134
жас жігіттер Саңғырудың қия бетімен таутекедей ырғып, жоғары
көтеріле бердік. Тау басына шыққан жанның дүние дидарын жаңа
көргендей сұқтанатын əдеті. Сүмбідей сүйірленіп біткен биіктің ба-
сына бір шыққан соң, онша көп табан тоздырғамыз жоқ. Бүгін күн
ашық болған соң, əдейі Саржалдың етегіндегі шалғай қорыққа тұяқ
тигізген (А. Сейдімбек).
2. Үстеулерді тұлғасы жағынан өзіне ұқсас басқа сөз таптарынан
ажыратып, ерекшелігін, сөйлемдегі қызметін анықтаңыздар.
Құнанбай қатты сұрланып алып, түрулі тұрған есіктен алыстағы
көк адырға қадалып отырып, ернін жыбырлатты да, баяу ғана
бата қылды. Əдейі алалап тастапты. Бөжей ұзақ ауырған жоқ.
Тез бермейтінін біліп, балалар да талмай сұраушы еді. Кейбір өзі
білмейтін қиын, жаңа сөздерін ұстап қалады (М. Əуезов). Жыр-
та қарыс езуінің сарғыш табы əлі де қайта қоймапты. Өгіздің еті
тасталған сайдың бергі жағындағы мұрыншақ төбеге тақалғанда,
Мұса тізгін тежеп, баспалай қарады. Құс қарамын алыстан көрсе де,
Мұса ой құсы екенін бірден таныды. Түз тағысының əлгі бір тоят
алған кергуінен кейін Мұса уақыт алған жоқ. Бағана басқа атты
ерттетпей осы шұбарды қалауы да сондықтан еді. Жемтік ортасын-
да отырған дала тағысы бойына біткен сақтықпен іле қимылдады.
Кенет қорық тебінінен шығып, бұта басын шалып жүрген бірлі-
жарым ешкі-лақ, бойдақ қойлар əлденеден секем алғандай жалт
беріп кейін серпілді. Түлкі қашанғы тыпырласын, əрі-беріден соң
көзі жайнап көкке қараған қалпы керіліп тұра қалады. Аттан түсіп
қарасам, жаңадан қазылған жалғыз ауыз ін. Тұйғын болса түлкі ініне
тұмсығын əрі батыра алмай жанталасып жүгіріп жүр. Тұйғынды
зекіп кейін тұрғыздым да, інге құрық салдым. Ал енді осыдан кейін
аңшыны өтірікші деп көрші (А. Сейдімбек).
Достарыңызбен бөлісу: