Бұл эссені сатып алғаннан кейін, оны Әлеуметтік желіде тарату заңмен қудаланады


  Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңіндегі ақынның сұлулыққа деген



Pdf көрінісі
бет33/50
Дата08.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#124836
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50
Байланысты:
Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50

33. 
Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңіндегі ақынның сұлулыққа деген 
көзқарасын талдап жазыңыз.

Қазақ әдебиетінде өзіндің ақындық шеберлігімен әрі дарынды тұлғасымен із өалдырған 


ақындардың бірі деп Сәкен Сейфуллинді айтуға болады. жастайынан қолына қалам алып
талай туындыны жарыққа шығарған талантты ақынның жан дүниесі сұлулық пен әсемдікке 
ұмтылып тұратынын көруге болады. оның дәлелі «Ақсақ киік» өлеңі десекте болады.
«Ақсақ киік» ертеден ауыздан ауызға таралып келе жатқан байғыр киіктің аянышты 
жолмен қаза болғаны жайындағы аңыз. Сәкеннің ерекше талғаммен көрнекті, көркем 
бейнелеген өлеңі. Сонда бұл өлеңі бойынша ақынның сұлулыққа деген көзқарасы қандай? 
Оны қалай аңғара аламыз? 
Ақынның әсем жеткізе білген өлең жолдары осы шумақтан басталады: 
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім 
Өзге аңға жандарды тең көрмедім. 
Көздері мөлдіреген ақ бөкенді 
Адамның баласынан кем көрмедім 
деп Сәкен Сейфуллинді бөкенді әлемдегі теңдессіз аса сұлу сөздермен суреттейді. Ақын 
киіктің сұлулығын өзге жануарлардан артық санайтынын байқаймыз. Киіктің мөлдір 
көздерін адам баласының көздеріне теңеу арқылы оның теңдессіз сұлу екеніне көзімізді 
жеткізгендей.
Менің ойымша, ақын осындай бейнелеу арқылы киіктің әдемілігі мен көркемдігін арқау 
етіп, өзінің де көзқарасын білдіріп кеткен. Негізінен Сәкен сұлулыққа тамсанғанын 
жасырмай, киіктің мөлдір көзін «ботакөз» деп атайды.
«Ақбөкен сахараның ботагөзі» деп теңеп, оның қылықтарын адам баласына теңейді.
Осыдан барып Сәкендей ақынның сырын түсінуге болатындай. Себебі, жануар мен адамның 
сұлулығын теңеп, барлық жан дүниесімен оған қарсы емес екендігін дәлелдей түскендей.
Қорыта келе, есімі әрбір қазақтың көкейінде жүретін ақынның бұл өлеңі арқылы оның 
сұлулық атаулысына оң көзқараспен қарайтынын танып, сонымен қатар жануарларға ерекше 
мейірім мен ықылас төгіп, қамқорлық жасау керек деген ой түйдім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет