тұрақты танымдық қажеттілікті қалыптастыру. Оқу материалы
жүйесі мен аналитикалық-синтетикалық операциялар жүйесінің күрделенуі
білім алушылардың
танымдық іс-әрекетін басқарудың
екінші маңызды
бағытын білдіреді. Ол: а) алдыңғы өмірлік тәжірибеге сүйенуді; б) білім
алушылардың әлеуетті мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу материалын
біртіндеп күрделендіруді және білімді жүйелендіруді жүзеге асыруды; в)
талдаудың, синтездің, абстрагирлеудің және қорытудың әртүрлі тәсілдерін
саналы меңгеруді және қолдануды; г) құбылыстардың елеулі белгілерін
анықтау және елеусіз абстрагирлеу мақсатында тапсырма жағдайларымен
тұрақты түрде түрленуді; д) іс-әрекеттің стандартты тәсілін талап ететін
тапсырмалардан, білім берудің көптеген белгілерін ескеруді талап ететін
тапсырмаларға біртіндеп өтуді; е) білім алушылардың алдына оқу-танымдық
міндеттер қою, пайда болатын диалектикалық қайшылықтарды шешуді талап
ететін проблемалық жағдай жасауды болжайды. Қарама-қайшы проблемалық
жағдайларды
шешу
арқылы
шығармашылық
ойлауды
дамытудың
психологиялық механизмін анықтау және негіздеу отандық педагогикада
өзіндік ғылыми бағыт –
Достарыңызбен бөлісу: