Постер / Постер / Poster -
оқу мақсатында қолданылатын ресімделген плакат.
Праксис / Праксис / Praxis
(грек.
praxis
– әрекет) – толық бақылаумен бірге
жүретін, бас миының зақымдалуы кезінде бұзылуы мүмкін лайықты дәрежеде
үйлестірілген әрекет.
Рефлексия / Рефлексия / Reflection
(лат.
reflexio
– өткенге
жүгіну) - субъектінің назарын өзіне, атап айтқанда, оларды қайта
ойлап, қорыту мақсатында өз белсенділігінің өніміне аударуы.
Философияда
рефлексия
былай деп түсіндіріледі: 1. Сананың
және ойлаудың өзіне жүгіне алу қабілеті. 2. Жаңа білім алу
мақсатында білімді талдау. 3. Сана мен жанның күйін өзіндік
бақылау. Педагогикада
рефлексия
сабақтың бір кезеңі ретінде қарастырылады.
Ол кезде сабақ барысында алынған білім сыни тұрғыдан талданып, меңгерілген
біліммен салыстырылып, өзіндік түсінік пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |