Оқушының «жайлы» аймағы / «Комфортная» зона учащегося / Student’s
comfort zone -
оқушылар өздерін анағұрлым жайлы сезінетін өмірлік жағдаяттар.
Мысалы, сыныпты алатын болсақ, бұл: оқушылар орындау барысында шамалы
ғана жайсыздық сезінетін тапсырмалар көлемі. Әдетте, оқушының «жайлы» аймағы
зияткерлік немесе физикалық емес,
аффекттік факторлармен
байланысты болып
келеді.
Оқыту / Преподавание / Teaching -
педагог жүзеге асыратын білім алушылардың
оқу-танымдық қызметін басқару үдерісі.
Оқыту
оқу-тәрбие үдерісінің компоненті
болып табылады және қарсы бағытталған
оқу
үдерісінің болуын көздейді. Оқытуға
оқу міндеттеріне
сәйкес келетін білім және білікті меңгеру бойынша әрбір білім
алушының тиімді іс-әрекетін ұйымдастыру кіреді. Сондай-ақ мұғалімнің іс-әрекеті
өз жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыру дегенді білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |